Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бірінші толғам немесе балалық шақтың базары

Автор:   •  Апрель 19, 2018  •  Реферат  •  790 Слов (4 Страниц)  •  861 Просмотры

Страница 1 из 4

                  Бес белес

Адам ғұмыры былай қарағанда біліне бермейтін белестерден тұрады. Сол белестердің әр асуында қуаныш пен қызықтарды былай қойғанда күтіп тұратын кедергілері, тапжылмай жатып алатын тосқауылдары болады. Олардан абыроймен өту екінің бірінің еншісіне жазыла бермейтіні және аян. Сондай бір өмірдің 5 белесін еңсеріп, жарты ғасырлық кезеңге шыққан ардақты да асыл азамат жайлы әңгімелеуді жөн көрдім. Сонымен…

Бірінші толғам немесе балалық шақтың базары. 

Абай ауданы, Құндызды ауылының күніне күйіп,желіне тотығып өскен баланы әкесінің мектепке жетектеп әкелгені әлі күнге жадында. Бұл жер . Ақтамберді жыраудың жатқан жері, жыр дүлділі Шәкір Әбеновтың шабытының  шапқан жері. Әліппені қолға алып, әріп тани бастаған сол алаңсыз шақтары үлкен болашақтың бастауы екен ғой. Ауылдағы мектепте сауатын ғана ашқан жоқ, сонымен бірге тәлім-тәрбие өнегесін де өрістетті. Әкесі- Демесін Тыныбаев пен анасы- Кәмила Мұсаханқызы ұлдары- Сұлтан Демесінұлының тәрбиесіне барын салды.  Перзенттері еңбектерін ақтап бала күнінен алғыр, дарынды, әдебиетке бейім болып өсті. «Әке көрген оқ жонар»-дегендей, Демесін ақсақал Ұлы Отан соғысының ардагері,Абай ауданында оқу ағарту саласында ұзақ жылдар басшылық қызмет атқарған жан. «Менің балалық бал- дәурен шағым Құндызды ауылдың сай-саласы, адыр-жоталарында өтті. Бұл ерекше қасиетті ауыл. Әкем әдебиетші, ұстаз болғандықтан Шәкір атаға өте жақын болды. Мен де ол кісінің қасында жүріп, көк шалғыннан орақпен орған шөбін жинап, әңгімесіне қанып өскен баланың бірімін. Қасиетті жердің суын ішіп, топырағында аунап өскендіктен бе, әдебиетке, тарихқа ерекше құмар болдым. Осы жерден нәр алдым, осы жерден қанаттандым. Осы жердің суына, даласына, тау-тасына әлі күнге дейін қарызбын. Туған жердің туы тұғырлы болсын деген тілегім, азаматтық міндетім мен борышым деп түсінем»,-дейді Сұлтан Демесінұлы. Иә, туған жердің әр тасы санада сақталып, әр белесі естен кетпейтіні рас. Даласына қарап қыранын, қыранына қарап даласын танитын қазақпыз ғой.

Екінші толғам немесе «Талапты ерге нұр жауар».

Сұлтанның жалындаған жастық шағы,бозбала дәурені ауылда өтті. 13 жасынан совхоздағы еңбекке араласты. Абай ауданына қарасты Медеу ауылындағы орта мектепті  бітіріп, білім алуға ынтықты. Ел қатарлы Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып келді. Қызықты балалық шағының жалғасы, қимас бозбалалық шақтар, жігіттік  дәуренге ұмтылу, осы өлкеде басталған. Алғашқы махаббат жүрегінде бүршік жарып, тұңғыш рет қызға сезімін жеткізіп, жыр жазған.  

Үшінші толғам немесе үлкен істің бастаулары. 

Сұлтан Демесінұлы жоғарғы оқу орнында оқып жүргеннің өзінде алғырлығымен  көзге түсіп, өз тобының алды бола білді. Жігерлі,қайратты жастың болашағынан зор үміт күттіретінін сол кезден-ақ аңғаруға болатын еді.  Ол- сөздің емес,істің адамы. Ата- бабасының өлкесі Абыралы өңірінде жас кезінен еңбекке араласып, совхоз директоры болды. Табанды, қажырлы еңбек етті. Аумалы-төкпелі заманда  алғыр азамат екінші жоғарғы оқу орнын заңгер мамандығы бойынша бітіріп шығып, Шығыс Қазақстан облысы, Қаржы полициясы департаментінде жұмысын жалғастырды. Білікті маман еліміздің, экономикалық саясатын қорғау бағытында жемісті еңбек етті. Бұл қызмет оның өміріне жаңа өзгерістер ала келді. Тәжірибе жинақтаған әрі өзінің жоғары талап деңгейінен көріне білетіндігін танытқан каді бұл қызметінде жоғарылады. Семей аймағы бойынша Қаржы полициясы басқармасының экономикалық қылмыстарға қарсы күрес бөлімін, қаржылық қылмыстарға қарсы күрес бөлімі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бөлімдерін әр жылдары басқарды. Бұл саладағы еңбек жолын осы Қаржы полициясының Республикалық агенттігінде жоғарғы қызметте аяқтады. Қаржы полициясының ардагері және зейнеткері,қазірде  құрметті  демалыста.

...

Скачать:   txt (10.7 Kb)   pdf (154.7 Kb)   docx (748.7 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club