Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Болмыс және оның түрлері мен Бейболмыс мәселесін сараптаңыз

Автор:   •  Декабрь 3, 2023  •  Реферат  •  3,120 Слов (13 Страниц)  •  146 Просмотры

Страница 1 из 13

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЭКОНМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

«БИЗНЕС-ТЕХНОЛОГИЯЛАР» КАФЕДРАСЫ

«ФИЛОСОФИЯ» ПӘНІ БОЙЫНША

 №1 СОӨЖ /СӨЖ

Тақырыбы: «Болмыс және оның түрлері мен Бейболмыс мәселесін сараптаңыз»

Орындаған:

«Логистика» мамандығының

2 курс студенті

Жаңаберген А.Т

Тексерген:

Сулейменов П.М.

Саяси  ғылымдарының кандидаты,

доцент

Алматы, 2023

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

  1. МЕТАФИЗИКА ЖӘНЕ ОНТОЛОГИЯ.......................................................4
  1. Метафизика категориясы......................................................................4
  2. Онтология категориясы........................................................................5
  1. БОЛМЫС ЖӘНЕ БЕЙБОЛМЫС МӘСЕЛЕСІ...........................................6
  1. Болмыс және бейболмыс......................................................................7
  2. Болмыстың түрлері.............................................................................10

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................13

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................14

КІРІСПЕ

Ең алдымен философиялық категорияларды (ұғымдарды) ширатып өрістету үшін бізге қажетті түрде «метафизика» және «онтология» деген іргетасты категорияларды талдауымыз керек. Мәселенің тарихы мынада: Метафизика деп әуел бастан Ұлы Аристотельдің 14 кітаптан тұратын шығармаларының жинағы аталған болатын. Алайда бұл ұғымды еңгізген Аристотель емес, оның шәкірті Андроник Радостық болды. Ол Аристотель дүниеден озғаннан кейін тоның «Физика» атты еңбегінен кейінгі шығармаларының бәрін «Метафизика» деп атап кеткен болатын, яғни «мета» – кейін, «физика» – табиғатты зерттейтін ілім. Әңгіме физиканың шеше алмайын сұрақтары жөнінде өрбиді, өйткені, олар физиканың шеңберінен шығып кететін, олар – метафизикалық сұрақтар. Философияның қоятын көп мәселелері, қалай десек те, адамның өмірлік тәжірибесінің шегіне шығып кетуіне байланысты, олардың бәрін метафизикалық сұрақтар деп атауға болады. Сондықтан, белгілі бір ақиқатқа жақындау түрінде, метафизика деп философияның басқа атын айтамыз.

Oнтологияға келер болсақ, бұл ұғым «oнтoc» деген грек сөзінен шыққан, болмыс деген мағына береді, ал «лoгjс» – ілім. Кейбір адамдар метафизика мен онтологияны бір-біріне теңестіріп жібереді. Алайда біз оларды айыра білуіміз керек. Онтология – метафизиканың негізі бөлігі – болмыс метафизикасы. Онтология деген ұғымды философияға Х.Вольф деген ойшыл кіргізген болатын. [1]

Философияның қaлыптасуы да онтологияның пайда болуы мен дамуына арқау болған негіздермен байланысты. Көптеген философиялық жүйелерде басқа да категориялар арасындағы ең маңыздысы «болмыс» категориясы болып табылады. Болмыс батыстық рефлекцияда базалық категория деп саналады, өйткені ол заттардың мәнін бейнелейді. Бұл мәнділік «болуды» түсіндіруден бaстайды және бұл ойлаудың негізгі азығы болып табылады. [2]

МЕТАФИЗИКА ЖӘНЕ ОНТОЛОГИЯ

  1. Метафизика категориясы

Жалпы осы философиялық категорияларды (ұғымдарды) ширатып өрістету үшін бізге қажетті түрде «метафизика» және «онтология» деген іргетасты категорияларды талдауымыз керек.

Метафизика деп әуел бастан Ұлы Аристотельдің 14 кітаптан тұратын шығармаларының жинағы аталған болатын. Алайда бұл ұғымды еңгізген Аристотель емес, оның шәкірті Андроник Радостық болды. Ол Аристотель дүниеден озғаннан кейін тоның «Физика» атты еңбегінен кейінгі шығармаларының бәрін «Метафизика» деп атап кеткен болатын, яғни «мета» – кейін, «физика» – табиғатты зерттейтін ілім. Әңгіме физиканың шеше алмайын сұрақтары жөнінде өрбиді, өйткені, олар физиканың шеңберінен шығып кететін, олар – метафизикалық сұрақтар. Философияның қоятын көп мәселелері, қалай десек те, адамның өмірлік тәжірибесінің шегіне шығып кетуіне байланысты, олардың бәрін метафизикалық сұрақтар деп атауға болады. Сондықтан, белгілі бір ақиқатқа жақындау түрінде, метафизика деп философияның басқа атын айтамыз. [1]

...

Скачать:   txt (43.9 Kb)   pdf (188.1 Kb)   docx (22.1 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club