Арматуралардың мөлшерлік және есептік кедергісі
Автор: Meirambek1205 • Март 30, 2018 • Реферат • 1,103 Слов (5 Страниц) • 922 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
Сәулет-құрылыс факультеті
«Ғимараттарды және үймереттерді жобалау» кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: _______________________________________________________
Орындаған: ___________________
Қабылдаған: ___________________
Астана 2018 жыл
Жоспары:
- Шектік жағдайлар күйі
- Арматуралардың мөлшерлік және есептік кедергісі
- Жүктемелер
- Шектік жағдайлар күйі
Конструкцияның шектiк жағдайы дегенiмiз-конструкцияның дайындалу және пайдалану талаптарын қанағаттандырмауы.
Құрылыс мөлшерлерi және ережелерiнде шектiк жағдайдың екi тобы қарастырылады:
1) конструкцияның көтергiштiк қабiлетiнiң жойылуы немесе пайдалануға тіптен жарамсыздығы;
2) қажетті деңгейде пайдалануға жарамсыздығы.
Шектiк жағдайдың I-тобы бойынша есептеудiң мақсаты: конструкцияны қираудан (морт, тұтқыр, шаршап қирау), оның пiшiнiн, тұру қалпын жоюдан сақтау.
Шектiк жағдайдың II-тобы бойынша есептеудің мақсаты: конструкция бөліктерінің шектен тыс орын ауыстыруын болдырмау, жарықтың пайда болуы мен ашылуына жол бермеу. I - топ бойынша есеп шарты N≤Ф түрiнде жазылады, мұндағы, N - конструкцияның қарастырылатын элементiндегi қолайсыз сыртқы күш әсерiнен пайда болатын ең үлкен iшкi күш; Ф - элемент қимасының геометриялық өлшемдеріне, материалының берiктiгiне байланысты ең аз көтергiштiк қабілеті.
Шектiк жағдайдың II-тобы бойынша есеп
∆ ≤ |∆|
шарты бойынша жүргiзiледi, мұндағы, ∆ - тұтыну кезiнде пайда болатын жарықтың ашылу енi, деформацияның мөлшерi; |∆| -мөлшерлер (нормалар) бойынша пайдалануға кепiлдiк беретiн, немесе жобалау кезiнде берiлетiн шектi мөлшер.
Құрылыс конструкциялары берiк, қатты және орнықты болуы керек.
Шектiк жағдайдың I тобы есебi бойынша, егер сыртқы күштерден пайда болған iшкi күштер конструкция қимасының көтергiштiк қабiлетiнен аз болса, онда қима берiктiгi жеткiлiктi деп есептеледi. Сыртқы есептiк күштерден пайда болған iшкi күштер (мысалы, иiлу моментi немесе бойлық күш) T - мөлшерлiк күштер, сенiмдiлiк коэффициенттерi және де басқа факторлардың C функциясы болады.
Ал қиманың берiктiк қабiлетiн көрсететiн күш Tu- қиманың пiшiнi мен өлшемдерiнiң - S, материалдары берiктiктерінің – Rbn,Rsn, материал бойынша сенiмдiлiк коэффициенттерiнiң γb,γs және жұмыс жағдайы коэффициенттерi-нiң γbi,γsi функциялары болып табылады.
Берiктiк шарты
[pic 1]
түрiнде жазылады.
Егер
[pic 2] [pic 3]
[pic 4] [pic 5] болса,
онда .[pic 6]
Шектік жағдайдың 2-ші тобы деп, элементтердің мөлшерлік тұтынылу жағдайы талаптары орындалмайтын кернеулік-деформативтік жағдайды айтады.
Шектiк жағдайдың 2-шi тобы бойынша мөлшерлiк жүктемеден болған f-майысу fu-шектiк майысудан аспауы керек:
f≤ fu.
- Арматураны мөлшерлік және есептік кедергісі
Нормаларда арматураның мөлшерлік кедергісінің сенімділігін де 0,95-ке тең етіп қабылданған. Арматураның мөлшерлік кедергісі ретінде:
1) стержіндік арматура үшін – физикалық аққыштық шегі, яғни Rsn=σy немесе шартты аққыштық шегі, яғни Rsn=σ0,2 қабылданған;
2) сымдық арматура үшін Rsn=0,8*σu , σu - арматураның уақытша кедергісі
Бойлық арматураның созуға есептік кедергісі оның мөлшерлік кедергісін арматура бойынша сенімділік коэффициентіне ( γs ) бөлудің нәтижесінде анықталады, яғни
...