Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Дәрігерлік учаскедегі эпидемияға қарсы жұмыс

Автор:   •  Февраль 6, 2024  •  Реферат  •  3,092 Слов (13 Страниц)  •  94 Просмотры

Страница 1 из 13

        КеАҚ «Қарағанды медицина университеті»

Қоғамдық денсаулық және биомедицина мектебі

Эпидемиология модулі

Тақырып: Дәрігерлік учаскедегі эпидемияға қарсы жұмыс

                                                           

  Жұқпалы аурулардың патологиялық өзгерістері адамдардың тек уақытша еңбекке жарамсыздығымен ғана емес, сонымен қатар  тұрғындардың қоғамдық әрі экономикалық үрдістерге  зиян келтірумен, тұрғындардың денсаулығын төмендететін фактор ретінде анықталады.

           Жұқпалы аурулар адам патологияларының  ішінде әлі де бірінші орында тұр. Олармен күрес және алдын алу шаралары да дәрігерлік участкеде, инфекциялық стационардағы негізгі жұмыс болып табылады.

           Инфекциялық науқастармен жұмысты дәрігер бастайды; ол науқастарды тауып, анықтап, инфекциялық ауру диагнозын қояды. Ал  біріншілік эпидемияға қарсы шаралардың дәрігерлермен  қалайша жүргізілуі,  келесі СЭББ (санитарлық эпидемиялогиялық бақылау басқармасы) мамандарының жүргізетін жұмысының тиімділігін анықтайды. Сондықтан жалпы медицина мамандығы студенттері инфекциялық аурулардың эпидемиялық процесін білуді, инфекциялық аурулар кезіндегі эпидемиялық ошақтағы  белгілі бір шараларды жүргізуді үйренуге міндетті.

       Жұқпалы аурулардың   алдын алу және эпидемияға қарсы шаралары, тұрғындарды қорғауға бағытталған әртүрлі жұмыстардың кең шеңберінен тұратындықтан, олар эпидемиологиялық қадағалау деп аталады.

          Эпидемиологиялық қадағалау-эпидемиялық процесті комплексті динамикалық бақылау болып табылады. Оның ішінде инфекциялық ауруларды көпжылдық және бір жыл ішінде талдау, әртүрлі жастағы  топтардың  зақымдалуын  зерттеу; инфекциялық аурулардың клиникалық түрлерін, летальділігін, аурудың таралуына  әсер ететін факторларды  анықтау жұмыстары кіреді.

          Эпидемиологиялық қадағалауды эпидемиологтар, клиницисттер, денсаулық сақтау ұйымдастырушылары іске асырады.

          Жұқпалы ауруларды алдын алу, олардың таралуын шектеу бойынша жүргізетін шаралар эпидемиялық процестің барлық  3  звеносына  әсер етуі қажет:

  • инфекция қоздырғышысының көзіне;
  • берілу механизміне;
  • қабылдағыш организмге.
  • және  қосымша жалпы шараларда қосылады

Жұқпалы аурулар ошағындағы эпидемияға қарсы шаралар

Эпидемиялық процестің бірінші звеносы

Эпидемиялық процестің екінші звеносы

Эпидемиялық процестің үшінші звеносы

   Жалпы  шаралар

Зақымдалған адамдар:

  • Анықтау.
  • Эпид.анамнезді сұрастыру.
  • Оңашалау (үй жағдайында және ауруханаға жатқызу).
  • СЭББ-на хабарлау Жұқпалы ауруларды

тіркеу журналына тіркеу ф.060ф

  • Емдеу-диагностикалық шаралар.

Закымдалған жануарлар:

  • Анықтап табу.
  • Изоляция.
  • Емдеу-диагностикалық шаралар  немесе жою.
  • Дератизация

Сыртқы орта факторлары:

  • Дезинфекция.
  • Стерилизация
  • Дезинсекция
  • Санитарлық-гигиеналық шаралар.

Инфекция көзімен қатынаста болған адамдар:

  • Қатынаста болғандардың барлығын анықтау.
  • Максимальді

инкубациялық кезең уақытында бақылау.

  • Қатынаста болғандарды лабораторлық .тексеру
  • Жедел профилактика
  • Иммунопрофилак-

  тика.

  • Ошақта қоршаған ортадан, суды, ауаны, қалдық тағамдарды және т.б. бактериологиялық зерттеу.
  • Санитарлық-ағарту жұмыстар.

...

Скачать:   txt (39.1 Kb)   pdf (146.1 Kb)   docx (204.3 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club