Шпаргалка по "Биотехнологиям"
Автор: dilay07 • Март 6, 2023 • Шпаргалка • 33,461 Слов (134 Страниц) • 154 Просмотры
Емтихан тапсырма № 1
1.Таза дақылдар. Адам баласы жер бетінде микроорганизмдердің бар екендігін көптеген ғасырлар бойына білмей келген болатын, тек олардың ісəрекеттерін сезіп, микроорганизмдер тудыратын құбылыстарды тіршілік барысында қолдана білген. Мысалы, адам ертеден-ақ ашыту арқылы сусындарды, сіркесуын, шарапты жəне нанды ашытуды білген. Осылайша ашу процестері бұрынғы заманнан адам баласына белгілі болып келген. Алайда, бұл процестердің химиялық мəнін жəне ашу микроорганизмдердің көмегімен жүретінін адамзат білмесе де, өздерінің тəжірибелерінде ашытудың əртүрін қолданған. Танымал франциялық оқымысты ғалым Луи Пастер ең алғаш химиялық өзгерістер, биологиялық ашу микроорганизмдердің көмегімен болатынын айтқан. Ол шарап, сыра жəне басқа да өнімдердің ауруларын терең зерттеген. Пастердің айтуы бойынша, мəдени микроорганизмдерді адамдар бұрынғы кезден қолданған, яғни суслоны спиртке, спиртті сіркесуға айналдырып, басқада өнімдер алуға болатынын білген. Бөгде немесе зиянды микробтар деп адамдардың еркінен тыс суслоға түскендерді айтады жəне олар ашыту процестерін өзгертіп, сапасыз өнім береді. Пастер «Шарапты зерттеу», «Сыраны зерттеу» жұмыстарында бірінші рет бізге рационалды теорияны түсіндіріп, керекті микроорганизмдерді өсіруді жəне зиянкестермен қалай күресу жайлы мəлімет берген. Техникалық əдебиеттерде «жабайы» микроорганизмдер деген терминді жиі қолданып, оларды «мəдени» микроорганизмдермен қарсы қойып, өндірістің биохимиялық реакцияларын жүзеге асыруда пайдалы етеді. Жабайы микробтар көп жағдайда тағамдануы оңай жəне қолайсыз жағдайларға төзімді, сол себепті олар мəдени микроорганизмге қарағанда, тұрақты болып келеді. Биотехнологиялық өндірістерде таза дақылды қолданғанда ғана жоғары сапалы өнім алуға болады. XIX ғ. аяғында бірінші рет ашыту өндірістерінде таза дақыл қолдануды Эмиль Христиан Ганзен енгізді. Оған дейін ашытқылар бактериялар жəне басқа да споралармен зақымданбаған болса, таза деп саналды, бірақ Ганзен таза дақыл деп бір клеткадан жасалған жəне бір ғана ашытқының түрінен құралған болуы керек деген қорытындыға келді. Осы кезден бастап сырақайнату, спирт өндірісінде, шарапжəне басқада ашыту өндірістерінде таза дақылдар қолдана бастады. Қазіргі кезде сырақайнату өндірісінде өте таза дақылдарды қолданады. Таза дақылдарды тəжірбиеде қолданғанда сыраға жағымды дəм мен иіс береді жəне нан пісіруде, шарап жасауда таза дақылдар қолданғанда ашу процесі шапшаң жүріп, мол өнім алуға жағдай туғызады. Таза дақылды бөлу əдістері. Микробтарды оқшаулап, таза дақылды бөліп алуда əртүрлі əдістер қолданылады. Пастердің əдісімен дақылды стерильді ерітіндімен жайлап сұйылтады, бір тамшыда бір клетка болғанша, бір клеткадағы ұрпақты алып, осындай тамшының дақылын аз ғана мөлшерде қоректік ортаға себеді. Кохтың əдісі бойынша микробты ерітілген қоректік ортада 8 9 сұйылтады. Сериялық ерітінділерді кезектестіре жасап 4-5 рет сұйылтқаннан кейін, əдетте пробиркадан бір клетка алынады, оны бөлек табақшада өсіреді. Ганзеннің əдісі бойынша, ұқсас таза дақылдарды осылай алады. Тамшыда бір немесе бірнеше клетка болатындай есеппен дақылды себеді. Қоректік ортаның тамшысын заттектес шыныға жұқа етіп жағып, сөйтіп бір тамшыдан өскен дақылды қоректік ортасы бар Петри табақшасына көшіреді. Тамшыны залалсыздандырылған таяқшасымен қоректік ортаның бетіне бөліп таратады. Осы əдіспен шпательмен артынша екінші, үшінші табақшаларға жүргізеді. Қоректік ортаның бетіне жеке колониялар өседі, одан таза дақылды оқшаулап, бөліп алу оңай. Өндірісте микроорганизмдердің таза дақылдарын сұйылтудың сызбасы. Өндірістік жағдайда таза дақылдарды сериялы сұйылтудың мəні белгілі бір түрге жататын микроорганизмдердің санын біртіндеп көбейтуден тұрады. Əдетте бұл нəтижеге бірнеше сатыда ғана қол жеткізеді. Таза дақылдарды зертханалық сатыда сұйылту, микроорганизмдердің жинағын стерильді қоректік ортаға себумен жүзеге асырылады. Таза дақылдарды сұйылтудың цехты сатысы стерильді субстратқа өтуден жəне көлемінің ұлғаюымен қатар жүретін бірнеше қайта себу реттілігінен тұрады. Əр өндіріске таза дақылдарды сұйылтудың өзіндік сызбалары жасалады. Көптеген өндіріс орындарында таза дақылдарды сұйылтуға арналған аппараттар бар. Мысалы, ашытқы биомассасын алу үшін Грейнер аппаратың қолданады. Бұл аппарат ашытуға қажетті 2 стерилизатордан (үлкен жəне кіші) жəне 2 цилиндрден тұрады. Кіші стерилизатор стерильді суслоны жасауға арналған. Олар суслоны қыздыратын əрі суытатын орамтүтіктермен жəне ауаны тазартатын фильтрлермен, бақылау-өлшеу аппаратурасымен жабдықталған. Грейнер аппараты (1-сурет) стерилизатордан, ашыту цилиндрінен (қажеттілікке қарай 1-ден 4-ке дейін) жəне мыс табақшаларынан жасалған, ішіден таза қалайымен қапталған алдын ала ашыту аппаратынан тұрады. Одан басқа түссіз оргшыныдан жасалған ашытқыларды өндіруге арналған ыдыс бар.
...