Ғылыми білім жүйесіндегі дінтану
Автор: Максим Иванов • Март 28, 2019 • Лекция • 47,053 Слов (189 Страниц) • 1,207 Просмотры
*
ДӘРІС МАТЕРИАЛДАРЫ
1 Тақырып. Ғылыми білім жүйесіндегі дінтану
Мақсат: Ғылыми білім жүйесіндегі дінтанудың ролін анықтау
Жоспар:
- Дін туралы жалпы түсінік.
- Қоғамның даму тарихындағы діннің орнын анықтау көптүрлілігі.
Түйін сөздер: дін, дінтану, Құдай, билік.
Тарихтан көріп отырғанымыздай, қоғамның дінге деген қатынасы әр кезеңде елеулі түрде ерекшелінген. Кейбір мемлекеттер бір дінді басты деп жариялап, оған барлық азамат қабылдауы тиісті болған. Басқа мемлекеттерде дінге толықтай тыйым салынып, Құдайға сену құқығынан айырған. Қазіргі таңда адамның діни сенім бостандығын мойындау жалпыға бірдей қабылданған.
Атақты неміс философы Иммануил Кант Құдай және дүниенің пайда болуы туралы тәуелсіз адамның жеке пікіріне деген құқығы маңызды мәселелердің бірі деп ойлаған. Дегенмен, адамзат қазіргі діни сенім бостандығы туралы түсінігіне жету үшін өте көп қадам жасады. Көне заманнан бері мемлекеттер діни сенімге құрылған. Билік Құдайдан шыққан, және үстем етіп тұрған діннің догматтарына сай болуы керек. Мемлекеттің барлық халқы, әдетте, бір сенімге негізделген болатын. Дегенмен, басқа діни сенімдер өкілдерімен ара-қатынастар мәселелері жиі туындап отыратын. Бұл әскери жаугершілік басып алу арқасында немесе жаңа территорияларды қосуда маңыздылыққа ие болды.
Өзінің діни наным-сенімдерін өзі таңдау құқығын мойындау – гуманистік ойдың құнды жеңістерінің бірі болды. Алғашқылардың бірі болып мұны құрастырған Джон Локк еді. XVIIғ. аяғында ағылшын философы Джон Локк «Діни төзімділік туралы хаттарында» мемлекет пен шіркеудің бөлінуі қажеттігі жайында айтты. Локк адамдарға діни тұрғыдан өз пікірін анықтауға құқығын беру керек деп және конфессиялық қатысына қарамастан азаматтар теңдігіне шақырды. Локк және Қайта Өрлеу кезеңінің ойшылдары ар ождан бостандығын тұлғаның тумысынан берілген құқығы деп санады.
Материалисттік көзқарастың туындауы адам құқығымен ешбір дінге кірмей, атеист болуды жақтады. Егер осыған дейін мәселе бірнеше діндердің ішінен біреуін таңдау мәселесі туындаса, ендігі жерде бұл мәселе жабық қатарына жатты.
Атеисттік көзқарастарды жеңген кейбір мемлекеттер төзімсіздік пен жаугершіліктің негізіне әкелді. Советтік Кеңес дәуірінде коммунисттік идеологияның жеңуі дінмен күресудің ауқымды кампаниясын бастап кетті. Мыңдаған шіркеулер, синагогалар, мешіттер, костелдар жойылды. Көптеген дінбасылар қуғынға ұшырады. Азаматтық соғыс кезінде көптеген дінбасылар қайтыс болды. Дегенмен, діннің толықтай жойылуы болған жоқ, кейбір адамдар өздерінің дінге деген көзқарастары жайында айтуды жөн көрмеді. Бұрынғы социалисттік мемлекеттердегі қоғамның рухани өмірінде діннің ролінің қайта жаңғыруы коммунисттік идеологиядан бас тартққаннан кейін ғана мүмкін болды. Адамдарға ғибадатханаларға баруға құқығы қайтарылды. Діни ұйымдар өз көзқарастарын насихаттау мақсатында газеттік басылымдар шығаруда. Ендігі жерде қоғам рухани мұраның маңыздылығын, әлемдік діндердің құндылықты потенциалын сезіне бастады. Адам құқығы және діни сенім еркіндігінің қазіргі таңдағы түсінігі БҰҰ, ЕҰҚБ қабылдаған халықаралық келісімдермен анықталады. Маңызды құжаттардың бірі 1948ж. 10 желтоқсанда БҰҰ бас Ассамблеясы қабылдаған «Адам құқықтарының жалпылама Декларациясы» болып табылады. Осылайша, біздің таңда діни сенім бостандығы адам еркіндігінің іргелі және негізгі түсініктері болып табылады. Діни сенім бостандығы дегеніміз жеке немесе басқалармен бірігіп қандай да бір дінді ұстану, таңдау құқығы, діни көзқарасқа ие болу немесе оны тарату.
Тәуелсіздік алған жылдардан бастап, діннің біздің өміріміздегі орны мәнді түрде ұлғайды. 2013 жылдың 1 қаңтарына қарағанда діни ұйымдардың жалпы саны бойынша көрсеткені: ислам – 2229, Орыс православ шіркеуі – 279, рим-католиктік шіркеуі – 79.
Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды сипаттай отырып, оны мемлекеттің жалпы әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайымен тікелей айқындалатынын айта кету керек. Экономиканың тұрақтануымен және қоғамның демократизацияланумен діни аумақтағы күдік тудыратын бірнеше тенденциялардың тұрақсыздық әлеуеті әлсірейді.
...