Малдардың өмір сүру және шаруашылықта қолданылу ұзақтылығы
Автор: arailym1998 • Сентябрь 26, 2018 • Реферат • 2,028 Слов (9 Страниц) • 1,084 Просмотры
МАЗМҰНЫ
1. Малдардың өмір сүру және шаруашылықта қолданылу ұзақтылығы. 3
2. Малдың өнімділігіне әсер етеін фактор ретінде тезжетілгіштік ұғымы. 5
3. Малды ерте жарамсыздыққа шығарудың негізгі себептерін анықтау. 7
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 9
- Малдардың өмір сүру және шаруашылықта қолданылу ұзақтылығы.
Мал басының одан әрі өсуінің, тұқымдық және өнімділік сапаларын жақсартудың маңызды қорларының бірі болып, олардың шаруашылықта қолданылуының ұзақтылығы болады. Малдардың биологиялық ұзақ өмір сүру мүмкіндігімен ерекшеленеді. Бұл өте құнды қасиет, оны асыл тұқымдық және өндірістік тағайындалу мерзімін ұзарту үшін қолдану қажет, ол жануарларды өсіруге жұмсалатын шығындарды және оларды күтудің орташа жылдық құнын қысқартуға мүмкіндік береді, сонымен бірге құнды жануарлардын жалпы кезеңде және бір жылда көп ұрпақ және өнім алу қажет.
Осылайша, жануарларды селекциялық-генетикалық және экономикалық жағынан ұзақ уақыт тиімді пайдалану табынның жіне жалпы тұқымның сыл тұқымдылық және өнімділік сапаларын жетілдіруге тиімді әсер етеді.
Малдардың өмір сүруінің ұзақтылығы немесе биологиялық ұзақ өмір сүру мүмкінділігі деп оның туғаннан бастап табиғи өліміне дейінгі кезеңді атайды. Ауыл шаруашылығы жануарларының биологиялық ұзақ өмір сүру мүмкінділігі – ол түрлік ерекшелік. Әрбір түр жануарының өмір сүру ұзаұтылығының генетикалық жағынан белгіленген шекарасы бар.
Ауыл шаруашылық жануарларынң биологиялық ұзақ өмір сүру мүмкіндігі сияқты қызықты мәселе толық зерттелмеген. Бұл шаруашылық жағдайында жануарлардың көп бастарын қатты қартаюына дейін ешкімнің ұстамайтындығымен байланысты. Әрбір түр жануарларының өмірінің ұзақтылығы туралы жекелеген дарақтардың ұзақ өмір сүруінің тіркелген дәлелдемелері бойынша қарастырады.
Ауыл шаруашылығы жануарларының биологиялық ұзақ өмір сүру мүмкінділігі – олардың шаруашылықта пайдалануымен салыстырғанда едәуір көп. Ол көптеген мәліметтермен расталады. Мысалға, Ресейдің Кострома облысы «Караеваемо» асыл тұқымды заводында кострома тұқымының «Краса» және «Опытница» сиырларын 23 жасқа дейін, «Сива» сиыры 35 жасқа дейін өмір сүрген. Біріншісі 26 рет, екіншісі 30 рет бұзаулаған. Венгрияда венгер шұбар тұқымды «Барань» сиырының өмір сүру ұзақтылығы 32 жыл болған, венгер қызыл-ақ түсті тұқымды «Варану» сиыры 35 жыл өмір сүрген. «Барань» сиырынан 27 бұзау алынған, соңғы сүт маусымында сүт маусымы 3981 кг құраған, ал «Варану» сиырынан 26 бұзау алынған. Ресейдің Воронеж облысында «Беатриса» шошқа аналығын 12 жылға дейін ал «Волшебница» аналығы 13 жасқа дейін пайдаланылған А. Доман Венгрияда бір аналықтың 22 жыл өмір сүргендігін хабарлайды. Ол 46 рет торайлап 414 торайды дүниеге әкелген. Англияда асыл тұқымдардылар кітабында шропшир тұқымды қойларының 14-16 жастағы саулықтары жазылған. Мамфордқа 19 жасқа дейін өмір сүрген саулық қой белгілі болған. Одан 36 қозы алынған, олардың 14 қозысын, 10 жылдан артық жасында тапқан.
В.А. Райс 21 жыл жасаған саулық қойға сипаттама берген. Одан 35 қозы алынған.
И.И. Мечников 50 жасқа дейін өмір сүрген жылқы туралы айтады. Е. Давенпорт және У. Дюрст жылқының 54-60 жыл өмір сүретіндігі туралы айтады, ал П.Н. Кулешов 67 жыл жасаған жылқы туралы хабарлайды.
Біздің мәліметтер бойынша, Алматы облысы, Бақанас асыл тұқымды совхозында дегерес құйрықты тұқымының «Жалпақ» атты № 36364 нөмерлі қошқары 11,8 жыл өмір сүрген, оны 10 жыл бойы шағылыстыруға қолданып, соңғы рет 11,5 жасында пайдаланылған. Ол (ерте көктемгі және көктемгі қойды төлдетуде, жасанды ұрпақтандыруда) жыл сайын 300-400 саулық қойды ұрықтандырған және одан 3500 бастан астам тұқым аған. Сонымен қатар бұл қошқар тұқым жақсартушы, жаңа линияның негізін салушы ретінде берілген қой тұқымының жетілдіруінде маңызды рөл атқарған.
...