Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қарағанды қаласының автокөлік жолдары «Қарағанды қаласындағы автокөлік жолдарының сапасы мен оны жасқарту тәсілдері»

Автор:   •  Октябрь 10, 2020  •  Курсовая работа  •  5,221 Слов (21 Страниц)  •  481 Просмотры

Страница 1 из 21

[pic 1]

                                  [pic 2]

                                                  Қарағанды қаласы

                                                          Химия биология бағытындағы

                                                               Назарбаев Зияткерлік мектебі

                                                           Қазіргі әлемдегі Қазақстан

                                                          Курстық жұмыс

Оқу бағдарламаға сәйкес тақырыптың бағыты: Қазақстан бүгінгі әлемде

Тақырыпша: Қарағанды қаласының автокөлік жолдары

«Қарағанды қаласындағы автокөлік жолдарының сапасы мен оны жасқарту тәсілдері»

(2960 сөз)

                                               

                                               

                                                                        Орындаған: Аралова А.

                                                               (аты-жөні, қолы)

 

                                                      Жетекші: Мұхтарұлы Ғ.

                                                                                 (аты-жөні, қолы)

        

                                                                        Ішкі модератор: Аблайханов Б.М

         (аты-жөні, қолы)

     

        

                                                   

Мазмұны

Кіріспе3

Негізгі бөлім4

Тақырып бойынша ақпарат жинау және талдау 4

    Зерттеу әдісі6

    Зерттеу нәтижелері .7

    Бағалау 11

Қорытынды 14

Пайдаланылған әдебиеттер 15

Қосымша 1 17

Қосымша 2 19

Қосымша 3 21


Кіріспе

Қазақстан Республикасының Ішкі Істер министрлігінің мәліметі бойынша 2017 жылдың Наурыз айының 1-ші жұлдызында мемлекеттегі автокөліктердің саны 4 миллион 425 мың 770-ке жетті  (4425770). [1] Жыл сайын бұл көрсеткіш қарқынды өсіп келеді. Автоколіктердің саны артқан сайын жолдардың саны,ұзындығы және сапасы да артуы керек. Автокөлік мәселесі өзекті мәселелердің бірі. Күнде жұмыс, орталық тіпті дүкен мен үйдің арасында азаматтардың көп бөлігі автокөлікпен жүреді. Қарағанды облысының Қарағанды қаласын автокөлік жолдарының мәселесі айналып өтпеді. Бұл зерттеу жұмысының мақсаты Қарағанды қаласының автокөлік жолдарының сапасын зерттеп, сапаның деңгейіне байланысты жақсарту жолдарын ұсыну. Сонымен қатар, автокөлік жолдарының мемлекеттің саяси, экономикалық, технологиялық және әлеуметтік салаларына әсерін қорытындылау.  

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Қарағанды қаласындағы орам,даңғыл және көшелердің сапаларының әртүрлілігінің себептерін анықтап, зерттеу.
  • Орам,даңғыл және көшелердің сапасына байланысты жақсарту жолдарын ұсыну.
  • Мәселенің өзектілігін  «PEST анализ» көмегімен зерттеу.
  •  Жоба жұмысының нәтижесін «SWOT анализ» арқылы талдау.

 Жұмыстың мақсаты мен міндеттеріне сүйене отырып, осы жобаның қосымша зерттеу сұрақтары «Қарағанды қаласының әртүрлі аймақтарындағы автокөлік жолдарының сапасы қандай?»; «Қарағанды қаласындағы автокөлік жолдарының сапасының әртүрлі болуының себебі неде?»;  «Қарағанды қаласының автокөлік жолдарының сапасын жақсарту мақсатында қандай шаралар қолдану керек?».

 Зерттеу жұмысының тақырыбының жол инфрақұрылымы саласымен байланыстыруыма 2 себеп бар. Біріншіден, мен мекен ететін көшенің жолдары өте нашар жағдайда. Үйден мектепке немесе сауда үйіне жаяу жету үшін 10 минуттық жерге, айналып 20 минутта жетемін. Мәселен, қысқа жолдар жаяу не көлікпен жүруге жарамсыз. Жаяу жүрсең қисық жолдардың тастары аяққа батып, ал көліктердің маңызды бөлшектері нашар жолдың шұңқырлары мен ойыстары үшін зақымданады. Екіншіден, жақын болашақта автокөлік алу мақсатым бар. Жаңа автокөліктің жағдайын, саймандарының сапасын төмендетпеу үшін Қарағанды қаласындағы автокөлік жолдарының жағдайын зерттеуді бастадым. Негізінен жолдардың төмен сапасы автокөліктердің ішкі жағдайына тікелей әсерін тигізеді. Жол бұдырлары, шұңқырлар мен ойықтар автокөліктің  аспасына, құрылысына, трансмиссиясына зақым келтіреді.

...

Скачать:   txt (61.6 Kb)   pdf (382.8 Kb)   docx (216.1 Kb)  
Продолжить читать еще 20 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club