Ж. Аймауытовтың психологиялық көзқарастары және психологиялық мұрасы
Автор: omarkhankyzy • Март 3, 2018 • Курсовая работа • 15,405 Слов (62 Страниц) • 2,174 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе
- Ж. Аймауытовтың психологиялық көзқарастары және психологиялық мұрасы
- «Психология» кітабы. Психология пәні нені зерттейді?
2.1 Жан деген ұғым қалай туған?
2.2 Құрғақ даналыққа сүйенген психология
2.3 Тәжірибелі психология
- Адамның қылығын қалай зерттеу керек
- Бақылағанды қалай жазу керек?
- Психология маманы нені бақылау керек?
- Тірі заттардың қылығын жалпы мінездеу
4.1 Ілгерілі-кейінгі қозғалыс
- Сезгіштік және табалдырық
- Ассоциация (ұғым іліктестігі)
- Жалпы ұғым туралы
- Пікір туралы
- Қорытынды, топшылау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
¥зақ жылдар бойы «ұлтшылдық» әдебиеттің өкілі деген айып тағылып, жазықсыз жапа шеккен қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті кайраткерлерінің бipi Ж. Аймауытов жазушылығымен қоса қазақ топырағында тұңғыш педагогика, психология, көркемөнер ғылымдары саласында қалам тартып, кұнды-кұнды ғылыми-зерттеу енбектерін жазуымен, бipнеше окулықтар мен оқу құралдарының авторы болуымен дараланған ipi тұлға.
Ж. Аймауытов (1889- 1931) бұрынғы Семей губерниясының, Кереку (қазіргі Павлодар) уезінің Кызылту болысында, кедей шаруасының отбасында дүниеге келген. Ол Павлодардағы орыс-қазақ мектебін, одан соң Семейдегі мұғалімдер семинариясын (1918) бітірген. 1917—19 жылдары алашорда ұйымына кіреді, алайда көп ұзамай қиялымен ой-өpiciнің шектеулігін жеңіп, төңкерісшілер жағына шығады. 1911 —14 жылдар арасында Баянауылда бала окытады, кейін жылдары әр түрлі қызмет атқарады. 1920 жылы РКП (б) қатарына кіреді. Қазақстан Советтерінің съезіне делегат болып сайланады, КАССР халық ағарту комиссариатынын коллегия мүшесі, «Қазақ тілі», «Ақ жол» газеттерінің қызметкері мектеп мұғалімі, 1926—29 жылдары Шымкенттен педтехникумның директоры болып қызмет істейді. 1929 жылы тұтқынға алынып, 1931 жылы өлім жазасына кесіледі [2,110].
Ж. Аймауытов өзінің тәлім – тәрбие саласындағы бағыт - бағдарын 1918 жылы акпан айында Семей қаласында шыққан әдеби және ғылыми - қоғамдық «Абай» атты журналдың бас мақаласынан аңғартатады. Онда Аймауытов: «...қазақ сахарасында мыңмен жалғыз алысып, жапа шеккен ұлы ағартушы Абайдың көздеген мақсаты халқын өнер-білімге, оқуға, отырықшылыққа, мәдениеттi ел дәрежесіне жеткізу еді»—деп жазады. Ол Абай ұстаған ағартушылдық жолды тыныс-тіршілігінің негізгі арқауы етіп алады.
Осы журналдың 1918 жылғы 1,2 сандарында Аймауытовтың «Тәрбие» атты көлемді мақаласында тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер ғылыми тұрғыдан терең баяндалған.
Мақала авторы «адам мен хайуанның өмір сүруінің айырмашылықтарын көрсете келіп адамдық қасиет саналы өмір суру, қауым болып бірлесіп, тіршілік ету» дейді. Ол сондай-ақ «адамның қоғамдық еңбегінің жемісті, нәтижелі болуы тәрбиеге байланысты», деп қорытынды жасайды. Ғалым өзінің осы тұжырымын ертедегі римдіктер, афиндіктер өмірінен мысалдар келтіріп дәлелдейді.
Ж. Аймауытов педагогика ғылымы саласындағы жүйелі ой-пікірлері оның 1924 жылы Орынборда басылған «Тәрбиеші жетекші» атты еңбегінен жақсы байқалады. Бұл еңбекте Аймауытов «Баланы оқытудың белгілі ереже заңдарын баяндайтын, оқытудың дұрыс жүйесін тауып, білімге тез жету шарттарын көрсететін педагогиканың негізгі бөлімі — дидактикаға ғылыми аныктама берген. Оның пікірінше, мұғалімнің айналысатыны—үнемі козғалып, өзгеріп, өсетін, өркендейтін тірі адам болғандыктан, біркелкі әдістен табан аумай шектеліп қалуға болмайды... Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер... Дидактика мұғалімге жалпы жол-жоба көрсетіп, жетекшілік етеді... сыннан өткен тиімді деген жолдарды ғана нұсқайды»— деп окыту, білім беру әдісінің қатып-сеніп қалған догма емес, үнемі ізденуден туатын іс-әрекет екенін дұрыс атап өтеді. [10,36 ]
...