Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қант диабеті ІІ типі, орташа ауырлық дәрежеде, декомпенсация фазасында

Автор:   •  Октябрь 16, 2018  •  История болезни  •  4,179 Слов (17 Страниц)  •  1,689 Просмотры

Страница 1 из 17

«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

№1 ЖАЛПЫ ДӘРІГЕРЛІК ПРАКТИКА КАФЕДРАСЫ

Амбулаторлық науқастың медициналық картасы

№3869/2017ж.

Негізгі диагнозы:  Қант диабеті ІІ типі, орташа ауырлық дәрежеде, декомпенсация фазасында.

Қосалқы аурулары: Артериалық гипертензия 3 дәреже, 4 кауіп фактор, СЖЖ ФК1.

Асқынуы:  Диабеттік ретинопатия.

Паспорттық бөлім:

Науқас: Молдабаева Кульбагда Садвокасовна        ЖСН: 361210401101

Туған күні:  10.12.1954 ж. (64 жаста)

Жынысы: Әйел

Ұлты: Қазақ

Тұрақты мекен-жайы:  Астана қаласы, Акмешіт көшесі 5а үй, 51 пәтер

Жұмыс орны мен кәсібі: Зейнеткер.

Орындаған: Құлтан Ж.Қ.  505 ЖМ

                                                        Тексерген:  Рахымгалиева Г. Б.

    Астана 2018 ж.

Науқастың шағымдары:

Негізгі: ауыздың құрғауына, жиі шөлдеуге, гликемияның  тұрақсыздығына , тамақты көп жегісі келетініне, күндізде түнде де жиі әрі көп мөлшерде зәрдің шығуына (полиурия), көру қабілетінің төмендеуіне, полидипсия, көзінің жиі ауруына шағымданады.

Қосымша: жалпы симптоматикасы бойынша науқас жалпы әлсіздікке, қан қысымының 180/90 мм.с.б. көтерілуіне байланысты басының айналуына, бас ауруына, көзінің қарауытып, құлағының шулауына, жүрек қағысына, тершеңдік, тез шаршағыштыққа шағымданады.

Anamnesis morbi: Пациенттің айтуы бойынша қант диабеті ІІ типі, орташа ауырлық дәрежеде, 10 жыл көлемінде ауырады. Аталған ауру бойынша эндокринологтың бақылауында  «Д» есепте тұрады. №9 стол диетаны бір қалыпты бақыламайды. Қандағы глюкозаның мөлшері 13,0 ммоль/л жоғарылаған. Қант диабетіне байланысты, қант мөлшерін төмендететін уақытылы келесі препараттарды қабылдаған: антарис 3 мг, глюконил 850  мг,  новомикс 10-12 ЕД.  Жағдайы 1 апта көлемінде нашарлаған соң, шағымдарымен №9  қалалық емханаға келіп участік дәрігеріне тексерілген.  Тексерілу нәтижесінде қант мөлшері 14.7 мл/л анықталған.

Anamnesis vitae: Науқас Молдабаева  К.С.  10.12.1954 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Астана  қаласына 2007 жылы көшіп келген. Әкесі есепші, анасы асханада аспазшы болған.  Білімі жоғары, жоғары оқу орындарын аяқтаған.  1976 жылдан бері тұрмыста Жанұясында 7 баланың ішінде біріншісі. Дамып жетілуі жасына сай, ақыл-ой және физикалық дамуы жағынан өз қатарынан қалмаған. Еңбек және тұрмыстық жағдайы қанағаттанарлық. Тамақтануы толық, ретті, үйлесімді .

Эпидемиологиялық анамнез: туберкулез, Боткин, венерологиялық аурулармен ауырмағандығын айтады. Бала кезінде қызылшамен ауырған.

Тұқымқуалаушылық аурулары: жанұясында ешкім қант диабетімен ауырмаған.

Зиянды әдеттері: темекі тартпайды, алкоголь, ішімдік ішпейді.

Аллергологиялық анамнез: теріс.

Гинекологиялық анамнез: етеккірі 14 жастан басталған, ұзақтығы 4 күн, ауырсынусыз. 6 рет жүкті болған, 6 рет босанған.

Басынан өткізген аурулары: 1982 гастритпен, 2001 жылы холециститпен, 2006 жылдан бері кардиологтың бақылауында «Д» есепте  тұрады:  Д/З артериалды гипертензия 3 дәреже, 4 кауіп фактор.СЖЖ ФК1.  АҚ 180/110 дейін жоғарылаған.  Қазіргі уақытта гипотензивті терапия ретінде (престариум 10 мг, короним 5 мг, кардиомагнил 150 мг)қолданады. 2007 жылы жатырдың эрозиясы болған.

Қан кұюлар: болмаған.

Операциялар, сынықтар болмаған.

Status prаеsens: Науқастың жалпы жағдайы инсипидарлы синдромға байланысты орташа ауырлық дәрежеде. Есі анық, берілген сұрақтарға жақсы жауап береді. Қозғалыс қалпы белсенді. Төсектегі қалпы белсенді. Дене бітімі – гиперстеникалық. Тері жамылғысы және беткей кілегей қабаттарының түсі қалыпты, тері жамылғысы құрғақ, тургоры және эластикалық қасиеті төмендеген. Шел май қабаты орташа дамыған. Шеткері ісінулері жоқ. Көзінің шырышты қабаты ақшыл-қызыл, склерасы ақ. Шеткері лимфа түйіндері пальпацияланбайды. Бұлшықеттерінің жалпы әлсіздігі, симметриялы, қалыпты дамыған. Сүйек – буын жүйесі көзбен қарағанда деформацияланбаған, сипағанда және соққылағанда ауырсынбайды. Буынның жергілікті аймағы жылы, аздап өзгермеген, қозғалысы сақталған, жұмысы шектелмеген. Омыртқа жотасы қисаймаған. Бас формасы қалыпты, мұрын, құлақта ақаулары жоқ. Ерні құрғап-жарылған.

...

Скачать:   txt (38.5 Kb)   pdf (292.3 Kb)   docx (1.3 Mb)  
Продолжить читать еще 16 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club