Отчет по практике в «Орион» ЖШС
Автор: samataev.timur • Январь 29, 2019 • Отчет по практике • 6,009 Слов (25 Страниц) • 553 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе..................................................................................................................3
1 Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы
1.1 Өндірістік базасы және жылжымалы құрамы...........................................4
1.2 «Орион» ЖШС автокөлік кәсіпорны техника-экономикалық көрсеткіштері.....................................................................................................4
1.3 АТК техникалық қызметінің соңғы 3-5 жыл ішіндегі жұмысына
талдау жасау.......................................................................................................5
2 Қозғалтқышты жөндеу учаскесінің сипаттамасы
2.1 Учаске сипаттамасы...................................................................................8
2.2 Учаскенің технологиялық жабдығы...........................................................9
2.3 Қозғалтқыштарды жөндеу учаскесінің технологиялық жоспары.......10
2.4 Технологиялық картаны құрастыру .......................................................10
2.5 Ауысымды жұмысты ұйымдастыру картасын жасау...........................10
3 ТҚК мен АЖ өндірісін басқару мен ұйымдастыру
3.1 ТҚК мен АЖ жұмыстарын ұйымдастыру................................................12
3.2 Диагностикалау жұмысын ұйымдастыру.............................................14
4 Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі
4.1 Өндірістің әлеуметтік қауіптілігі және зияндылығын талдау..............18
4.2 Қауіпсіздік техникасы.................................................................................20
4.3 Электр қауіпсіздігі.......................................................................................21
4.4 Өртке қарсы іс-шаралар............................................................................22
5 Қоршаған ортаны қорғау................................................................................24
5.1 Қоршаған ортаны ластау көзқарасынан қозғалтқыштарды жөндеу учаскесінің технологиялық процесінің суреттелуі......................................25
5.2 Табиғатты қорғау бойынша іс-шаралар...................................................25
Қорытынды........................................................................................................27
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақстан Республикасының «Қазақстан – 2030» экономикалық және әлеуметтік дамуының стратегилық бағыттарында Республикамыздың транспорттық-коммуникациялық кешенін ары қарай дамытуға ерекше көңіл бөлінген.
Кез-келген мемлекеттің транспорт жүйесінде автомобиль транспорты ерекше орын алады. Себебі, мемлекеттің барлық өндірістік және экономикалық салаларында тасымалдануға тиісті жүктер мен жолаушылардың төрттен үш бөлігіне дейін осы автомобиль транспортының үлесіне тиеді. Ал өз кезегінде автомобиль транспортының негізгі міндеті халық шаруашылығы мен мемлекет тұрғындарының тасымалдауға деген мұқтаждықтарын дер кезінде әрі сапалы, әрі тез және арзан қамтамасыз ету болып табылады. Автомобиль транспорты басқа транспорт түрлерімен салыстырғанда жақын маңға тасымалдау үшін ең ыңғайлы және тиімді транспорт түрі болып табылады. Автомобиль транспортының тиімді және үнемді жұмысы жүк және жеңіл автомобильдерден, автобустардан тіркемелерден және жартылай тіркемелерден құралатын көп салалы автомобиль паркін дұрыс әрі оңтайлы пайдалану арқылы қамтамасыз етіледі.
Автомобиль транспортының жылжымалы құрамын техникалық жарамды жағдайда ұстап тұру үшін жұмсалатын еңбек және материалдық шығындары автомобиль транспортындағы жалпы шығындардың едәуір көп бөлігін құрайды. Техникалық ақаулар салдарынан транспорт құралдарының бос тұруы мемлекеттің, халық шаруашылығының мақсаты үшін көптеген материалдық шығындар келтіреді. Осы шығындарды азайту автомобиль транспорты саласындағы қызметкерлердің маңызды міндеті болып табылады.
1 Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы
1.1 Өндірістік базасы және жылжымалы құрамы
«Орион» ЖШС автокөлік кәсіпорны 1992 жылы құрылған. «Орион» ЖШС автокөлік кәсіпорны Шымкент қаласындағы Әлімқұлов көшесінің бойында орналасқан. «Орион» ЖШС автокөлік кәсіпорны негізгі қызметі қала ішінде жолаушылар тасымалын таксимен және бағыттағы таксимен жүзеге асыру.
Бүгінгі күні «Орион» ЖШС автокөлік кәсіпорны қалалық жолаушылар тасымалын № 8,9,20,77 бағыттар бойынша ПАЗ-3205 және ГАЗ-3221 автобустарымен іске асырады, сондай-ақ тапсырыс бойынша таксомотор тасымалдарын орындайды. Бұдан басқа, «Орион» ЖШС автокөлік кәсіпорны жеке иеліктегі автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүзеге асырыды, осы үшін кәсіпорында барлық қажетті құрал-жабдық, сондай-ақ жоғары білікті жұмысшылар бар.
...