Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Пациент Георгий Николаевич Марков

Автор:   •  Апрель 2, 2023  •  Эссе  •  581 Слов (3 Страниц)  •  196 Просмотры

Страница 1 из 3

Қарағанды медицина университеті

Морфология және физиология кафедрасы

ЭССЕ 

Тақырыбы: Пациент Георгий Николаевич Марков

Қарағанды 2023

   Біз «Бақылау және реттеу» модулі бойынша ПБЛ сабағын өттік. Бұл сабақта дәрігер ретінде өзімізді сынап, берілген пациенттің мәселесін анықтап, өз ойларымызды ортаға салып гипотезаларымызды ұсындық. Бізге белгілі бір берілген пациент Марков Георгий Николаевич. Ол 55 жаста. Георгий Николаевич дәрігерге өзін жақсы сезінетінін және өзінің есту қабілетінің жақсы екеніне көз жеткізу үшін арнайы келген. Алғашқы сұхбаттансоң дәрігер науқастың құлағы жақсы естімейтіндігін аңғарған. Алайда ол өзінің есту қабілетінен еш қиындық байқамаған. Бірақ жақында облыстық

мини-футбол чемпионатында секундометрші болып, басқа төрешінің бұйрықтары мен ысқырығын естімей қалып, әрекет етпегендіктен төрешілер құрамынан шығарылған болатын. Георгий соңғы 10 жылда төрешілер құрамында болып, жарыстарда қызмет еткен.

  Дәрігер тексерісі кезінде науқастың құлағында құлықтың бар екені анықталды. Содан соң дәрігер әр құлаққа майды бірнеше рет тамызып,ағып кетпеуін сұраған. Бұл емшараны 5 күн жасап, құлағын шайып, сурдолог қабыдауына жазылу керектігін айтқан. Георгий құлағындағы құлықты тазартса да, әлі де нашар естіген. Дәрігер науқасты аудиометрияға жіберді. Қаралуға келгенде отоскопия дабыл жарғағы мен есту жолын анық көрсетті. Ринне тестінде де екі жақтан да оң, ал Вебер тестінде дыбыс орта сызық бойымен қабылданған. Айта кетсем, Ринне мен Вебер тесті сынақтарын

500 Гц немесе 1000 Гц жиәләкте сүйек вибраторын қолдана отырып, 40-50 нПС сүйек дыбысы деңгейінде жүргізіледі. Егер камертон немесе сүйек вибраторы шамадан тыс қозып, қаттты естілсе бұрмалануды тудыруы мүмкін.

  Үш күн өткеннен кейін Георгий дәрігер қабылдауына қайта келген және  құлағындағы зыңылына алаңдаулы болды. Құлағындағы зыңылы жоғарғы сарындағы және ол бірнеше уақытқа созылатындығын түсіндірді. Бұл шуыл екі құлағында болған және дыбыс солқылдамаған.  Алдағы уақыттарда науқасқа неврологиялық тексеріс жүргізіліп, ешқандай аномалия анықталмаған. Содан соң дәрігер Георгийден қатты дыбыс шығатын ортада ұзақ уақыт болғаны немесе болмағаны жайлы сұрады. Алайда, Георгий 33 жыл жиһаз фабрикасында қызметкер екендігі анықталды. Ол жұмыс істейтін цехте үнемі циркулярлық ара, жонғы және басқада ағаш өңдеу машиналарының шуылы болады екен. Дәрігер науқастың жауабын естігеннен кейін аудиограммасына талдау жасап, есту қабілеті жоғалтуы жайлы болжамын растады. Дәрігер қорытындысы бойынша науқастың организмінің қартаюы, шуылдың ұзақ уақыт бойы әсері есту қабілетінің жоғалтуына әсер еткен. Сонымен қатар дәрігер науқасқа құлағының есту қабілеті қайтып қалпына келмейтіні жайлы түсіндірді және есту аппараты жөнінде клиникаға барып кеңес алуды ұсынған. Оған ауруханалық куәлік беріп, жұмыс орнында шу деңгейін төмендету үшін қандай көмек көрсету керектігін шешуге тырысты. Алайда, Георгий оған ешқандай көмек қажет емес екенін айтты.

...

Скачать:   txt (8.2 Kb)   pdf (64.5 Kb)   docx (9.3 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club