Адам және робот. Болашақтың адамы қандай
Автор: aiankambar • Февраль 8, 2019 • Эссе • 440 Слов (2 Страниц) • 2,884 Просмотры
Адам және робот. Болашақтың адамы қандай?
Бізге бір нәрсе айқын: осыдан бір ғасыр бұрын айтылған көптеген болжамдардың орындалып жатқанына да осы уақытта куә болып отырмыз. Бірақ, технологияның дамығаны соншалықты, казір, бізді "болашақтың адамы қандай, адам және робот?" деген сауал ойландыра бастады...
"Компьютер- басты адам" шаршамайды, есте сақтау қабілеті мықты, ақпаратты шексіз қабылдай береді және ақпаратты шексіз таратады. Оның миы кез-келген туындаған мәселелерді қиындық туғызбай шеше алады. Бірақ ол қаншалықты тірі адамның орнын баса алады, ойлау деңгейі жасанды интелект емес пе? Дегенмен де, қазірдің өзінде ғылымның дамуына байланысты, адам баласын техника, яғни роботтар нарықтан, өндірістен шеттетіп шығара бастады. Тіпті Жапония мен Оңтүстік Кореядағы ірі компаниялардың өндірісінде адамның орнына, роботтар жұмыс істейді. Олар күнделікті өмірде қарт адамдар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектеседі. Балаларды оқытады. Тіпті сәбиі жоқ жандардың баласына айналып жатқан роботтар да бар. Өйткені роботтар адаммен сөйлеседі, кез келген сауалыңа тиянақты түрде, сабырлы қалпымен жауап береді, тіпті ақыл-кеңес айтатын роботтар да бар. Айқын дерек ретінде, Біріккен Араб Әмірліктерінің королі Софи деген аты бар роботқа елдің азаматтығын берді. Демек, болашақта роботтар адамға айналуы да мүмкін. Алайда, қаншама ірі жетістікке жетсек те, бұл технологиялық өнімнің орасан зор зияны болуы мүмкін. Өйткені адамдар бір-бірімен қарам-қатынас жасауды, сөйлеуді азайтады. Мүмкін болашақта өндіріс пен экономиканы роботтар билейтін болар. Мұның жақсы жағы мен ауыр салдары да бар. Әрине, ғылым дамиды, әлем өзгереді, технологиялық дамудың ең жоғары сатысына жетеміз. Демек, осы ғасырдың аяғында адамның миы компьютер арқылы зарядталып жатса, мұны өркениеттің озық әдісінің бірі деп пайымдауға болады. Бірақ та жұмыс орындарының қысқаруы. тіпті мамандықтардың азаюы мүмкін.
...