Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жер ресурсын басқарудың негізгі әдістері

Автор:   •  Сентябрь 24, 2021  •  Лекция  •  2,249 Слов (9 Страниц)  •  585 Просмотры

Страница 1 из 9

Дәріс 3

Жер ресурсын басқарудың негізгі әдістері.

Мемлекеттік жер кадастры. Жерге орналастыру. Мемлекеттік жер мониторингі

Мемлекеттік жер кадастры

 Казақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі жер кадастрының тұтас жүйесін жасау, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жылжымайтын мүлікті тіркеу жөніндегі орталықтарымен, Қаржы министрлігімен және басқа да мемлекеттік басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасау және жұмыстарын үйлестіру бойынша мақсатты бағытталған жұмыс жүргізуде.

Жаңа мемлекеттік жер кадастрын калыптастыруды Қазақстан Республикасы үшін бірыңғай жүйе бойынша Агенттіктің маман-дандырылған мемлекеттік кәсіпорыңдары жүргізуде.

Республикада Кадастр мен оның инфрақұрылымдарының негізі жасалған.

Шекаралар мен есепті кварталдардың кодтарын белгілей отырып аумақ-тарды жер-кадастрлық аймақтарға бөлу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі кезде кұқықтық және фискалдық кадастрлар үшін ақпараттарды жер кадастры жасайды. Фискалдық кадастрды жүргізудің негізі болып табылатын жер учаскесінің кадастрлық құнын белгілеу жер кадастрының кұрамдас бөлігі болып табылады.

Жерді мемлекеттік кадастрлық бағалау үшін "Ауыл шаруашылығы алкаптарының кадастрлық кұнын айкындауға арналған төлемнің базалық ставкаларын есептеу әдістемесі" (Астана каласы, 2003 ж.) және нарық бағаларының, сондай-ақ жылжымайтын мүлікті бағалау мен Астана қаласындағы жер учаскелерін бағалау кезінде сынақтан өткен бағалық аймактандыру әдістерінің негізінде "Елді мекендердің (қалалардың) жерін кадастрлық бағалау әдістемесі" әзірленді.

Жер кадастры Жер кодексінің талаптарына сәйкес атрибутивтік және графикалық жер-кадастрлық құжаттаманы, статистикалық есеп беру мен ведомствоаралық алмасудың нысанын, мазмұнын, оларды қалыптастыру тәртібі мен жүргізу әдістемесін; сандық және сапалық мемлекеттік есепке алуды жетілдіру бойынша    жұмыстар жүргізілуде.

Аудандар мен есепті кварталдардың жер-кадастрлық карталарын компьютерлер технологиялары базасында жасау және оларды стандарттау жетілдірілуде.Кадастрды ғылыми-әдістемелік және бағдарламалық камтамасыз ету әзірленуде.

Кадастрдың автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жасау және жетілдіру, ГАЖ-технологияларын пайдалана отырып сандық карталар әзірлеу, оны жүргізу технологияларын дамытудың негізі болып табылады.

Қазақстанда 2002 жылдан бастап мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жасау мен енгізу бойынша жұ-мыстар басталды. Осы бағытта мынадай іс-шаралар жүзеге асырылды:

"'Бірыңғай мемлекеттік жер тізілімі". "Жер балансы", 'БМЖТ базасынан кұқықты куәландыратын құжаттарды калыптастыру және басып шығару". "Жерді кадастрлық бағалау" - кіші жүйелері әзірленді;

МЖК ААЖ-ін Казақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық коми-тетінің "Салық төлеушілер мен салық салу объектілерінің тізімі " акпараттық жүйесімен интеграциялау бойынша жұмыстар жүргізілуде. МЖК ААЖ-нің Республикалық орталығына осы жобаның шеңберінде компьютерлік техника қойылды, БМЖТ деректерін құру және осы деректерді СТмССОТ АЖ-не беру үшін клиенттік косымша койылды, Астана каласының деректері бойынша Пилоттық енгізу мен тестілеу басталды;

МЖК ААЖ деректері жалпы мемлекеттік акпараттык ресурс болып     табылады және бұл деректер электронды Үкімет пен оған кіретін төрт жалпымемлекеттік жүйенің құрамдас бөлігі ретінде кажетті. Оларға: СТмЖМОТ, мекен-жайлық тіркелім, жылжымайтын мүлік тіркелімі мен табиғи ресурстар жатады.

Ұйымдастырушылық-құқықтық және қаржылық камсыздандырудың бірқатар шешілмеген мәселелерінің, төмен техникалық жабдықталудың, жаңа технологиялардың жеткіліксіздігінің болуы әлемдік стандартқа жауап беретін жер кадастрының бірыңғай ақпараттык жүйесін жасауға кедергі жасап отыр.

...

Скачать:   txt (36.3 Kb)   pdf (149.8 Kb)   docx (24.6 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club