Агрохимия 10 апта тапсырмасы
Автор: llllayau55 • Октябрь 30, 2022 • Контрольная работа • 659 Слов (3 Страниц) • 172 Просмотры
Тургунбаева Фарида 2-курс
Агрохимия 10 апта тапсырмасы
1.Тыңайтқыштарды сақтау, тасымалдау?
Тыңайтқыштарды сақтау арнайы жабық үй-жайларда (қоймаларда), ыдыс-тарда (сүрлемдерде, сақтау орындарында) жүзеге асырылады. Жұмсақ кон-тейнерлерге буып-түйілген тыңайтқыштарды қатты жабыны бар ашық алаң-дарда және қалқа астында сақтауға рұқсат етіледі. Сақтау кезінде тыңайт-қыштардың бұзылмауы (олардың саны және сапасы) қамтамасыз етілуі және қоршаған ортаға зиян келтіру қатері болмауы тиіс. Тыңайтқыштарды сақтау кезінде олардың физика-химиялық қасиеттері және оларды күшті тотықтыр-ғыштардан, өрт қауіпті және жарылыс қауіпті заттардан бөлек сақтаудың қа-жеттілігі ескерілуі тиіс. Тыңайтқыштарды сақтау орындарында көрінетін жерлерге көрсетілген заттарды сақтаудың ерекшеліктері, гигиена ережелері, қауіпсіздік шаралары, оның ішінде, сол немесе өзге авариялық жағдайларды жою кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы ақпарат орналастырылады. Сақ-талатын тыңайтқыштардың мөлшері жобада көзделген қойманың сыйымды-лығынан аспауы тиіс. Тамақ өнімдерін, мал азығын, шаруашылық және тұр-мыстық мақсаттағы әр түрлі заттарды, техникаларды бірге сақтау үшін ты-ңайтқыш қоймаларын пайдалануға жол берілмейді. Сұйық тыңайтқыштары бар бөшкелерді, бидондарды қоймада сақтау құю тесіктерін жоғары қаратып жүргізіледі. Сұйық тыңайтқыштары бар ыдыстарды сақтау кезінде ыдыс ава-риялық бүлінген жағдайда төгілген өнімнің барлық көлемін оқшаулауға ба-ғытталған тиісті техникалық шаралар мен құралдар (ылғал өткізбейтін үй-жайлар, су өткізбейтін тұғырықтар немесе басқа құралдар) көзделуі тиіс. Буып-түйілмеген әр түрлі минералды тыңайтқыштар қойманың жеке бөлік-терінде немесе жеке қоймаларда сақталуы тиіс. Егер минералды тыңайтқыш-тардың қасиеттері бірге сақтауға кедергі келтірмейтін болса және ені 1 метр-ден кем емес әр түрлі тыңайтқыштар арасындағы бөлу аймағын сақтау және қоймада сақталатын өнімнің түрін көрсете отырып тақтайша орнату шарты-мен бір қоймада бірнеше түрлі минералды тыңайтқыштар сақтауға рұқсат етіледі. Тыңайтқыштары бар орамдарды сөрелерге немесе тұғырықтарға ор-наластырады. Тұғырықтарда сақталатын буып-түйілген түрдегі тыңайтқыш-тар қатарының биіктігі 2 метрден аспауы тиіс. Жұмсақ контейнерлердегі ты-ңайтқыштарды 2 қабат етіп сақтайды. Буып-түйілген тыңайтқыштар түрлері бойынша бөлек сақталуы тиіс. Буып-түйілген тыңайтқыштарды тұғырықтар мен сөрелерді пайдаланбай қойма еденіне үйіп сақтауға рұқсат етілмейді. Қо-ректік элементтердің жоғалуын, ауаның улы газдармен ластану деңгейін тө-мендету мақсатында қатты органикалық тыңайтқыштардың дөңдері сақтау кезінде сіңіргіш материалдар - шым тезек, үгінді, сабан қабатымен жабылуы тиіс. Жартылай сұйық, сұйық көң, тезек, ағындар секциялық типтегі арнайы жинағыштарда сақталады. Сұйық көңді өңдеу жөніндегі ғимараттар орна-ласқан аумақта алты тәулік сақтауға арналған карантиндік ыдыстар болуы тиіс.
Тыңайтқыштарды тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік талаптар. Қауіпті жүктер (селитралар және солардың негізіндегі тыңайтқыштар, сусыз аммиак, ам-миакты су) санатына жататын тыңайтқыштарды тасымалдау темір жол көлігі және автомобиль көлігі туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Буып-түйілмеген тыңайтқыштар бос күйінде жабық темір жол вагондарымен, минерал тасығыштармен, жабық кемелер-мен және міндетті түрде шанақпен жаба отырып, автокөлікпен тасымалда-нады. Сұйық минералды тыңайтқыштарды (аммиакты суды, көмір аммиак-тын, сұйық кешенді тыңайтқыштарды) тасымалдау арнайы темір жол және автомобиль көлігімен жүргізіледі. Аммиакпен жанасатын сорғылар, штуцер-лер, шүмектер және басқа да бөлшектер аммиактың агрессивті әсеріне төзім-ді материалдан жасалуы тиіс. Қола немесе мыстан жасалған бөлшектерді қолдануға рұқсат етілмейді. Ыдыстарды (цистерналарды, резервуарларды) сұйық минералды тыңайтқыштармен толтыру жол бойы мүмкін болатын температураның өзгеруі кезінде өнім көлемінің ұлғаюын есепке ала отырып жүргізіледі. Сулы аммиакты тасымалдауға арналған ыдыстар олардың толық сыйымдылығының 93 %-нан аспайтындай етіп, сусыз аммиакты тасымалдау-ға арналған ыдыстар 85 %-нан аспайтындай етіп толтырылады. Буып-түйіл-ген минералды тыңайтқыштарды тасымалдау кезінде ыдыстардың жарылуы-на, жүктің төгілуіне және шашылуына жол берілмейді.
...