Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әскери ұжымда қауіпсіз ортаны қалыптастырудағы психологтың ролі

Автор:   •  Апрель 18, 2018  •  Статья  •  1,283 Слов (6 Страниц)  •  895 Просмотры

Страница 1 из 6

ӘСКЕРИ ҰЖЫМДАҒЫ ҚАУІПСІЗ ОРТАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ПСИХОЛОГ РӨЛІ

Жамшит Гүлбаршын Аманкелдіқызы

Ғылыми жетекші: Мұқытова Ж.Қ., аға оқытушы, академиялық доцент

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Көкшетау қ.

gulbarshin_ksb@mail.ru

Жыл сайын Отан алдындағы әскери борышын орындауға өз еркімен сұранушылардың саны өсуде,ол қуантатын жағдай. Бірақ, әскери ортада келеңсіз жағдайлар әлі де орын алуда. Атап айтсақ:

  • Сарбаздардың әскери ортаға бейімделуіндегі қиындықтар;
  • Сарбаздардың бір-біріне зорлық-зомбылық көретулері;
  • Офицерлер(командирлер) тарапынан қысым көрулері;
  • Тығырықтан шыға алмаған жағдайда суицидке бару және т.б.

Жоғарыда аталған  мәселелер  әскери ұжымда қауіпті ортаны туғызады. Қауіпсіз орта дегеніміз- офицердің  және әскери психологтың тәрбиелік және психологиялық жұмыстары арқылы қалыптасатын жауынгердің, жеке құрамның сана-сезімінің, психикалық жағдайының, психологиялық тұрақтылығы болып табылады.Бұл мәселелердің дұрыс шешіліп,алдын алуында психологтың атқаратын қызметінің рөлі зор.[1]

Сарбаздарды әскери борышын атқаруға даярлау,олардың психикалық жай-күйін жақсарту, болашақ қызмет орнына сәйкес бейімдеу- болашақ жас сарбаздың Отан алдындағы борышын адал,еш кедергісіз атқару үшін ең басты жұмыс болып табылады. 

ҚР Қарулы Күштерінің Әскери Доктринасында Н.Ә.Назарбаев: « Біздің армия қазақстандық қоғамның басты құндылықтары – бостандық, тәуелсіздік, бейбітшілік пен тұрақтылықтың күзетінде тұр.Қарулы Күштеріміз бес қаруы сай заманауи үлгідегі айбынды армияға айналды. Сайыпқыран сарбаздарымыз бүінде Ұлы даланың сенімді қорғаны, азаматтығымыздың алдаспаны.Мемлекеттік идеологияның бізге аса қажет бір ірі бұтағы, қомақты тармағы- халықты,ұрпақты патриотизмге, отаншылдық рухқа,елді,жерді сүюге, қорғауға жұмылдыру.»-деп атап көрсеткен болатын. [2]

Әскери ұжымға түсінік беретін болсақ, ҚР Конституциясында былай делінген: «Әскери ұжым-әскери қызметкерлердің ұрыс техникалары мен қаруларын қолдану арқылы орындайтын қызметтерінің, идеялық және моральдық ұстанымдарының негізінде жоғары ұйымдастырушылығымен, ұрысқа дайындығымен, қабілеттілігімен көзге түсетін командирдің басшылығымен ұйымдасқан түрде бірлесуі.»[3]

ҚР Қарулы Күштерінде ұжымның әртүрлі болуы тән. Әскери ұжымды дифференциялаудың негізгі критерийлерінің бірі әскери қызметкерлерді қызмет категорияларына қарай: офицер, прапорщик, сержант, сарбаз деп бөлу болып табылады.

Әскери қызметін өтеу - Қазақстанның әр азаматының қасиетті борышы. 
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2017 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» № 449 Жарлығына сәйкес 18 жастан 27 жасқа дейінгі ер азаматтар 2017 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді әскери қызметке шақырылады. [4]

2018жылдың  көктемінен бастап  мерзімді әскери қызметке жалпы саны 30мың,1990-1999 жылы туған азаматтар әскер қатарына шақырылады. Олардың шамамен 96%-ы әскер қатарына өз еркімен баруда.

Жыл сайын әскер қатарына сұранушылардың саны өсуде.Алайда Отан қауіпсіздігіне жауап беретін сарбаздардың әскери қызметіне қауіп туғызатын жағдайлар көп емес. Солардың қатарындағы бірінші орында-суицид мәселесі. хх ғасырдың 30-жылдарының 1989 жылға дейін суицид туралы мәліметтер құпия сақталып келді, тек 90-жылдардан бастап баспаға шыға бастады. 2016жылдың қорытындысы бойынша, ҚР Қарулы Күштерінің әскери бөлімшелерінде,әскери қызметкерлер арасында суицидтің 39 жағдайы тіркелген. 23 қазанда Ақтөбе облысында Қорғаныс министрлігінің №30238 әскери бөлімінде әскери қызметкер өз-өзіне қол салады [5]

...

Скачать:   txt (20.1 Kb)   pdf (213.6 Kb)   docx (17.1 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club