Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Адам құқығы және сыбайлас жемқорлық

Автор:   •  Сентябрь 14, 2021  •  Творческая работа  •  1,445 Слов (6 Страниц)  •  429 Просмотры

Страница 1 из 6

«Адам құқығы және сыбайлас жемқорлық»

(оқушыларға видео ролик көрсетілгеннен кейін сабақтың тақырыбы ашылады)

Мақсаты:

Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Тренинг-сабақ

Сабақтың түрі: Өздіктерінен жұмыс істеу

Сабақтың әдіс-тісілдері: түсіндіру, білім беру, оқыту, оқу, практикалық.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды мазайка арқылы екі топқа бөлу.

-Сыбайлас-жемқорлық деген не?

(оқушылардың пікірлері тыңдалады)

ІІ. Миға шабуыл: сыбайлас жемқорлыққа байланысты «СТОП Коррупция!» видеоролигі көрсетіледі(роликтегі жағдайды ортаға салып талқылайды, сыбайлас жемқорлыққа анықтама береді, постер немесе кластер жасайды да қорғайды)

Ассоциация:

[pic 1]

Сыбайлас-жемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды. 

ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.

ІІІ. «Сұрақ-жауап» ойыны:

  1. Пара беру дегеніміз не?
  2. Пара мен сыйлықтың айырмашылығы қандай?
  3. Сыбайлас жемқорлық дегенімізді қалай түсінесіңдер?
  4. Сыбайлас жемқорлық жайлы мәліметтерді қайдан білесіңдер?

 

ІҮ. Түсініктеме беру:

Қазақстан Республикасының № 267 «Сыбайлас жемқорлыққа күрес туралы» Заңы 1998 жылы 2 шілдеде қабылданды.

Бұл Заңның мақсаты - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi. Осы Заң сол сияқты демократиялық негiздердi, мемлекеттi басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенiм нығайтуға, бiлiктi мамандарды мемлекеттiк қызметке кiруге ынталандыруға, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшiн жағдайлар жасауға да бағытталған.

Бұл заңның ерекшелігі сол, билік басындағы лауазым иелерінің қызмет бабын жеке басының мақсаттарына пайдалануына, келеңсіз әрекеттеріне тосқауыл қою болып отыр. Лауазым иесінің қызметтік міндетіне жатпайтын әрекеттер, мысалы, жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның, үшінші бір адамның пайдасына бағытталған іс-әрекеттер қылмыстық белгі құрамауы мүмкін. Сондай жағдайда келеңсіз қылығы әшкере болған лауазым иесі аталған заң негізінде жауап береді. Мемлекеттің мүддесіне, халықтың мемлекетке, заңдарымызға деген сеніміне нұқсан келтіретін лауазым иесінің теріс әрекеті жазасыз қалмау керек.

...

Скачать:   txt (20.5 Kb)   pdf (167.9 Kb)   docx (34.7 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club