Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жұмысындағы инбридингтің маңызы мен орнын анықтау.

Автор:   •  Ноябрь 27, 2018  •  Курсовая работа  •  5,497 Слов (22 Страниц)  •  1,152 Просмотры

Страница 1 из 22

Мазмұны

Кіріспе............................................................................................................

1  Әдебиетке шолу........................................................................................

    1.1   Мал өсіру әдістері............................................................................

  1.   Сұрыптау........................................................................... ....... .......

    1.3   Тұқымды таза өсіру............................................................ ....... ....

2  Зерттеу бөлімі...........................................................................................

    2.1  Мал шежіресі бойынша инбридинг дәрежесін анықтау...............

    2.2  Туыстас малды жұптастыру........................................................ ..

    2.3  Инбридинг жолымен шыққан тұқымдарды сипаттау...................

    2.4  ..................

    2.5  .........................................................................................................

Қорытынды....................................................................................................

Қолданылған әдебиеттер тізімі...................................................................

2

3

3

4

5

0

0

0

0

0

0

0

0

Кіріспе


         Бүкіл әлемде асыл тұқымды жануарларды өсіру жануарлардың барлық түрлерінің тұқымдарын өсіруде ең маңызды орынға ие. Сонымен бірге бұл әдісте жұптаудың екі түрі пайдаланылады: туыс емес (аутбридинг) және туыс аралық (инбридинг). Туыстық байланысы бар жануарларды шағылыстыру инбридинг деп аталады.

        Инбридинг (ағылш. inbreeding, in - ішінде және breeding -өсіру), бір популяциядағы организмдер ішінде жақын туыстас түрлерді шағылыстыру. Инбридингтің ең жиі кездесетін түрі – өзін-өзі ұрықтандыру.
         Мал шаруашылығы тәжірибесінде бұл әдіс XVIII ғасырдан бастап жаңа тұқымдарды жасау кезінен қолданылған.

Инбридинг туралы ілім ертеде пайда болған. Асылтұқымды жылқылар өсірудегі инбридингтің теріс әсері арабтарда XIII ғасырда -ақ белгілі болған. Зиянды әсерін білген соң адамдар туыстас малды жұптастыруға тыйым салатын қатаң заңдарды қолданған. Дегенмен капитализмнің даму кезеңіндегі нарық талаптарына сай жаңа тұқымдар шығару инбридингті кең пайдаланумен іске асырылды. Жаңа тұқымның негізін салушылардың белгілерінің кейінгі ұрпақта бекітілуі, әдетте, тығыз инбридинг арқылы жүргізілді.

XX ғасырдың басынан инбридингтің рөлі мен маңызы, оның биологиялық мәні жөніндегі мәселеге генетиктер көңіл бөле бастады. Мысалы, С.Райт теңіз шошқаларының инбредтелген 23 семьясында 20 буындық ұрпақ бойы «ағасы × қарындасы» үлгісімен туыстас жұптастыру қолданылған. Инбредті 20 буындық ұрпақты өсіру барысында 35 аталық іздің 27 жойылып кеткен, қалғанының тіршілік қабілеті, тірілей салмағы мен өсімталдығы кеміген.

Алайда тығыз инбридингті өте кең ауқымда жүйесіз қолдану жануарлардың өнімділігі мен өсімталдығын, дене бітімінің мықтылығын кемітеді. Инбридингтің негізгі мақсаты – бір түрдегі асыл тұқымды ата тектің ұрықтық белгілерін сақтау. Инбридингке қойылатын басты талап – оның мақсаттылығы. Инбридингті тек бір, асыл тұқымдық көрсеткіштері жоғары жануарға жүргізу керек.

        Зерттеу бөлімінің өзектілігі. Кезек және өндірістік будандастыруларға ортақ қатысы бар соңғы жаңалықтарға олардың сәтті болуы үшін будандастыруға қатысатын мал тұқымдарының жалпы үйлесімділігі емес, жекелеген аталық із бен аналық ұя арасындағы үйлесімділіктің маңыздылығы жатады. Осыған орай, әсіресе құс және шошқа өсіруде белгілі бір тұқымнан инбридинг жолымен шығарылған арнайы аталық із өкілдерін сондай жолмен шығарылған екінші тұқымның аналық ұясының өкілдерімен будандастыру кең өріс алып отыр. Бұл тұрақты гетерозистік будан алуды қамтамасыз етеді.

        Биологиялық тұрғыдан алғанда жануарларды ұзақ уақыт жақын инбридинг қолданып өсірудің орташа және шалғай инбридинг қолданудан айырмашылығы бар. Орташа инбридингте гомозиготалық болмашы ғана өседі, бірақ мұның есесіне аса кқрнекті ата-тектің ұрпақтың генотипіне әсері барынша артады, яғги генетикалық ұқсастық пайда болады. Орташа инбридинг организмнің мықтылығы мен түрлі ауруларға резистенттілігін кемітпей, бағалы тұқым қуалайтын қасиеттерінің нығая түсуіне себепші болады.

        Тұқыммал зауытының негізгі міндеті – бағалы қасиеттері ұрпағына тұрақты берілетін асылтұқымды аталықтар өсіру. Тұқымның қасиеттерін жақсартатын мұндай аталықтарды шығаруда туыстас малды жұптастыру қолданылады. Тұқым аса құнды аталық іздерден шыққан айрықша сапалы мал топтарынан тұруы, тұқымдағы аталық іздермен жүргізілетін жұмыс орташа инбридингті пайдалану арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Мұндай жұптастыру өте бағалы малды – аталық іздерді жалғастырушыларды алуға мүмкіндік береді.

...

Скачать:   txt (75 Kb)   pdf (206.8 Kb)   docx (44.8 Kb)  
Продолжить читать еще 21 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club