Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кен орнының геологиялық сипаттамасы

Автор:   •  Июнь 16, 2021  •  Реферат  •  1,536 Слов (7 Страниц)  •  457 Просмотры

Страница 1 из 7

1.2.  Кен орнының геологиялық сипаттамасы

1.2.1. Кен орын жөнінде жалпы мәліметтер

Әлібекмола кенорны Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында, Ақтөбе қаласынан 250–270км оңтүстікке қарай орналасқан.

Қабылданған классификация бойынша мұнайгазконденсатты Әлібекмола кен орны ірі кен орындардың қатарына жатады.

Ең жақын елді мекендер Жағабұлақ және кенорны алаңынан батысқа қарай 5км қашықтықта (45 – 50км) Шұбар поселкесі орналасқан. Кен орыннан 50-55км солтүстік – шығыста ең жақын теміржол станциясы және аудан орталығы Ембі станциясы орналасқан.

Ауданның солтүстік-батыс бөлігіне Құмжарған барханды құмдары шектеседі. Жер бедерінің максималды ақиқат белгісі +281м. Ендік бағытта ауданның солтүстік бөлігін қиятын Ембі өзенінің жазықтығында минималды ақиқат белгі +160м.

Қатты континентальді жылдық және тәуліктік температурасының өзгеруі (– 430С дан +43 0С дейін) және төмен ылғалды. Орталық жылдық атмосфералық жауын – шашын мөлшері көп емес, 140 – 200мм дейін.

Топырақтың тоңдану тереңдігі 1,5 – 1,8м. Аймақтың өсімдігі өте кедей. Ембі өзенінің жазықтығында және терең сайларда тал-шілік, қамыс-қопа кездеседі. Жануарлар әлемі де кедей – негізінен кеміргіштер.

Бұл мұнайлылық ауданда алдында ашылған Жаңажол кен орны (20км оңтүстік-батысқа қарай) және Кеңқияқ кен орындары (50км батысқа қарай) орналасқан. Бұл кен орыннан шыққан мұнай құбырмен мамагистральды Атырау – Орск құбырына беріледі. Кен орынның солтүстік аудан бөлігінен Жаңажол – Ембі – Ақтөбе тас жолы өтіп жатыр.

Әлібекмола кен орнында сейсмобарлау жұмыстары 1980ж. жүргізілді.  КҚ – I және КҚ – II қабаттарын cынау кезінде алғашқы №5 ұнғыдан газдың (1987ж) фонтанды ағыны алынды.    

01.01.2002 жылы кен орын жағдайы бойынша 29 ұнғы бұрғыланды. Жалпы кен орынның (С1 – категоиясы) 1994ж. 24 қарашада ҚР  МҚК             (№21 протокол) бекітілуі бойынша мұнай, газ және конденсат қоры:

            баланстық мұнай қоры – 127427,6 мың тонна;

          алынатын мұнай қоры – 54119,2 мың тонна;

               еркін газдың алынатын қоры – 650 млн.м3;

                еріген газ баланстық қоры – 31208,7млн.м3, алынатын –13699 млн.м3; газконденсаттың баланстық қоры – 22мың тонна алынатын – 13 мың тонна.

Алғашқы жұмыстағы бұрғылау мәліметтері бойынша Әлібекмола құрылымы КҚ – I жабыны бойынша брахиантиклиналдық қатпардың субмеридианалдық созылуы берілді, №3,11,12,22, ұңғылармен кесілген батыстан субмеридианалдық жайылу бұзылуы шектейді.

Карбонатты қалыңдықтың астыңғы жабыны бойынша (КҚ–II) брахиантиклиналдық қатпардың жарықшақтануы, екі оңаша жердегі, төбенің асқынуымен берілген: оңтүстік және солтүстік. №3,11,12,22 ұңғылармен кесілген батыстағы субмеридианалдық жайылу, тектоникалық бұзылуымен шектелді. Жыныстардың араласу амплитудасы (солтүстіктен оңтүстікке қарай) сәйкесінше 200 метрден 500 метрге дейін.

1.2.2. Стратиграфиясы

Ауданның  шөгінді жабуы екі құрылымдық қабаттан тұрады: тұзасты және тұз үсті.

Әлібекмола тұзасты дөңесі Жаңажол тектоникалық сатысының шөгінде орналасқан, оның ерекшеліктерінің бірі карбонатты массив қуатының дамуы, сонымен қатар тек брахиантиклиналдық дөңесінің асқынуы болып табылады.

Әлібекмола кен орнының тас көмір жүйесі барлық бөліктермен берілген:      

    астыңғы (визей және серпухов ярусы)

    ортаңғы (башкир және москва ярусы)

    жоғарғы ( касим және гжельск ярусы).

Кен орынның ауданында ашылған ең ежелгі қабаттар окс горизонтының үстіндегі карбонат–терриген шөгінділері. Бұл шөгінділердің жасы №4, 5, 9 ұңғылармен ашылды.

Әлібекмола дөңесі гжелькс-подольск (КҚ–I) және кашир – веневск      (КҚ–II) карбонатты массив долында орналасқан.

Әлібекмола кен орнында іздеу–барлау жұмыстарын өткізу нәтижесінде терең ұңғылармен төменгі таскөмірден бастап төрттік жүйеге дейінгі түзілімдер ашылды.

...

Скачать:   txt (20 Kb)   pdf (101.7 Kb)   docx (18.5 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club