Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Дененің потенциалдық және кинетикалық энергиясын анықтау

Автор:   •  Апрель 25, 2022  •  Практическая работа  •  676 Слов (3 Страниц)  •  296 Просмотры

Страница 1 из 3

Практикалық жұмыс.

Дененің потенциалдық және кинетикалық энергиясын анықтау.

Мақсаты:

  1. Сіріңке қорабының потенциалдық энергиясын анықтау;
  2. Тартылыс күшінің әсерінен белгілі бір биіктіктен құлаған сіріңке қорабының жер бетіне түсер кездегі кинетикалық энергиясын анықтау.

Құрал-жабдықтар: сіріңке қорабы, сызғыш.

I тапсырма.

Нөлдік деңгейден һ биіктікте тұрған сіріңке қорабының максималды потенциалдық энергиясын анықтаңыз.

Жұмыс барысы.

  1. m массасы белгілі сіріңке қорабын үстел үстіне орналастырыңыз.

  1. Еденнен (нөлдік деңгей) үстел бетіне дейінгі h арақашықтықты өлшеңіз.
  1. Потенциалдық энергияның мәнін анықтаңыз [pic 1]

 II тапсырма.

Жердің тартылыс күшінің әсерінен белгілі биіктіктен құлаған сіріңке қорабының нөлдік деңгейге құлар мезетіндегі жылдамдығы мен кинетикалық энергиясын анықтаңыз

Теория

Толық механикалық энергияның сақталу заңы бойынша

[pic 2]

  1. І тапсырмадағы һ биіктіктің мәнін пайдаланып жылдамдықты және кинетикалық энергияны есептеңіз.

  1. Қорытынды жасаңыз.

Оқушының аты-жөні______________________________сынып_________күні_________

ОМ: 

- Кинетикалық энергияның Ek=mv2/2 формуласын қолдану;

- Жер бетіне жақын аймақта потенциалдық энергияның Ep=mgh формуласын қолдану;

- Сандарды стандартты түрде жазуда еселік және үлестік қосымшаларды білу және қолдану: микро (μ), милли (m), санти (c), деци (d), кило (k) және мега (М)

Жетістік критерийі

Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер ...

- кинетикалық және потенциалдық энергияның формулаларын білсе;

- есеп шығару барысында механикалық энергияның формуласын қолданса;

- барлық сәйкес есептеу жүйесін дұрыс көрсетеді: ондық бөлшектер, қосымшалар мен математикалық есептеулердегі өлшем бірліктер.

А деңгейі

  1. Тек қана кинетикалық энергияға ие болатын денелерге мысалдар келтіріңіз.

  1. Тек қана потенциалдық энергияға ие болатын денелерге мысалдар келтіріңіз.

В деңгейі

  1. Қарудан атылған оқ қандай кинетикалық энергияға ие болатынын анықтаңыз. Ұшқан оқтың жылдамдығы 500 м/с, массасы – 7 г.

  1. Массасы 7,2 т автомобильдің кинетикалық энергиясы 8,1 кДж болу үшін, ол қандай қылдамдықпен қозғалуы керек?
  1. Массасы 5 кг дененің потенциалдық энергиясы 40 Дж-ға арту үшін, оны қандай биіктікке көтеру керек?
  1. 20 м/с жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылған дене қандай биіктікке көтеріледі? Есеп шығару барысында ауаның кедергі күші ескерілмейді.
  2. Егер серіппені 20 см-ге созсақ, онда серімді деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы 20 Дж-ға тең болады. Серіппенің қатаңдығын анықтаңыз.
  3. Ойыншық пистолеттің серіппесін 5 см-ге сығып, одан атылар массасы 20 г шарикке 2 м/с жылдамдық беруге болады. Серіппенің қатаңдығын табыңыз.
  4. 1989 жылы кеңес одағында ең үлкен ұшақтың массасы 508 т болды және ол массасы 156,3 т жүкті 12,41 км биіктікке көтерді. Ұшақтың көтеру күші мен сол биіктіктегі жүйенің потенциалдық энергиясы неге тең?
  5. 1988 ж. АҚШ-та ең жеңл ұшақтың массасы 111 кг болды және ол 305,8 км/сағ жылдамдыққа ие бола алады. Ұшу барысында оның кинетикалық энергиясы қандай болды? Ені 7335 км болатын Тынық мұхитын ұшып өту үшін ол қанша уақыт жоғалтты?
  6. АҚШ-тағы ең кішкентай реактивті ұшақтың массасы 196 кг және жылдамдығы 450 км/сағ. Атлант мұхитын ұшып өту кезінде ол 7 сағат уақыт жұмсаса, қандай қашықтыққа орын ауыстырады? Оның өндірер кинетикалық энергиясы неге тең?
  7. 1986 жылы Ұлыбританияда жұмысшы массасы 50,8 кг көмірі бар мөшекті аялдамасыз 54,7 км қашықтыққа 12 сағ 45 мин ішінде арқалап апарды. Мөшек қандай кинетикалық энергияға ие болды?

...

Скачать:   txt (8.5 Kb)   pdf (162.9 Kb)   docx (1.1 Mb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club