Туа пайда болfан онештiн тарылуы
Автор: venera11051989 • Июль 10, 2018 • Реферат • 1,150 Слов (5 Страниц) • 632 Просмотры
Өңештің кеуде бөлігінің жыртылуы жиі пневмоторакспен қатар жүреді, жиі оң жақтан, ол жерде өңеш көкірекаралықтық өкпеқапқа тығыз іргелес орналасқан. Көкірекаралықтық өкпеқаптың сақталуы кезінде көкіректің, жүректің ірі тамырларының ығысуымен және жаншылуы және жүйке өрімдерінің тітіркенуімен көкіректің эмфиземасы дамиды.
Тікелей перфорациялаудан кейін, балада қанды қайта құсуы туындауы мүмкін. Балалар мазасыз бола бастайды, тамақтан бас тартады, кеуде артының ауырсынуына және арқадағы ауырсынуға шағымданады. Ентігу, қырылдаған тыныс алу, жоғары дене температурасы пайда болады. Токсикоз белгілері және тыныс алу жеткіліксіздігі үдей түседі. Жүрек үнінің тұйықталуы перкуторлы жоғалады немесе пневмоторакс анықталады. Мойынның ісінуі және тері асты қабатының эмфиземасы жиі пайда болады.
Өңеш перфорациясына күдіктенген жағдайда шұғыл рентгенологиялық зерттеу қажет. Кеуде торының мүшелеріне рентгеноскопия жасау кезінде өңештің кеуде бөлімінің перфорациясы кезінде көкірек көлеңкесінің кеңейуін байқайды. Көкірекаралыққа ауа жиылуы (пневмомедиастинум) болған жағдайда газ жүрек жиектері бойынша анықталады, айыр безді орайды, мойын шелмайына жолақ түрінде таратылады. Пневмоторакс болуы мүмкін. Өңештің мойын бөлігінің перфорациясы кезінде кеңірдектің бүйір проекциясында омыртқадан алға қарай ауытқиды, ретротрахеалды шелмайында газдың көпіршіктері пайда болады. Түпкілікті перфорацияның орнын және мөлшерін өңеш рентгенографиясында контрастық затпен (йодолиппен) нақтылайды. Йодолиппен рентгеноскопияны көлденеңінен жүргізеді, әрі кіші жастағы балаларға контрастық затты катетер арқылы енгізеді. Перфорация туралы контрасты заттың өңеш контурларына жағылуы бойынша жорамалдайды.
ЕМДЕЛУІ
Науқасты ауыз арқылы азықтандыруды толығымен тоқтату. Антибиотиктердің комбинациясын күре тамырдың ішіне құюды тағайындайды, грамтеріс, грамоңды флораға және анаэробты микроорганизмдерге әсер етуші (метронидазол), жасына байланысты барынша рұқсат етілген дозада. Науқасқа гастростоманы енгізу, өңештің төменгі кеуде қуысы бөлімін перфорациялау кезінде бір түтікті аш ішекке азықтандыру үшін, екіншісін — асқазанға жаншылудан босату үшін қос гастростоманы жүргізу абзал. Мұндай тактика көкіректің асқазан ішіндегісімен асқазан- өңештік кері ағуды және қайта індет жұқтырудың пайда болуын болдырмайды. Тек сирек жағдайларда, перфорация диагнозы күмән туғызған кезде, науқасты асқазанға мұрын жолы арқылы өткізілген түтік арқылы тамақтандыруды жүргізуге болады.
Егер перфорация диагнозы алғашқы тәулікте қойылса, өңештің жыртылуын тігу арқылы шұғыл түрде жедел араласу көрсетілген. Бұл ретте емдеудің ең оңтайлы технологиясы болып торакоскопия табылады, ол кең көзбен шолуды және жақсы косметикалық нәтиже береді. Кеш мерзімде мойын немесе көкірек шелмайындағы бітеу жараға және іріңді ісіктерге дренаждаумен ғана шектеледі. Отаны өңешке жақын жатқан шелмайын дренаждаумен аяқтайды және тұрақты аспирациямен жууға арналған жүйені орнатады.
12.6. ТУА ПАЙДА БОЛҒАН ӨҢЕШТІҢ ТАРЫЛУЫ
Өңештің туа біткен тарылуы — даму кемістігі, оның салдарынан өңештің шектеулі бөлігінде органикалық тарылу болады. Туа біткен тарылу даму кемістігінің сирек түріне жатады, оның жиілігі елеулі шегінде ауытқиды және барлық даму ақауларының 0,01–1% құрайды.
Өңештің туа біткен тарылуы ұрық дамуы кезеңінде туындайтын, түрлі кемістіктермен негізделген. Мұндай кемістіктердің туындауының себептерінің бірі –бастапқы ішек түтігінің көпіршіктену процесінің бұзылуы, өңештің бір бөлігінде толық саңылаудың қайта өзектелуі болмаған жағдайда. Бұл жағдайларда стеноздың мембранозды түрлері құрылады. Өңеш және кеңірдек бронх шеміршектерінің дистопиясымен арасындағы бөлінуін бұзған жағдайда өңеш қабырғасына өңештің
...