Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Дін феномен: мәдениет және әлеуметті тану перспективасы

Автор:   •  Октябрь 27, 2021  •  Реферат  •  1,698 Слов (7 Страниц)  •  2,667 Просмотры

Страница 1 из 7

II

Дін феномен:

мәдениет және әлеуметті тану перспективасы.

Әлеуметтанушылардың тұжырымы бойынша дін дегеніміз құдайға сенетін адамдарды моральдық қауымдастыққа біріктіретін, тылсым да қасиетті дүниелермен байланысты нанымдар мен тәжірибе  жүйесі. (Дюргейм)

Дін әлемде болып жатқан оқиғаларды тылсым күштерден деп түсіндіретін сенім жүйесінен тұрады. Бірақ мұндай тылсым,қасиетті деген идеяларды қарастырмайтын марксизм мен ғылым бұған кірмейді. Жалпы дінді зерттейтін әлеуметтанушылар дінді құндылықтар жүйесі ретінде қарастырады. Бірақ құдай бар ма немесе адам жанын құтқаруға бола ма, қақ дін қайсы деген сияқты түсініктердің шынайылығына немесе жалғандығына жауап іздемейді. Әлеуметтанушылар дінге мәдениеттің, қоғамның және  өзге  де әлеуметтік күштердің әсер ету жолдарын діннің адамдар мен әлеуметтік құрылымдарға ықпалын зерттейді. Егер біз білім алуға заң жүзінде міндетті болсақ, діни ұйымдарға мүше болу әркімнің өз еркі. Дін саясатпен, мәдениетпен біте қайнасып,ықпалдастықтармен, шиеленістермен тығыз байланыста болады. Жалпы дін барлық қоғамның іргелі негізі. Әлемде бірнеше діндер бар. Атап айтсақ. Ислам, хрестиан, будда, жәнет.б. Артта қалған және индустриялды қоғам болсын, әр қоғамда діни қызмет пен діни мінез құлыұтың көріну ерекшеліктері бар. Дін әмбебап, неге дін әмебеп? Бұл сұраққа жауап беру үшін жеке бастан шығатын оқиғалар мен тәжірибелердің анықтамасы мен мағынасын табу жолында әр адам мен әр қоғам ізденуі қажет. Кедей адам барлығы қолжетімді қоғамда жапа шеккенде неге мен осындаймын деп сұрайды. Немесе бір аймақ селден немесе торнадодан жапа шеккенде неге біз дейді. Яғни философиялық өмірден кейін өлім бар ма деген сияқты сұрақтарға жауап іздейді. Дін бізге бақылай алмайтын және түсінігімізге симайтын оқиғаларды түсініп қабылдауға көмектеседі. Ал сенім мен рәсімдер осы үлкен күшті бақылай алатын немесе тыныштандыра алатын тәсіл ретінде дамиды. Нәтижесінде белгісіз құбылысқа жауап ретіндегі әрекетке айналады. Сондай-ақ діни сенімдер мен рәсімдер дұрыс немесе бұрыс болсын адамдарға күтпеген жағдайларды дұрыс өткізуге көмектеседі. 1970 жылдары ғылым мен техниканың дамуына байланысты ғалымдар діннің бәсеңдейтініне сенімді болды. Нәтижесінде олар секуляризация діни заттардың ,ойлардың , биліктің зайырлы билік иелеріне (мемлекет, медицина т.б.) берілу процесі уақыт өте күшейеді деп ойлады. Ғылым қазіргі кезде ауыру, жер сілкінісі немесе күн тұтылуы сияқты көптеген құбылыстарды түсіндіреді. Қырық жыл бұрынғы жағдаймен салыстырғанда Американдықтардың көбі дінді өмірінің ажырамас бөлшегі ретінде танымайтын , ал Інжіл құдайдың ақиқат сөзі деп санамайды. Секуляризацияның іске асқандығын көрсететін дәлелдер көп болғанымен ,соңғы 30 жылда АҚШ және басқа мемлекеттерде фундаменталистік дінге сенушілердің қатары артты. Фундаментализм дінге сенушілердің қасиетті кітаптарын құдайдың ақиқат сөзі деп, олардың қағидаларының дәстүрлерін бұлжытпай қабылдайтын және сол кітаптарда көрсетілген рәсімдер бойынша өмір сүру маңызды деп санайтын діни қозғалыс.  Дүние жүзі бойынша фундаментализм католиктер, протестанттар, еврейлер, мұсылмандар мен және басқалардың арасында кездеседі. Олардың дінге деген сенімінің күштілігі соншалық саны аз болса да діні мен өмір салтына қауіп төндіретін дінсіздерге қарсы шығуға дайын тұрады. Фундаменталистік зорлық адамдардың діні үкімет тарапынан тапталып, жаншылғанда немесе мәдениеті басып алған ұлт тапарынан бұзылған жағдауда көбірек туындайды. Бір өкініштісі қазіргі кезде саяси ланкестер әлеуметтік өзгерістер БАҚ өкілдерінің назарын өзіне аудартқысы келеді.  