Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Лекции по "Сельскому хозяйству"

Автор:   •  Февраль 24, 2023  •  Курс лекций  •  7,732 Слов (31 Страниц)  •  146 Просмотры

Страница 1 из 31

Дәріс №1

Кіріспе. Жалпы мәліметтер.

Кез-келген кәсіпорынның транспорттық және технологиялық жолы бір-бірімен байланысты және бір жүйе болып табылады.

Қазіргі кездегі кәсіпорынға сәйкес келетін өндірістің ағынды әдісі жүктің немесе заттың бір технологиялық операциядан басқасына конвейерлік берілуге негізделген. Сондықтан үздіксіз траспорттық машиналары технологиялық процесстің құрамдас және бөлінбес бөлігі болып табылады; олар өндірістің ырғақтылығын қамтамасыз етеді, еңбек өнімділігін арттыруға көмектеседі және өнімнің шығарылуын арттырады. Сонымен қоса, олар комплексті механизацияның және негізгі, қосымша өндрістің автоматизациясының басты құралы.

Кәсіпорынның астықты өңдеу және сақтау бойынша барлық ісі астықты және оның өңдеу заттарын тасымалдаумен байланысты. Астық нан дайындау кәсіпорынын түскеннен бастап өңдеуге және соңғы өнімге жеткенге дейін орта шамамен 7 реттен кем емес тасымалданады.

Жүктеу және жүксіздеу жұмысының механизациясының дамуы 2 негізгі есепті шешуге көмектеседі.

Біріншісі - өндірістің эффективтілігін арттыруды қамтамасыздандыру (еңбек өнімділігін арттыру, айналымның және өнімнің өз бағасының ұсталымын төмендету).

Екіншісі – еңбекті қорғау және жағдайларды әрі қарай жақсарту (кәсіпорын жұмысшыларын ауыр қара жұмыстан арылтады және астық пен оның өңделген заттарымен жұмыс кезіндегі санитарлық шарттарын жақсартады).

Нан заттары жүйесінің кәсіпорындарында астықты және оның өңделген заттарын тасымалдау операциялары жалпы шығынның 40-тан 70% -ін алып отырады. Жүктеу-жүксіздеу және транспортты-қоймалық жұмыстар бойынша шығындардың көп мөлшері жаңа астықты қабылдап, оны екінші деңгейлі кәсіпорынға жөнелтумен айналысатын тереңдікті кәсіпорындарда байқалады. Аз мөлшері – астықты өңдеуге кететін технологиялық операцияларға деген шығындар көп болатын астық өңдеу кәсіпорындарында болады.

Өндірістік транспорттың мәні және оның дамуының негізгі бағыттары

Өндіріске ағынды әдістің енгізілуі және технологиялық процесстердің автоматизациялануы қол жұмысынан толығымен арылуға, сонымен қоса тиеп-түсіру жұмысына комплексті механизация енгізілуіне негізделген. Алайда, кейбір жағдайларда қол жұмысы ортақ өндірістік шығындардың белгілі бір көлемін алады.

Мысалы, қазіргі жағдайда бос жұмыс күші көп болған кезде механизацияланған процесстің бөлігі қол жұмысымен алмастырылады. Бірақ, мұндай жағдайды тек уақытша, ауысу периодындай қарастыру керек. Барлық жағдайда өндірістік процесстің толық механизациясы және автоматизациясы шығарылатын өнімнің өз бағасын төмендетеді, ал сапасын жоғарлатады.

        Өнеркәсіптік транспорттың дамуының негізгі бағыты:

  • Жоғары технологиялық және жоғары өнімділікті технологиялық және транспорттық ағынын ұйымдастыратын транспорттың үздіксіз түрінің қарқынды дамуы;
  • контейнерлік және пакеттік тасымалдаудың дамуы;
  • тиеп-түсіру жұмыстарында еңбек өнімділігін арттыратын және ыдысқа деген шығынды төмендететін жүкті тасымалдау мен сақтаудың ыдыссыз әдісінің дамуы;
  • тасымалдайты машинаның сенімді, үнемді және жоғары өнімділіктерін қолдану;
  • барлық өндірістік және технологиялық процесстің кең комплексті механизациясы мен автоматизациясы.

Жоғарыда көрсетілген бағыттар өндірістік транспорттың дамуы мен жетілдірілуі бойынша мүмкін болатын жұмыс көлемін толықтай қамтымайды, тек негізгі сұрақтарға ғана жауап береді.

Көтеріп-тасымалдау машиналарының қысқаша даму тарихы

Көтеріп-тасымалдау механизмдерінің дамуы жалпы дамумен параллель болды. Сонымен қатар, белгілі бір этаптарында механизмдер мен машиналардың дамуы экономикалық формациялардың одан әрі қарқынды дамуына көмектеседі және керісінше.

...

Скачать:   txt (106 Kb)   pdf (580.5 Kb)   docx (413.8 Kb)  
Продолжить читать еще 30 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club