Отчет по практике в «MARCO POLO»
Автор: altynnur • Май 12, 2018 • Отчет по практике • 6,069 Слов (25 Страниц) • 2,390 Просмотры
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Экономика факультеті
Маркетинг кафедрасы
Өндірістік практика есебі
«5В090200 – туризм» мамандығы бойынша
«Marco Polo» туристік фирмасынан
өндірістік практика өту есебі
Орындаған: тур-33с тобының студенті Суйениш А. Ғылыми жетекші: э.ғ.м., аға оқытушы Рахимжанова Т.Х. |
Қарағанды 2017
Мазмұны
Кіріспе...................................................................................................... | 3 | |
Негізгі бөлім................................................................................................
| 6 | |
| 10 | |
| 12 | |
| 18 | |
Қорытынды.................................................................................................. | 22 | |
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................. | 23 |
Кіріспе
Практиканың мақсаты: студенттің 3 жыл оқу мерзіміндегі алған теориялық тәжірбесін практика жүзінде іске асыру.
Практиканың міндеттері:
турфирма жұмысымен жақынырақ танысу;
турфирманың туризмдегі орнын бағалау;
брондау бағдарламаларымен танысу,онымен қолдануды үйрену,оның ішінде авиабилеттерді және қонақ үйлерде номерлерді брондау;
3 жыл оқыған пәндер бойынша теориялық негіздерді практика жүзінде іске асыру;
барлық бағдарламалар мен іс қағаздарды практика басталғаннан бастап аяқталғанға дейін танысып үлгеру,толтыру ережелерін қадағалау;
негізгі туризмге қатысты терминдерді қайталау.
Практика өткен орын: Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы, Ермеков көш.52, «MARCO POLO» туристік фирмасы
Телефоны: (7212) 323667, 8-7019799109.
Практиканы өткен мерзім: 28 қаңтардан 3 наурызға дейін.
Практиканы өткен кезде тек дүйсенбіден жұма күнге дейін қатыстым.
Өндірістік практика барысында фирма жайында мәліметтер жинап, қонақ үй жайында көптеген заңнамаға сәйкес құжаттармен таныстым. Сонымен қатар клиенттермен жұмыс жасауды және нөмірді брондауды үйрендім. Өзіме жүктелеген тапсырмаларды жоғары деңгейде атқардым.
Мақсаты: өндірістік практика студенттердің жоғары оқу орнында алған теориялық білімдерін практитка жүзінде нығайтып, аналитикалық және басқарма жұмыстарын іс жүзінде жүзеге асыруды үйрену және ұйымның немесе мекеменің жұмысын толығымен зерттеу. Болашақта ұжыммен және тұтынушылармен жақсы қарым қатынас орната білуге дағдылану болып табылады.
Міндеттері:
- тұтынушылармен жұмыс жасау тәжірибесін алу;
- ұйымдастырушылық-басқармалық және тәжірибелік жұмыстар бойынша тәжірибе алу;
- маркетингтік, қаржылық, жарнамалық жұмыстарының материалдарын және олардың стратегияларын анықтау;
- өндірістік жиналыстар, ресми кездесулер, келіссөздер өткізу, серіктестердің картотекасын, келісім шарттарын құрастыру, тәжірибесін зерттеу;
- броньдау жүйесімен танысу.
Туризм – мемлекет жарнамасы, сонымен қатар туризм - қазына байлығымыз. Қазіргі таңда дүниежүзлік мәнге ие болып отырған бұл сала тек көркем табиғатымен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, ел мен жердің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығымен ерекшеленіп отыр. Осы тұста еліміздің туристік шаңыраққа айналуына әбден мүмкін деген болжаумен келісуге болады. Себебі, әр аймақтың өзіне тән тарихы, археологиялық қазбалары, табиғаты, елі және салт-дәстүрі бар. Дәл осы тәрізді біздің көркем де, әсем жеріміздің түпкір-түпкірінде өзіне ғана тән гаухарларын табуға болады. Өкінішке орай, туристердің көпшілігінің әуелі танысып өтетін интернет беттерінде Қазақстанның барлық туристік жерлері туралы біліп, танысуларына мүмкіндік жоқтың қасы. Қызығушылық тудыратындай айтылмаса, жазылмаса, көрсетілмесе шетелдік емес, жергілікті азаматтардың да жеріміздің әсем жерлеріне баруы қиын-ақ, және еліміздің ішкі туризмі өкінішке орай әзірге мақтанып айтарлықтай дәрежеде емес. Сол себепті де Қазақстанда қазіргі таңда көтеріліп жатқан өзекті мәселелердің бірі – туризм болғандықтан, біз дәл осы Қазақстанның ішкі туризмнің бүгінгі жетістіктері мен кемшіліктерін қарастырғанды жөн санадық.
...