Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Толық емес отбасылармен әлеуметтік жұмыс

Автор:   •  Апрель 15, 2023  •  Реферат  •  1,933 Слов (8 Страниц)  •  288 Просмотры

Страница 1 из 8

                     Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі  

                   Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

           Баяндама

               Тақырыбы:Толық емес отбасылармен әлеуметтік жұмыс.

                                                                                       Орындаған:Жанпеисова Р.Ө

                                                                                       Қабылдаған:Сағадатова А.Т

                                               

                                                       2023  жыл

Мақсаты:Студенттерге толық емес отбасын әлеуметтік қолдау ұғымын кеңінен түсіндіру,тиімді жұмыс жүргізу технологиялары мен мемлекеттік жәрдемақы мүмкіндіктерін қарастыру.

Міндеттері:

-Толық емес отбасына жалпы шолу жүргізу;

-Отбасымен жүргізілетін тиімді әдістерді қарастыру;

-Толық емес отбасының пайда болу себептерін анықтау;

Кіріспе.

      Отбасы дегеніміз  бірлесіп күн көретін, туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді қажеттіліктерді қанағаттандыратын,некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы. Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады. Отбасы – неке қатынастарын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы болып табылады.Неке отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі – зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты неке деп түсінуіміз қажет.

     Отбасының толық және толық емес түрлері болады. Толық отбасында ата – анасы, балалары және әдетте, әкесі жағынан да шешесі жағынан да аға ұрпақ өкілдері – атасы мен әжесі болады.Толық емес отбасы балалардың ата – анасының біреуінің ғана болуымен сипатталады. Соның өзінде балалардың ата – аналары ажырасқан болса, балалары соның қарамағында қалған ата – анаға екінші жағы балаларды және еңбекке жарамсыз ерлі – зайыптыны бағып – қағу үшін алимент төлейді. Егер ерлі – зайыптылардың біреуі қайтыс болып, екіншісінің қарамағында кәмелетке толмаған балалары қалса, онда оған мемлекет жәрдемақы ретінде материалдық көмек көрсетеді. Сөйтіп, толық және толық емес отбасы да тең жағдайда заң және мемлекет арқылы қорғалады.

      Толық емес отбасы тақырыбын зерттеудің өзектілігі- жас өскелең ұрпақ әлеуметтендіру институтының ең маңызды бөлігі болып табылады.Себебі,отбасыда тұлғаның негізгі мінез құлқы,оның еңбек қызметтеріне қарым қатынасы,мәдени және моральдық құндылықтары қалыптасады.Отбасы адамның тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда,қоршаған ортаны тану арқылы білім алуда,әлеуметтік психологиялық қолдау көрсетуде маңызды функция болып табылады.Қазіргі қоғамда әлеуметтік қарым қатынастардың үлкен өзгерістерге ұшырауы,отбасылық қатынастардың жаңа формаларының  пайда  болуына алып келеді.Мәселен,барлық дүние жүзінде толық емес отбасылар санының күрт көбею үрдісі байқалады.Атап айтқанда, Францияда бұл көрсеткіш 13 %, Канадада – 18 %, Ұлыбританияда – 19 %, АҚШ-та 25 % құрап отыр. Америка халқының төрттен бір бөлігі толық емес отбасыларында тұрады. Ал енді біздің әлеуметтік статистикаға жүгінсек,Қазақстан Республикасында толық емес отбасылардың санының көбеюі маңызды әлеуметтік мәселелердің бірі болып табылады.Деректерге сәйкес,1999 жылы Қазақстанда бір ғана ата-аналы отбасылар саны 487100-ді құрады. Бұл отбасылардың көпшілігінде (444800 отбасыда) балалардың тәрбиесімен аналары айналысады. 2009 жылғы халық санағының нәтижесі бойынша Қазақстанда 3,5 млн. отбасы тіркелген, оның 445 мыңы толық емес отбасы болып табылады.2010 жылы балалардың 20 % некеден тыс туылған, және жылдан жылға олардың санының көбею үрдісі байқалады.

...

Скачать:   txt (24.1 Kb)   pdf (86.2 Kb)   docx (338.7 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club