Алиментарлық аурулар және олардың алдын алу бойынша ситуациялық тапсырмаларды шешу
Автор: aelita_1212 • Февраль 17, 2021 • Задача • 942 Слов (4 Страниц) • 793 Просмотры
Алиментарлық аурулар және олардың алдын алу бойынша ситуациялық тапсырмаларды шешу.
№1 тапсырма
Демалыс аймағына әкелінген 9 адамнан тұратын демалушылар тобында дәрігер барлығынан жалпы әлсіздік, қан қысымының көтерілуін, бас айналуын байқады, кейбіреулері аузындағы металл дәміне шағымданды. Дәрігер науқастарды оқшауламады. Демалыс аймағында аталған топтан басқа тағы 4 топ болды. Қызмет көрсететін персоналдың ешқайсысында және басқа төрт топтың демалушыларында мұндай шағымдар болған жоқ.
Демалыс аймағы маусым ашылғанға дейін Комиссияның тексеруінен ешқандай ескертусіз толық қабылданды, үй-жайлар кәрізденген, орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген, судың сапасы талаптарға сай келеді. Келген сәттен бастап барлық топтардың диетасы бірдей, азық-түлік қоймасынан өнімдер әкелінді, өнімдерді жарамдылық мерзімі қатаң сақталды және бақыланды. Сауалнама барысында науқастар жергілікті тұрғыннан құлпынай сатып алғаны белгілі болды. Әкімшілік құлпынай сатқан адамға сұрақ қою кезінде олар құлпынай бұталарын пестицидтермен тозаңдандырғанын анықтады.
Сұрақтар:
- Сипатталған аурудың себебі қандай химиялық контаминант және өнім болды? Олар ауыл шаруашылығында қандай мақсатта қолданылады?
Жауабы: Пестицидтерді пайдалану ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының өнімділігін арттырады, өсімдіктерді қорғауда маңызы зор.Пестицидтерді сатып алу көптеген көгалдандыру үшін көктемгі көгалдандыру маусымының ашылуының жыл сайынғы белгілері болып табылады. Терминнің өзі латынша шыққан, ол сөзбе-сөз айтқанда: «зиянкестер» - зиян келтіру, «cide» - қысқартылған. Пестицидтерді пайдалану ауылшаруашылық өнімдерін 18-20% сақтайды. Қазіргі кезде оларды көп қолданатын болғандықтан биосфера мен адамдарға зияны тиіп жатыр. Оларды пайдаланбай өнім алуға мүмкіндік жоқ, себебі зиянкестер өте көбейіп кетті. Бунақденелілер пестицидтердің бір түріне тез бейімделетін және ол қасиетін ұрпағына бере алатын қабілеті бар. Сондықтан пестицидтерді қолданарда зиянкестердің түріне қарай таңдап алу керек.
- Қандай жағдайлар өнімнің ауруды тудыруына әкелді?
Жауабы: Пестицидтерге балалар мен жасөспірімдер және қарт адамдардың организмі өте сезімтал келеді. Әсіресе жүкті әйелдер және бала емізетін әйелдердің осы улы заттармен қарым - қатынаста болуы өте қауіпті. Өйткені, бұл заттар организмге түскенде плацентарлық тосқауылдан өтіп, ұрықтың дамуына әсерін тигізеді жәж ана сүтімен өтіп баланы уландыруы мүмкін. Көптеген пестицидтерге жалпы токсикалық эмбрион-гонадо - токсикалық (жасушаның және жыныс бездерінің өзгеруі мен жасушаның шоғырлануы), мутагендік - хромосомдық бұзылыс, канцерогендік (қатерлі ісіктік) және аллергендік қасиеттер тән.
Фосфорорганикалық қосылысты пестицидтермен (ФОҚП) улану, Хлорорганикалық қосылысты пестицидтер(ХОҚП), Мышьяк қосылысты пестицидтермен уланулар юолады.
- Бұл жағдайда қандай төтенше шаралар қолданылады және оларды кім қабылдауы керек?
Жауабы:Ауылшаруашылығында қолданылатын пестицидтерді санитарлық қадағалау, әртүрлі мамандығы бар (еңбек гигиенасындағы маман, дәрігер, коммуналдық және азық түлікпен шұғылданатындар) немесе барлық аспектілерге аудандық, облыстық СЭС – те, тұрғындардың қоршаған ортаға әсеріне жауапты адамдар, тікелей уыттану әсерін, сауықтыру жәйін білетін, ядохимикаттармен тікелей жұмыс істейтін дәрігерлер атқаруы керек.
- Медицина қызметкері қандай алдын алу шараларын жүргізуі тиіс?
Жауабы:Химиялық заттарға арналған қоймалар бөлек секция немесе ғимараттары – аммиак силитрасына, күшті әсер етуші, жанудан, қопарылыс пестицидтерден, химиялық концентратты азықтардың қауіптілігінен қорғануы керек, сонымен бірге, санитарлық тұрмыстық бөлмелер, механикалық және табиғи желдеткіштермен, табиғи және жасанды жарық бергіштерімен (КЕО 0,2-0,25-тен), 30 кейде 100 лк жасанды шамдар, люменсцентті шамдармен жабдықталуы тиіс. Химиялық заттардың қоймаларда жиналып тұруы аптасына бір рет, шаңды болса сорылуы, аппараттарымен жуылып зарарсыздандыру кезеңінде және дегазациялы шаралар орындалуы керек. Барлық, химиялық және биологиялық препараттарымен жанасып жұмыс істейтіндер жеке қорғаныс құралдарымен (комбенезон, ер адамдар костюмі, халаты, резиналы етігі, кебістер, резиналы қолғап, алжапқыш, респератор, противогаз, қорғаныш көзілдірік т.б.) қамтамасыз етіледі. Арнайы киімдері, пішіні шақ, дұрыс тігілеген, денеге жабысып тұратындай, түймеленген бауы бар, еркін қимылға мүмкіндік беретіндей болуы керек.
...