Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Космическая метеорология

Автор:   •  Март 29, 2019  •  Реферат  •  727 Слов (3 Страниц)  •  517 Просмотры

Страница 1 из 3

Космонавтиканың дамуы адамдардың тек ауада ғана емес, ғарыш кеңістігінде ұшу қиялынан бастау алады.  Адамдарды «ғарыш кеңістігінде не бар?» деген сұрақ толғандыра бастады.

Ұшу құралдары туралы алғашқы және реалистік сипаттама Икар және Дедал туралы миф болды.  Ерте заманда адамдарда әлі  құралдар мен машиналар болмаған кезде, ұлы суретші Дедал Афинада өмір сүрді. Ол алдымен гректерге әдемі ғимараттар салуды үйреткен. Дедал мәрмәрдан керемет мүсіндерді жасаған. Дедалдың Тало атты інісі болған, ол оның жұмыстарына көмектесетін. Уақыт өте келе Дедалдан да шебер бола бастады. Қызғаныштан Дедал оны құздан итеріп өлтіреді. Афиналықтар Дедалды кінәлаған соң, ол ұлымен бірге  кемемен Крит аралдарына жүзіп кетеді. Оны ол жақта Минос патша күтіп алып, оны лабиринтке қамап қояды. Ол лабиринттен қашып шығуды ойлап, «маған аспанға жол ашық, құстар ұша алғанда адамдарға неге ұшпасқа?» деген ой келеді. Ол үлкен құстардың қауырсындарын жинап, оларды күшті зығыр жіппен байлады. Ұлы екеуіне төрт қанат жасады. Бір күні баласы екеуі аспанға ұшуға дайындалып, Дедал ұлына «қолыңды түзу және жай серме, толқындарға қарай төмен ұшпа, күн сәулесіне қарай қатты жоғары ұшпа» деді. Солайша екеуі аспанға ұшты. Бірақ Икардың құстардан да биікке ұшқысы келіп, ол өте жоғары ұшып кетеді. Оның қанаттары бөлініп, жан -  жаққа шашырап кетеді. Ол құлап, теңіздің түбіне батып кетеді. Дедал баласының құлағанын көріп, кездескен алғашқы аралға қонады, ол қанаттарын сындырып, ұлын өлтірген  өнерін қарғыс атады. Бірақ адамдар бұл алғашқы ұшуды жадында сақтап, содан бері олардың жан-дүниесінде әуе, кең аспанға ұшу туралы арман болды.

Адамдар құстардың ұшуына еліктей бастап, логика және физика заңдарына сүйене отырып, ұшуға бет алды. Райт, Альберта Сантос-Дюмон, Гленна Хаммонда Кёртистың жұмыстары адамдардың ұші мүмкін деген сенімдерін күшейте бастады. Косманавтика ғылым ретінде бірінші рет ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында басталды. «Космонавтика» термині Ари Абрамович Штернфельдтің «Космонавтикаға кіріспе» атты ғылыми еңбегі аясында пайда болды. Өзінің Отаны Польшада оның еңбегіне аса ғылыми қызығушылық болмады, бірақ Ресейде оның еңбегі бағаланып, ол осы елге көшіп келеді. Кейінірек басқа теориялық жұмыстар, тіпті алғашқы эксперименттер пайда болды. Ғылым ретінде космонавтика  XX ғасырдың ортасында ғана пайда болды.

Константин Эдуардович Циолковский космонавтиканың негізін қалаушы болып саналады. 1883 жылы ол планетааралық ұшу аппараттарын дайындау үшін реактивті  қозғалтқышты пайдалану мүмкіндігін ұсынды. Бірақ мұндай зымыран ұшағын жасау мүмкіндігі туралы идеяны ұсынған адамның тағы бірі Николай Иванович Кибалчич еді.

1903 жылы Циолковский «Исследование мировых пространств реактивными приборами» ғылыми еңбегін жариялайды, онда зымырандар сұйық отынмен адамдарды  ғарышқа шығаруы мүмкін деген қорытындыға келеді. Циолковскийдің есептері ғарышқа ұшу болашақтағы мәселе екенін көрсетті.

...

Скачать:   txt (9.7 Kb)   pdf (189.4 Kb)   docx (126.5 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club