Сондай-ақ олар әлеуметтік қоғамдық жағдайларды немесе әлеуметтік жағдайлар арқылы қоғамды өзгерткісі келеді. Ал модернизация ғалымдардың пікірінше діни сенімді азайтады, ал кейбір діндәрлар үшін керісінше сенімдерін арттырады. Өйткені модернизацияның әсерінен қарапайым адамдардың өмірлік құндылықтары отбасы, гендерлік қарым-қатынас және қоғамның өзі өзгеріп жатады. Ал консервативті және фундаменталистік діндарлар осы өзгерістерге қарсы тұруға жол іздейді.  Ғалымдардың тұжырымы бойынша діни сенімге жұмсалатын ақша мен уақыт оның артықшылықтарынан артып түссе, діни сенім адамдар үшін рационалды таңдау болып қала береді. Мұндай артықшылықтарға тылсым оқиғаларды түсіндіру, табиғаттан тыс ғажайып марапаттарды уәде ету,пікірлес адамдардың ортасына кіру және дәстүрлі құндылықтар мен тәжірибе орнына ғажайыпқа сенуді ұсынып жатады. Әлеуметтік құрылымдардың зерттелуі сияқты дінге қатысты да әлеуметтанушылар әртүрлі теориялық көзқарастарды ұсынды. Құрылымдық функцияшылдар діннің жеке адам мен қоғам үшін атқаратын қызметін зерттейді. Ал қақтығыс (конфликтология) теоретиктері діннің әлеуметтік шиеленісті тудыруын немесе тежеуін саралайды. Дінді құрылымдық функционалдық тұрғыдан зерттеу Эмиль Дургеймнің еңбегінен басталады. Дюргейм өзінің саралау жұмысын діннің қарапайым түрлері деп атаған және барлық діндерді топтастыратын үш элементті анықтаудан бастады.  Діннің бәрі адам тәжірибесін қасиетті әрі қарабайыр деп екіге бөлді. Қарабайыр дегеніміз күнделікті өмірде өздігінен болатын әдетті әрекет ретінде көрінетін барлық нәрселер. Әдетте олар бізге таныс, біз оларды бақылап оған  қарсы әрекет жасай аламыз. Қасиетті ,керісінше біз бақылап түсіне алмайтын қорқыныш пен табыну сезімін оятатын бұл құбылыстар мен дүниелер.  Екіншіден, барлық діндер адамдарға туу, өлу, жарату, жетістік, сәтсіздік және дағдарыс тәрізді құбылыстарға байланысты құпияларды түсінуге көмектесетін тылсым күштер туралы сенімдерді ұстанады. Бұл сенімдер ресми діни сенімдердің негізін қалайды. Үшіншіден барлық діндерде рәсімдер бар. Мысалы христян дінінде дүниеге келу, өлу, үйлену, Исаның тууы және қайта тірілуі сияқты оқиғалар рәсімдермен өткізіледі. Бұрынғы замандарда  көптеген хрестияндар егін егу және оны жинау кезінде діни рәсімдер жасайтын болған Мұндай рәсімдер басқа да діндерде бар. Э.Дюргейм дін қоғам үшін маңызды қызмет атқармаса онда ол әмбебап болмайды деп тұжырымдаған.   Қоғамдық деңгейде діннің негізгі қызметі дәстүрлерге имандық императив беру. Ортақ құндылықтар мен кез-келген мәдениеттің қағидалары дін арқылы нығая түседі. Бұл құндылықтар мен қағидалар бір нәрсе жасаудың қарапайым жолы емес,  кересенше оны атқарудың  моральдық амалы ретінде қабылданады. Олар қасиетті бола бастайды. Ал дәстүрлер қасиетті саналғанда рәсімдер мен тәжірибелер арқылы бекітіліп отырады және өзгермейді. Дюргеймнің айтуынша, діни наным-сенімдер мен рәсімдер адамдарды қажет болған кезде қолдап, оларға жайлылық, тыныштық сыйлайды. Күнделікті өмірде адамдар дінге қатысы барын сезініп, соған қанағаттанады. Дінге қатысы барын сезіну сенушілер қауымын немесе моральдық қауімді ұйымдастырады. Дюргейм сияқты К.Маркс те дінді дәстүрдің қолдаушысы ретінде таныды. Бұл қолдау жаншылған кедейлер күреспей шыдауы керек және әрбір адам патшаның құдайдай құқы барына сене отырып теңсіздікті мойындап салық төлеуі керек деген ұйғарымдар болды және ол ауытқып тұрды. К.Маркстің Дюргеймнен айырмашылығы діннің дәстүрді қолдауын ол кері түсіндірді. Маркс дінді халыққа арналған есірткі деп санады. Жоғарғы тап өкілдері кедейлердің бұл дүниеден қаналуын байқатпау үшін олардың ойын өлімнен кейінгі өмірге аударды. Бұл тұжырымды обьективті және құраламдық функцияональдық  теориядан құнды деп айта алмайсыз.  Өйткені ол дін доктринасының ақиқат не жалған екендігін саралайды.

...

Скачать:   txt (23.8 Kb)   pdf (95.4 Kb)   docx (13.9 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club