Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Біздің елімізде және ТМД елдеріндегі дәлелді медицина орталықтары

Автор:   •  Февраль 20, 2024  •  Реферат  •  3,436 Слов (14 Страниц)  •  109 Просмотры

Страница 1 из 14

[pic 1]

«Медициналық биофизика және ақпараттық технологиялар»,

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру және қоғамдық денсаулық» кафедралары

Баяндама

Тақырыбы: Біздің елімізде және ТМД елдеріндегі дәлелді медицина орталықтары.

Орындаған:

Шымкент, 2023 ж.

Мазмұны

Кіріспе............................................................................................................2

1. Дәлелді медицина туралы түсінік............................................................3

2. Дәлелді медицина тарихы.........................................................................6

3. Дәлелді медицина және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің өзекті

 мәселелері....................................................................................................11

Қорытынды..................................................................................................14

Пайдаланылған әдибеттер..........................................................................15

                               

 

  КІРІСПЕ

     Дәлелді медицинаның (ДМ) туу кезеңі деп 1830 жылды айтуға болады. Француз дәрігері Пьер Шарль Александр Луи (Pierre Charle Alexandre Louis) клиникалық бақылау нәтижесінде жедел пневмонияны емдегенде қан жіберудің пайдасыздығын дәлелдеді. Бірақ та, Дәлелді медицинаны алғашқы даму қадамы одан бұрын басталған еді.

Дәлелді медицина концепциясының пайда болуына 1990 жылдарда пайда болған көптеген ғылыми медициналық басылымдар ықпалын тигізді. Бұл басылымдарды дәрігердің толығымен меңгеруі мүмкін емес еді. Медицина жоғары технологияларды пайдаланатын салаға айналды, соған байланысты құрылғылар мен дәрілердің емдеу құны қымбаттаған болатын.

«Дәлелді медицина» - тек медициналық мақалаларды оқу ма?

Дәлелді медицина (дәлелдемелерге негізделген медицина) жай ғана мақалаларды оқудан да күрделірек. Ең танымал анықтамаға сәйкес, дәлелдерге негізделген медицина бұл «нақты науқасқа көмектесу туралы шешім қабылдауда саналы, анық және әділ, ең үздік дәлелдерді қолдану болып табылады». Мұндай анықтама пайдалы, бірақ ол дәлелді медицинаның ең маңызды бір аспектісін ескермейді - ол математикалық әдістерді қолдану. Тіпті, сіз дәлелді медицина туралы ештеңе білмесеңіз де, сіз мүмкін онда көптеген сандар және қатынастар барын естіген болармыз. «Дәлелді медицина бұл нақты наукасты емдеу және диагностикалау туралы клиникалық шешім қабылдау үшін жоғары сапалы ғылыми зерттеуде тандалған, науқастарға тиетін зиянның және пайданың қаншалыкты ықтималдығын математикалык бағалауды қолдану».

Сол себепті дәлелді медицина негізінде нақты науқастар туралы шешім қабылдауда, топтағы науқастарды зерттеуде алынған сандық мәліметтерді қолданады. Осыған карап, алдымен мына сұраққа жауап беру керек: «Зерттеу дегеніміз не?». Едәуір нақты жауапты келесідей кұрастыруға болады: бұл орталықтанған, жаңа білім алуға бағытталған, жүйелі ғылыми ізденулер. Келесі бөлімдерде бұл анықтама сізге шынайы зерттеулерді (сізді ақпараттык қолдаумен қамтамасыз ететін) төмен сападағы қызығушы-дилетанттық сынамалардан қалай ажыратуға көмектесетінін (сізге сыпайы түрде ескермеу керек екендігін) көрсетеді.

Медициналық әдебиеттті табу - оңай тапсырма емес. Сіз мақаланың бүкіл ережелерін сақтап оқысаңыз да, бірақ, такырыпқа сай келмейтіні болса, оны оқудың да қажеті жоқ. Кітапхана сөрелерінде шамамен 15 миллиондай медициналык мақалалар бар. Әр ай сайын әлемде 5000-ға жуык медициналык журналдар басылып шығады, ал тек журналдарда басылып шығатын рефератты макалалар (аннотациялар) 250-ден асып түседі. Бұл басылымнан шығып жаткан материалдардың тек 10-15% ғана болашақта ғылыми құндылыққа ие болады.

Дәлелді медицина туралы түсінік

Дәлелді медицина – нақты науқастың емін таңдауға арналған клиникалық зерттеулердің үздік нәтижелерін әділдікпен, дәлме-дәл және ойланып пайдалану.  Дәлелді медицина- бұл нақты науқасты емдеу және диагностикалау туралы клиникалық шешім қабылдау үшін жоғары сапалы ғылыми зерттеуде таңдалған, науқастарға тиетін пайданың және зиянның қаншалықты ықтималдығында математикалық бағалауды қолдану. Осыған байланысты дәлелді медицина негізінде нақты науқастар туралы шешім қабылдауда, топтағы науқастарды зерттеуде алынған сандық мәліметтерді қолданады.

...

Скачать:   txt (51.2 Kb)   pdf (596.6 Kb)   docx (427.7 Kb)  
Продолжить читать еще 13 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club