Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Калькуляция. Техника-технологиялық карталар

Автор:   •  Октябрь 9, 2018  •  Контрольная работа  •  1,905 Слов (8 Страниц)  •  1,239 Просмотры

Страница 1 из 8

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ №2

Тақырыбы:“Калькуляция. Техника-технологиялық карталар”

  Орындаған: Ахтымбаева А.

                 Топ: ППс – 801
                               Тексерген: Даутова А.А.

Семей  2018  жыл

Жоспар:

  1. Калькуляция дегеніміз не? Оның түрлері және есептеу әдістері
  2. Есептеу (калькулирование) - өндірістік ресурстардың құнын анықтау әдісі.
  3. Техника-технологиялық карталар. Оларды құрастыру тәртібі

        

Калькуляция (лат. сalсukatіo - кіші шот‚ есептеу) өнімнің бір өлшемін өндіруге‚ жұмыстардың бір өлшемін орындауға‚ қызметтердің бір өлшемін көрсетуге жұмсалған шығынның‚ шығыстың есебі, яғни өнімнің (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) өзіндік құнын айқындау тәсілі. Мұнда жұмсалған шығын калькуляция нысандары, баптары бойынша топтастырылады. Ол құжат (калькуляциялық парақ) түрінде ресімделеді‚ онда шығыс бағыттар (объектілер) және белгіленген баптар бойынша көрсетіледі. Калькуляция кәсіпорын (фирма‚ ұйым‚ бригада‚ тағы басқа) дайындаған өнімнің‚ орындаған жұмыстың‚ көрсеткен қызметтің жекелеген түрлері өлшемінің өзіндік құнын анықтау үшін негіз болып табылады. Калькуляция жасалған уақытына және арналуына қарай жоспарлы, сметалық, нормативтік және есептік (яғни, нақты)  калькуляция түрлеріне бөлінеді.

Жоспарлы калькуляция. Жоспарлы кезеңде (жылда, тоқсанда) өндірілген өнімнің немесе орындалған жұмыстың орташа өзіндік құнын айқындайды. Оны ұйым жоспарлы кезеңде жұмсаған шикізат, материалотынэнергияеңбек, жабдықты пайдалану шығынының орташа нормаларын және өндіріске қызмет көрсету бойынша жұмсалған шығынның болжамды нормаларын басшылыққа ала отырып жасайды.

Сметалық калькуляция жоспарлы калькуляцияның бір түрі, белгілі бір шарт бойынша бағаны белгілеу, тапсырыскерлермен есептесу үшін бір жолғы бұйымға немесе жұмысқа арналып жасалады.

Нормативтік калькуляция әдетте жалпы бұйымға, жекелеген жағдайларда бұйымның тораптары мен бөлшектеріне жұмсалған өндірістік шығынның есепті кезеңнің басындағы қолданыстағы нормалары негізінде жасалады.

Есептік (нақты) калькуляция өнім өндіруге жұмсалған нақты шығын туралы бухгалтерлік есеп деректері бойынша жасалады. Ол өндірілген өнімнің немесе орындалған жұмыстың есептелген нақты өзіндік құнын көрсетеді. Өнімнің өзіндік құнын немесе орындалған жұмысты белгіленген шығын номенклатурасы бойынша есептеу, сондай – ақ алынатын өндіріс құрал – жабдықтарының өзіндік құнын есептеу. Оның жоспарлы (алдын - ала) және есеп – қисаптық (кейінгі) түрлері болады.

Социалды елдерде жоспарлы калькуляция жұмыс уақытын, материалдарды, электр энергиясын т.б жұмсаудың прогрессивті нормасы негізінде жасалады да, онда өзіндік құнды арзандату жөніндегі тапсырманы орындауға бағытталған ұйымдастыру – техникалық шаралар көрсетіледі.

Есеп – қисаптық калькуляция өндіріс шығындарын бухгалтерлік есептің мәліметтері бойынша жүргізеді . Ол өнімнің өзіндік құнын арзандату жөніндегі тапсырманың орындалуын бақылап тыруға қызмет етеді. Есеп-қисап калькуляциясы шаруашылық қызметтің нәтижесін, өнімнің жеке түрлерінің рентабельділігін анықтауға, мемлекетте көтерме сауда бағасын белгілеуге, бір текті өнім шығаратын кәсіпорындар шаруашылық қызметтернің қорытындысын салыстыруға т.б. пайдаланылады.

...

Скачать:   txt (29.1 Kb)   pdf (171 Kb)   docx (22 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club