Аталық және аналық жыныс мүшесінің анатомясы
Автор: 20161594 • Октябрь 26, 2018 • Доклад • 2,951 Слов (12 Страниц) • 2,950 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Аталық және аналық жыныс мүшесінің анатомясы
Орындаған: Абдулла А. С.
Тексерген: Мухамадиева Н. Н.
Семей 2018 ж
Жоспар
I. Кіріспе
1. Ата малдың жыныс мүшелері. Ұрғашы мал, жануарлардың жыныс мүшелері
II. Негізгі бөлім
1.1. Әр түлік ата мал ұмасының орналасуы және пішін ерекшелігі
1.2. Еннің құрылымы және атқаратын қызметі
1.3. Ен қосалқысы, шәует түтігі, қосымша жыныс бездері
2. Ұрғашы малдың сыртқы жыныс мүшелері
2.1. Ұрғашы малдың ішкі жыныс мүшелері
III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Ата малдың жыныс мүшелері: ұма, ен, ен қосалқысы, шәует түтігі, несеп-жыныс арығы, қосымша жыныс бездер және шағылысу мүшеден (шыбық, қасадан) тұрады. Олардың құрылымы, пішінi, көлемі орналасуы ата мал, жануарлардың түлігіне, түріне байланысты езгеше болады.
Ұрғашы мал, жануарлардың жыныс мүшелері екі топка бөлінеді: 1. сыртқы жыныс мүшелері; 2. iшкi жыныс мүшелері. Сыртқы жыныс мүшелеріне жыныс ернеуi, қынап сағасы, шүртекей кіреді. Iшкi жыныс мүшелерi қынап, жатыр, жұмыртқа түтігі, жұмыртқалықтан тұрады.
Ұма- енді сыртынан қоршап тұратын тepi дорба. Ұманы сирек шыққан, қысқа, ұяң түк жауып тұрады, ал айғырдікінде мұндай түк кездеспейді. Ұмада тер және май бездері жаксы дамыған. Ұма ортасындагы жік (шов) арқылы тең eкiгe белінеді.
Ұма теріден және серпінді бұлшық eттi қабаттан тұрады. Серпінді бұлшық eттi қабат жиырылғанда ұма қатпарланып, келемі кішірейеді. Бұл қабатты iшінeн астарлай жалпы қынап қабығы орналасады. Жалпы қынап кабығы ұманың оң және сол жақ бөлігінде жеке-жеке қуыс түзеді. Қуыстар шат арығы арқылы құрсақ қуысына жалғасып жатады.
Ата мал, жануарларда ұманың сырт пішінi, орналасуы әртүрлі болады. Бұқа, қошқар, текенің ұмасы шат арасында төмен салбырап тік орналасады және мойыны болады. Айғырдың ұмасы екі санның арасында ұзынынан орналасқан, мойыны анық білінбейді. Ал шошқанікі шаттың арт жағына тігінен жабысып орналасатындықтан томпиып көрінеді, мойыны ажыратылмайды. Осы ерекшеліктерге байланысты бұқа, қошқар, текенің енін ұманың сыртынан саусактармен ұстап зерттеуге болады, ал шошқанікін қолмен сипап білу мүмкіншілігі шектеулі.
Ен - қос мүше. Олар жалпы қынап қабығының қуысында орналасады. Оның ішінде жылмағай сұйық болады. Бұл сұйьқ еннің жоғары, төмен жылпылдап қозғалуына ce6iн тигізеді. Жалпы қынап қабығының жоғарғы ұшында еннің сыртқы көтергіш бұлшық eтi бекітілген. Бұл бұлшық ет жиырылғанда ен жоғары тартылып, шат қуысына жақындайды.
Ен сыртынан 2 қабықпен қоршалған: еннің өз қынап қабығы және ақ заттық қабық. Еннің өз қынап қабығы енді сыртынан жауып тұрады. Бұл қабық ары қарай ен қосалқысын, ен бауы мен шәует түтігін бүркейді. Еннің кынап қабығының астында ақ заттық қабық орналасады. Ақ заттық қабықтың негізін дәнекер ұлпа құрайды.
Еннің пішінi, көлeмi және салмағы ата малдың түлігіне байланысты бірдей болмайды. Мысалы, бұқа, қошқар, текенің eнi эллипс, айғырдікі жұмыртқа пішінді болса, қабандікі сопақша көрінеді.
Бұқаның eнi 200-400 г салмақты, 10-15 см ұзын болады. Ал қoшқapдiкi 200-300 г ауыр, 10-12 см ұзын. Айғырдікі 200-250 г, қабандікі 300-500 г ауыр және 10-15 см ұзын болады. Олардың жуандығы 6-8 см-ге жетеді.
Ен қосалқысы (придаток семенника) енге жабысып тұрады. Оны басы, денесі және кұйрығы деген 3 бөлікке бөледі. Денесі мен құйрығына қарағанда басы үлкен болады. Басында 10-12 жіңішке арықшалар орналасады. Бұл арықшалар бipiгiп, ен қосалқысының иір арығын тузеді. Арықтың тeciгi арықшалардікінен 0,5-2 мм кең болады. Арықтың iшін сұйық пен аталық жыныс торшалары толтырып тұрады.
...