Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиетінің зерттелуі мен зерделенуі
Автор: alinakuanyshbek2 • Февраль 28, 2019 • Статья • 447 Слов (2 Страниц) • 1,194 Просмотры
Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиетінің зерттелуі мен зерделенуі
Ұлт тарихын, ұлт болмысын, ұлт тәрбиесін дәріптейтін әдебиетіміздің бүгінгі жағдайы қандай? Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиеті неден ұтты, неден ұтылды? Осыған орай ақпан айынның 11 күні студенттерге тәуелсіздіңк кезеңіндегі қазақ әдебиетінің тарихымен, зерттелуімен, жетістігімен таныстыру мақсатында Р.Имаханбет, А.Асқарова, Г.Даутова, А.Есентаева ұстаздарымыздың ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиеті» пәні аясында «Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиетінің зерттелуі мен зерделенуі» атты еркін форматта кездесу өтті. Аталған шараға Н.Рақыш, Г.Орда, Б.Беделхан, Т.Тебегенов, Ж.Айдос шақырылды. Алайда кездесуге сыншы Н.Ақыш пен ф.ғ.д. Г.Орда келді.
Екі сағатқа созылған кездесуде не айтылды? Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиетінің жеткен жетістіктері, кемшіліктері, қазіргі таңдағы ағымдар, қазіргі қазақ әдебиетіндегі сынның орны және көркем шығармадағы тілдік қателіктер жайында сөз болды. Сонымен қатар кездесу барысында студенттер өздерінің көкейіндегі сұрақтарды келген қонақтарымызға қоя отырып, олардан барынша толық жауап ала алды.
Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиетінде тарихи тақырыпта жазылған шығармалардың саны артты, әсіресе желтоқсан оқиғасына ба йланысты туындылардың көбеюі үлкен жетістік екенін Гүлжаһан Орда атап өтті. Алайда желтоқсан оқиғасына байланысты жазылған Т.Сәукетайдың «Айқараңғысында» әйелдер бейнесінің толық ашылмағандығын, бойжеткендер мен әйел баласының көрген бейнетін ашып суреттеп бере алмағандығын атап өтеді.
Сонымен қатар қазіргі таңда мемуарлық шығармалардың көбеюін де ағамыз бен әпкеміз жетістік деп біледі.
Дидар амантайдың постмодернизм бағытында жазылған туындысы кездесу барысында назардан тыс қалмады. «Гүлдер мен кітаптар» романының жарық көргеніне онжылдай уақыт болса да өзектілігін жоймағандығын студенттердің сауалы мен қызығушылыған аңғаруға болады. Бұған қатысты Г.Орда «Постмодернизм жөнінде пікір екіге жарылады, - дейді. Бірі – Д.Исабеков бастаған топтың өкілдері, екіншісі – Г.Белгер бастаған топтың өкілдері. Біз Нұрдәулет аға екеуміз Д.Исабеков бастаған топтың өкіліміз», - дейді. Себебі постмодернизм бағытында жазылған шығармалар - ұлт болмысын көрсете алмайтын туынды деп түсіндіреді. Сондай-ақ сыншы Н.Ақыш постмодернизмдегі тілдік қателерді мысалға сүйене отырып көрсетті және дәстүрлі принциптердің қазіргі әдебиетте де өзінің маңыздылығын жоймау керектігін атап өтті. Дей тұрғанда кездесуге келген қонақтарымыз постмодернистік бағытқа қатысты мардымды жауап бере алмағандықтан, осы ағым бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүрген арнайы мамандарды шақыруға кеңес береді.
...