Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Менің эмоциялық әлемім және оны басқару

Автор:   •  Февраль 11, 2024  •  Эссе  •  314 Слов (2 Страниц)  •  112 Просмотры

Страница 1 из 2

                                       Эссе

    Менің эмоциялық әлемім және оны басқару

Адам өміріндегі эмоциялардың орны аса маңызды. Адамның эмоционалды өмірінің мәні әр алуан түрлі. Эмоциялар әр түрлі жағдайларда, іс-әрекет үрдісінде, ситуацияларда, адамның қорқыныш, үрейлену, ызалану, қуану секілді белгілері бойынша беріледі. Ал дәл осы эмоцияларын дұрыс қолдана білу, тұрақты қылу – әр адамның өзіне байланысты құбылысы.

Менің эмоциялық әлемім. Мен өте ашық, ақкөңіл, мейірімді, бірақ өте қызғаншақ, ашушаң және талапшыл адаммын. Жанымда жүрген әрбір жақын адамым үшін күлкі, бақыт сыйлауды ұнатамын. Кез келген жағдайда қол ұшын ұсынуға тырысуды жөн көретін адамдардың қатарынанмын. Адамның жақсы-жаманын ажырата алмайтын кездерімде де, барлығына мейіріммен, ашық қабақпен қараймын. Бұның соңы кейде өкінішпен де аяқталары сөзсіз.

Әрбір адамның жағымды мінезімен қатар, міні де қатар жүреді. Өзімнің эмоциялық тұрғыдан алғандағы кемшіліктерді айта кетсем, тез ашуланамын, адамды жеке меншігім ретінде көремін және қызғанамын, бір мезетте барлығын айтып тастап, ал енді кейбір жағдайларда мүлдем сөйлемей, ішімнен тынып отырамын.

“Ашу-дұшпан, ақыл-дос” демекші, расында, ашудың арқасында талай сөздер айтылып, тіпті талай іс-әрекеттер кетіп жатады. Ашудың біздің өмірімізге, болашағымызға, тұлға болып дамуымызға, тіпті тәрбиемізге тигізер зиянының көптігі барлығымызға мәлім. “Қызғаныш-қызыл ит” деп ата-бабамыз, сонау бір заманда айтып кеткендігінің бір белгісі – оның адамға деген кері әсерін тигізуі. Яғни, қызғаншақтық, әсіресе адамға тән қызғаншақтық – өзінің жанында жүрген адамды жеке меншік зат ретінде көруі. Бұл дегеніміз - адамды затқа теңеп, кішкентай баладай оны ешкіммен бөліспеуге тырысу. Оның бізге берер қандай да бір пайдасы бар ма?

...

Скачать:   txt (4.2 Kb)   pdf (47.3 Kb)   docx (8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club