Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қытайдың халықаралық ұйымдардағы стратегиялық мақсаттарын талдау

Автор:   •  Май 15, 2023  •  Дипломная работа  •  10,169 Слов (41 Страниц)  •  209 Просмотры

Страница 1 из 41

ҚAЗAҚCТAН PECПУБЛИКACЫ БІЛІМ ЖӘНE ҒЫЛЫМ МИНИCТPЛІГІ

AБЫЛAЙ ХAН AТЫНДAҒЫ ҚAЗAҚ ХAЛЫҚAPAЛЫҚ ҚAТЫНACТAP ЖӘНE ӘЛEМ ТІЛДEPІ УНИВEPCИТEТІ

ШЫҒЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

ШЫҒЫСТАНУ МАМАНДЫҒЫ

Дипломдық жоба

Тақырыбы: Қытайдың халықаралық ұйымдардағы стратегиялық мақсаттарын талдау

        

     

 Орындаған: Мұхан Асхат Сәбитұлы        

Ғылыми жeтeкші: PhD, доцент Абылкасымова Б. А.

Практика базасының жетекшісі:

Қоpғaуғa жібepілді

Кaфeдpa мeңгepушіcі:

Алматы, 2023

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ …………………………………………………………………………..3

1 ТАРАУ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ        ......................................................................................................8

1.1 Халықаралық ұйым түсінігі және түрлері мен қызметі        ..............................10

1.2 Қытайдың халықаралық ұйымдарда мүше болуы        ........................................15

2 ТАРАУ ҚЫТАЙДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДАҒЫ ОРНЫ МЕН РӨЛІН ТАЛДАУ        .................................................................................21

2.1 Қазіргі кезеңдегі Қытайдың халықаралық ұйымдардағы стратегиялық мақсаттары        ......................................................................................................25

2.2 Қытайдың халықаралық ұйымдардағы рөлі мен ықпалы         ...................33

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Дипломдық жоба тақырыбының сипаттамасы: Дипломдық жұмыстың тақырыбы  Қытайдың халықаралық ұйымдардағы стратегиялық мақсаттарын талдау болып табылады. Қытайдың сыртқы саясаты мәселесі әрдайым көптеген отандық және шетелдік зерттеушілердің назарын аударады. Алайда, соңғы жылдары бүкіл халықаралық қатынастар жүйесі жаһандық өзгерістерге ұшырап, Қытайдың саяси стратегиялық мақсаттары күрт өзгерді. Халықаралық ұйымдардағы өз орынында нық отырған Қытай мемлекеті қазір де ұлы державалардың бірі және саяси тұрғыда беделі жоғары мемлекеттің бірі болып саналады.

Дипломдық жоба тақырыбының өзектілігі: Бүгінгі күндерде халықаралық аренада мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарының ауқымы кеңейіп отыр. Мемлекет аралық ынтымақтастықтың ұйымдық-құқықтық нысандарының, көпжақты дипломатияның бірі халықаралық ұйымдар болып табылады. Жаһандану жағдайында Қытайдың сыртқы саясаты мен қолданған стратегиялық реформасы қазіргі кезеңде көптің қызығушылығын арттырып отыр. Қытайдың көтерілу процесі халықаралық қатынастардың барлық жүйелеріне әсер етті. Сонымен қатар, ерекше үлгіде мемлекет стратегиялық мақсаттарын бар әлемге паш етіп, біршама міндеттерін алға тартып отыр. Қытайдың қазіргі халықаралық қатынастар жүйесінде жаһандық ойыншы мәртебесін түпкілікті алуы, елдің "жұмсақ күшін", ең алдымен, қытай мәдениетінің кең "сыртқа шығуы" есебінен арттыруға тырысуы сияқты жаңалықтарды атап өтуге болады. Қытайдың "бейбіт биіктік" тұжырымдамасы халықаралық қоғамдастықтың назарын аударып отыр.

Дипломдық жобаның мақсаты Қытайдың халықаралық ұйымдардағы стратегиялық мақсаттарын талдау.

Дипломдық жобаның міндеттері:

- Халықаралық ұйым түсінігі анықтама беру және түрлері мен қызметін анықтау

- Қытайдың халықаралық ұйымдарда мүше болуын талдау

- Қазіргі кезеңдегі Қытайдың халықаралық ұйымдардағы стратегиялық мақсаттарын анықтау

- Қытайдың халықаралық ұйымдардағы рөлін мен ықпалын анықтау және іскерліктің негізгі бағыттарына талдау жасау

Дипломдық жобаның зерттеу пәні: Қытайдың халықаралық ұйымдардағы стратегиялық мақсаттарын талдау.

...

Скачать:   txt (150.1 Kb)   pdf (808.1 Kb)   docx (1 Mb)  
Продолжить читать еще 40 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club