Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әл-Фарабидің «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету туралы кітап», «Бақытқа жол сілтеу» еңбектерінің негіз

Автор:   •  Февраль 20, 2021  •  Эссе  •  451 Слов (2 Страниц)  •  1,111 Просмотры

Страница 1 из 2

ҚР Білім және Ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

[pic 1]

СӨЖ

Факултьтет: Биология және биотехнология

Кафедра: Биотехнология

Тақырыбы: Әл-Фарабидің «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету туралы кітап», «Бақытқа жол сілтеу» еңбектерінің негізінде бақыт жайлы эссе жазу.

Тобы: Бт-1907 К оқу тобы

Орындаған: Төрехожа Дилназ

Тексерген: Нигметова А.Т

Алматы, 2021

Әл-Фарабидің еңбектерін қарап отырсақ, ғалым көбіне- бақыт мәселесіне мән береді, бақытқа жетудің жолдарын көрсетіп, біраз дүние жазған. Адам баласы бақытты болу үшін жаралған, адам бақытты болуы тиіс деп тұжырымдайды. Енді осы кезекте ұлы ойшыл бақытқа жетудің тағы қандай жолдарын көрсеткеніне тоқтала кетейік.

            Әл-Фараби философиясының негізгі ойы, негізгі бағыты ол-Бақыт философиясы деп айтуға болады, яғни ол барлық адам баласын бақытты көргісі келді және де осы өмірде кез келген адам бақытты болуы керектігін айтқан. Бақытқа жетудің бірнеше жолында көрсетіп кеткен.Әл-Фараби тек қана мақсат қоймай ,сонымен қатар бақытқа жетудің тәсілдерінде атап көрсеткен. Енді бұл әдіс тәсілдер біріншіден, тұлғаға байланысты және мемлекетке байланысты. Яғни, мемлекетке қойылатын талаптар және жеке адамға қойылатын талаптар. Мысалы, мемлекетке келетін болсақ,Әл-Фараби бірнеше кітабын осы мемлекет жауапкершілігіне арнаған.Соның ішінде, «Азаматтық саясат», «Қайырымды қала тұрғындары» және т.б. трактаттары бар. Мұнда мысалы, мемлекетті тұтас бір денеге теңейді,барлық мүшелері түгел және сау болуы керек, тура осылай мемлекеттің де барлық салалары дұрыс негізде жұмыс істеу керек. Осы жерде дененің негізгі мүшесі жүрек болып тұрса, мемлекеттің де негізгі тұлғасы ,ол –басшысы болып табылады. Әл-Фараби басшыларды екіге бөледі: ол пайғамбарлар мен ғалымдар. Бұл екі топтың қарапайым халықтан ерекшелігі олардың қолында елден ерек ғылым бар.Олардың брйындағы ерекше данышпандылық ешкімнің бойында бола бермейді. Мысалы, пайғамбарлар ғылымды тікелей Алладан уақи арқылы алады, ал Әл-Фараби, Абай сынды ғалымдар болса осы білімге ақыл арқылы қол жеткізеді.Ал қалған халық осы екі топтың артынан еріп, олардың жүріп өткен жолын негіз қылып,өздерін тәрбиелеуі керек.Бұл мемлекет дұрыс болуы үшін ақылға сүйенуі керек, барлық шараларды ой елегінен өткізуі керек деп санайды. Және де ойшыл ғалым, «Қайырымды қала тұрғындары» трактатында басшыға тән 12 қасиеттің болу керектігін атап өткен сонымен қатар,мұндай кәміл тұлға оңай табыла қоймайтындығында айтып кеткен,себебі, бұл өмірде ешнәрсе мінсіз болмайды. Сондықтан, осы 12 қасиеттің кемінде 5-6 сы адам бойында бар болса, ондай адамдарды көтеріп бағалау керек,билікті беру керек, ал оның бойында табылмаған басқа қасиеттер оның көмекшілері арқылы толықтырылады.Осылай басшы көмекшілері арқылы тұтас бір денені құрайды.Ал,жеке тұлғаға келетін болсақ, Әл-Фараби тәрбие мен білімге жүгінуге шақырады. Адам кішкентайынан дұрыс тәрбие алуы керек, оның ортасы, достары дұрыс болуы керек. Осылай адам дұрыс қоғамда өзін-өзі дұрыс тәрбиелеп, дамиды.

...

Скачать:   txt (6.2 Kb)   pdf (132.7 Kb)   docx (64 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club