Дөңгелек орман материалдары туралы түсінік
Автор: Aks02 • Сентябрь 19, 2020 • Лекция • 1,618 Слов (7 Страниц) • 1,086 Просмотры
2 ДӘРІС
ДӨҢГЕЛЕК ОРМАН МАТЕРИАЛДАРЫ, ОЛАРДЫ ТАҒАЙЫНДАЛУЫ БОЙЫНША ЖІКТЕУ
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Дөңгелек орман материалдары туралы түсінік
2. Дөңгелек орман материалдарын жіктеу
3. Сүректің және қабықтың химиялық қасиеттері
4. Экстрабелсенді заттар және оларды пайдалану
5. Жарылған, аршылған, сүргіленген және ұнтақталған орман материалдары және олардың сипаттамасы және қолданылуы
2.1 Дөңгелек орман материалдары туралы түсінік
Дөңгелек орман материалдары ағаш діңдерін бөлшектегенде, көлденең кимада пішіні шеңбер болатын материалдар алынады.
Халық шаруашылығының әртүрлі салаларында пайдалануға арналған дөңгелек орман материалдарының көпшілігі стандарттар (МЕСТ 9463-72, МЕСТ 9462-71) бойынша жалпақ және қылқан жапырақты ағаш түрлерінен дайындалады.
Кейбір сортименттер арнаулы стандарттар арқылы дайындалады. Оларға ат арбалардың бөлшектері (МЕСТ 6233-72), таукен тіреулері (МЕСТ 616-72) және экспорт үшін (МЕСТ 22297-76), сонымен қатар экспортқа шығарылатын баланстар (МЕСТ 22296-76) және тілуге арналған бөренелер (қылқан жапырақтылар — МЕСТ 22298-76, жалпақ жапырақтылар — МЕСТ 22299-76) жатады.
2.2 Дөңгелек орман материалдарын жіктеу
Дөңгелек орман материалдары қолданылуы бойынша төрт топқа бөлінеді: тілуге және сүргілуге арналған, аршуға арналған, целлюлоза және ағаш массасын өңдеуге арналған, дөңгелек түрінде пайдалануға арналған дөңгелек орман материалдары.
Бірінші топқа жалпы мақсатқа қолданылатын тілінген материалдарға арналған бөренелер, дөңбектер (авиациялық, резонанстық, қарындаштық, кеме құрылысы, шаңғы, жәшік, темір жол шпалдары мен брустарға арналған, сүргіленетін шпонға арналған және т.б. арналған дөңбектер)жатады.
Екінші топты жалпы мақсатқа қолданылатын аршылған шпон, авиациялық, аккумуляторлық және сіріңке шпондары құрайды.
Үшінші топқа целлюлоза-қағаз өнеркәсібіне арналған дөңгелек және жарылған сортименттер мен химиялық өңдеуге арналған баланстар жатады.
Дөңгелек түрінде пайдаланылатын сортименттер тобын кеме мен радио мачталарына, гидротехникалық құрылыстар мен көпірлерге, таукен тіреулеріне арналған бөренелер құрайды.
Дөңгелек сортименттер қолдану мақсатына байланысты 0,5 м-ден (мылтық құндағына арналған) 17 м-ге дейін (кеме мачталар арналған) ауытқиды. Ұзындығы 2 м-ге дейінгі сортименттер қысқа мөлшерлі, 6,5 м-ден жоғарысы ұзын мөлшерлі деп аталады.
Техникалық ережелерге сәйкес, дөңгелек сортименттерге ұзындығы бойынша: шөркелерге бөлінбей, діңді тік бойымен тілуге және сүргілеуге арналған орман материалдары үшін 3-тен 6 см-ге дейін, аршуға арналған орман материалдары үшін 2-ден 3 см-ге дейін, құрама түрінде жеткізілетін және кейінірек шөркелерге бөлшектенетін орман материалдары үшін әр шөркеге 3 см, дөңгелек түрінде қолданылатын орман материалдары үшін 6 см-ге дейін қосымша мөлшер беріледі.
Шөрке түрінде жеткізілетін баланстар үшін ұзындық бойынша қосымша мөлшер берілмейді, бірақ осы параметр бойынша шектеулі ауытқу ±2 см-ден аспауы тиіс.
Жоғары кесілімдегі жуандығы бойынша дөңгелек орман материалдары үш топқа: ұсақ (6-13 см, градациясы 1 см), орташа (14-24 см, градациясы 2 см) және ірі (26 см және одан жоғары, градациясы 2 см) деп бөлінеді. Дөңгелек орман материалдарының сыртқы түріне және өңделуіне келесі талаптар қойылады: тілуге, сүргілеуге және аршуға арналған сортименттердің қабығы аршылмай жеткізіледі, бірақ аздап аршылған болса жіберіле береді.
Антисептиктермен өңделетін байланыс және электр бағандарына арналған орман материалдарының қабығы толығымен аршылуы керек. Баланстардың да қабығы беткі қабаттың 20%-нан аспауы тиіс. Дөңгелек түрінде қолданылатын орман материалдары келісімге байланысты қабықпен немесе қабықсыз болуы мүмкін. Сортименттердің тауарлық түрі болуы үшін қабығы аршылмаған, бөренеде бұтақтар кесілуі немесе шабылуы тиіс, кесу қиғаштығы көлденең кесілім диаметрінің 1/10 бөлігінен аспауы қажет, ағашты кескенде пайда болатын көзір, тамыры мен шорлары кесіп тасталуы керек.
...