Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Күн радиациясы

Автор:   •  Сентябрь 19, 2020  •  Доклад  •  512 Слов (3 Страниц)  •  428 Просмотры

Страница 1 из 3

Екінші дәріс.

Күн радиациясы

        Күн радиациясы туралы түсінік.  Әуедегі және Жер бетіндегі физикалық үрдістердің негізгі энергия көзі.  Күн энергиясы болып табылады. Күннің көзі жан жақтағы кеңістікке 3,71. 10 26 Вт –қа жуық энергиясын жайлап таратады. Оның екі миллиардының бір бөлігі, яғни 33 . 10 4  кВт-ы ғана жердің бетіне жетеді. Әуенің сыртқы шектеріне күн радиацияның түсуі Күн көзінің Жер арасындағы қашықтығына  байланысты болады. Ең кіші қашықтық (перигелий) 147*10 6 км қаңтардың екінші жұлдызында, ал ең үлкен қашықтық (афелий) 152 *106 км шілденің 5-ші жұлдызында болады. Әуеге жеткен күн радиациясының жарым жартылайы сіңіріліп, басқасы шашырылады және бұлттармен жер бетінің сыртынан шағылысады. Сондықтан әуеде радиацияның үш түрі байқалады: тура, шашыранды және шағыласқан. Жер бетіндегі және әуедегі өтетін физикалық үрдістердін негізгі қуат көзі-күн радиациясы.  Әуеде радиацияның  3  түрі байқалады тікелей, шашыранды, шағылған.

Сәуле қуаты толқындарының ұзындығы бойынша бөлінуін  с п е к т р деп атайды. Күн спектрі үш бөлікке бөлінеді ультракүлгін толқындар (λ<0,40 мкм), көзге көрінетін толқындар  (λ=0,40  мкм), инфрақызыл толқындар  (≥0,76  мкм). Фотосинтез үрдісіне спектрдің барлығы емес, тек оның толқындарының ұзындығы 0,38-0,71  мкм болғандары  ғана  тікелей қатысады.   Оны  фотосинтетикалық  белсенді радиация (ФБР)   деп атайды.

Күн радиациясының  ұзындығы әр түрлі электромагнитті толқындардан тұрады.

Әуедегі сәулелердің энергиясын зерттейтін метеорологияның бөлігін актинометрия деп атайды. Актинометрияда толқындардың ұзындығын микрометр (мкм) кейде нанометр (нм) арқылы көрсетеді. Толқындардың ұзындығы бойынша үлестіруін спектр деп атайды. Күн спектрі үш аймаққа бөлінеді ультракүлгін, көрінетін, және инфрақызыл. Әуенің жоғарғы шектерінде көрінетін жарыққа 46 пайызы, инфрақызылға 47 пайызы, ультракүлгінге 7 пайызы келеді. Өсімдіктердің тіршілігіндегі физиологиялық үрдістерге ұзындығы 4 мкм-ден  кішірек   қысқа толқынды радиация өте қажет. Қысқа толқынды радиацияны биологиялық әсері бойынша ультракүлгінге, фотосинтетикалық белсенді және инфрақызылға ажыратады. Ультракүлгін сәулелер көбінесе өсу үрдістерін, оларды баяулатады. Инфрақызыл радиация  жапырақпен сабақтағы суларымен сіңіріліп  өсімдіктердің өсуімен дамуына әсер етеді.

...

Скачать:   txt (6.5 Kb)   pdf (54.7 Kb)   docx (8.7 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club