Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Аралдың қазіргі экологиялық жағдайы

Автор:   •  Ноябрь 28, 2018  •  Курсовая работа  •  8,888 Слов (36 Страниц)  •  1,191 Просмотры

Страница 1 из 36

КІРІСПЕ

Курстық жұмыс өзектілігі: Арал теңізінін қазіргі және болашақтағы жақсарту шараларын қарастыру.

Арал теңізі, Кайназой дәуірінің орта шетінде, яғни бұдан 21 млн. 1200 жыл бұрын, Арал Каспий теңізіне қосылып жатқан. Өйткені, теңіздің терістік бетіндегі қазіргі Сарышығанақ, Ақеспе тұсынан 80 метр тереңдіктен Олигоцен уақытында өмір сүрген қызыл балықтың, ірі ұлудың, киттің омыртқа сүйектері тасқа айнала бастаған күйінде табылды. Бұл теңіздің кезінде мұхитпен қосылып жатқандығын көрсетеді. Сондай-ақ, Арал маңынан акуланың тісі мен сүйегі табылды. 19 ғасырдың орта кезіндегі Арал-Каспий ойпатының пайда болуы жөніндегі болжамдардан Арал бассейнінің геологиялық ерте кезеңде Жерорта теңізімен тұтасып жатқан су айдыны екенін, оның кейінгі Альпілік қатпарлықта жер қыртысының көтерілуіне байланысты ұсақ су айдындарына бөлінгенін білеміз. Сондай-ақ, Арал теңізінің көлемі жайлы, Арал теңізі жайлы ұғымдар сонау ерте дүние әдебиеттерінде де кездеседі.Арал теңізі - Өзбекстан мен Қазақстан (Қызылорда және Ақтөбе обл.) жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогендік әрекеттерге дейін (1960 - 70 ж.) дүние жүзілік теңіз деңгейінен 53,0 м биіктікте жатқан. Осы деңгейдегі айдынының ауданы 66,1 мың км2 (аралдарымен қоса), суының көлемі 1064 км3, орташа тереңдігі 16,1 м (ең терең жері 67 м), ұзындығы 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауданы  69000 кмболған. Алабындағы шарлашылық мақсаттарға үздік өңдеу алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м-ге төмендеді (1997). Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға - Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды.

Курстық жұмыс мақсаты: Арал теңізінін экологиялық тұрақтылығын қамту шараларын қарастыру.

Курстық жұмыс міндеті: Арал теңізінін экологиялық жағдайларына әсер етуші төмендегі факторларды анықтап қарастыру.

  •  Арал теңізіне нақты әсер етуші факторларды анықтап талдау;
  •  Экологиялық жағдайын қарастыру;
  •  Судың көлемін арттыру;

Теңіздегі ағыстар сағат тілінің бағытьмен айналым жасайды. Арал теңізінде балықтан арал сазан, қаяз, торта, т.б. бар. Соңғы кезде камбала жерсіндірілген. Кеме байланысы шамамен 7 айға созылатын, казіргі кезде тек иірімдерде ғана қатынайды. Маңызды айлақтары мен негізгі экономикалық қалалары бұрын Арал (Кіші Аралда) және құрлықта қалған Мойнақ (Үлкен Аралда) қалалары болған. Арал теңізінің жағалауында халық аз тұрады, жергілікті халық балық аулау, мал шаруашылығымен және көкөніс-бақша өсірумен айналысады. Арал балық аулау ауданына Арал тенізіне құятын өзендердің атырау аумағы кіреді. Балық өндеу (тұздау) зауыттары бұрын Әмударияның атырауында, Аван кентінде (Көкаралда), Бөген ауылында (шығыс жағалау), бұрынғы Ұялы және Ұзын-қайыр аралдарында орналасқан болатын.

1. АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

1.1. Арал теңізінің тарихнамасы

         

Қазіргі кезде әлем елдері назарын өзіне аударып отырған осы су айдынын зерттеу сол ерте заманан бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді деуге болады. Міне, сондықтан да көне зерттеулер мен қазіргі жаңа мәліметтерді салыстыру арқылы Арал теңізі бассейнімен оның жағалауының даму эволюциясын, сондай-ақ ғасырлар бойы өзгеру сипатын анықтау қиын емес. Мысалы, ежелгі заманның өзінде Арал теңізі көп елдерге мәлім болған. Өйткені, сол IХ-X ғасырлардағы араб ғалымдары - Ибн-Хордадбех, Ибн-Рустен, Масуди, Истахри келтірген мәліметтері аса құнды. Демек, бұл еңбектерден сол кездегі Аралдың көлемі мен жағаларының пішіні туралы мағлұмат алуға болады[1,211-б.]

Арал ойысы - Арал теңізі және оның шығысы мен оңт.-шығысын алып жатқан мезозой-кайнозой шөгінділерінен құралған тектоникалық құрылым. Туран плитасының құрамына кіреді. Геоморфохогиялық тұрғыдан алғанда Солт. Қызылқұмға жалғасып жатқан ойпат. Арал ойысының солтүстік-шығысы, шығысы, оңтүстігі жайпақ жазық, ал Үстіртке жалғасатын батыс жағы тік жар болып келеді. Арал ойысы солтүстікте Тортай ойысының оңтүстік шеті шығыста Аққыр - Құмқала кезеңі, оңтүстікте Төменгі Амудария мегаантиклиналы, батыста Арал - Қызылқұм қырқасымен шектеледі. Ойыстың оңтүстік-шығысындағы Бозкөл қырқасы оны Шығыс Арал және Тәжіқазған қазан шұңқырларына бөледі. А. о. табанының жоғарғы ярусы жоғарғы койнозой мен триас шөгінділерінен түзілген. Оның үстін мезозой мен кайнозойдың қалыңдығы 1806 - 2000 м шөгінді жыныстары (саз, құм тас, әк тас, мергель) жауып жатыр. А. оның юра мен бор шөгінділерінде мұнай мен газ, палеоген жыныстарында қоңыр көмір, оолиттік темір рудасы, жерасты суы бар[2,111б.]

...

Скачать:   txt (118.9 Kb)   pdf (391.2 Kb)   docx (80.5 Kb)  
Продолжить читать еще 35 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club