Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Халық педагогикасы арқылы оқушылардың адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс

Автор:   •  Март 15, 2024  •  Курсовая работа  •  6,012 Слов (25 Страниц)  •  122 Просмотры

Страница 1 из 25

Мазмұны

Кіріспе

3

1 Халық педагогикасындағы имандылық пен адамгершілік тәрбиесі

5

1.1 Қазақ педагогикасындағы адамгершілік тәрбиесінің маңызы мен мәні

5

1.2 Халықтық педагогикадағы имандылық тәрбиесі

9

1.3 Салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың ерекшеліктері, тәрбиелік мәні

12

2 Тәжірибелік бөлім

19

2.1 Халық педагогикасы арқылы оқушылардың адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс

19

Қорытынды

27

Қолданылған әдебиеттер тізімі

29

Қосымша А

31

Қосымша Б

32

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі заман талабынан туындайтын басты мәселелердің бірі – жас ұрпақты жаңа қоғам мүддесіне лайықты жан-жақты дамыған рухани жетілген азамат ретінде қалыптастыру, оның бойында ұлттық намыс пен ұлттық сананы орнықтыру, әлеуметтік ортадағы, өзін қоршаған дүниедегі, табиғат пен адам өміріндегі, тұрмыс пен салт-дәстүрдегі адамгершілік пен парасаттылықты түсініп, жақсы мен жаманды ажырата білуге тәрбиелеу.

Бiздiң қоғам өмiрiнде рухани адамгершiлiк бастамалардың ролi барған сайын артып, iзгiлiк, имандылық,  мейiрiмдiлiк сияқты рухани-адамгершiлiк құндылықтардың ықпал аясы кеңейiп келедi.

Жаңа мыңжылдық табалдырығын аттай отырып, қазақ елі нарықтық экономика жағдайында ғылыми-техникалық жаңалықтарды меңгеру мен ұлттық мәдени мұраларды жандандыруға ерекше көңіл бөлуде. Осыған орай жаңарған қоғамның жастарына ұлттық-патриоттық рухта тәрбие берудің сапалық деңгейін көтеріп, рухани-адамгершілік түсініктері мен ұғымдарын тәрбиелеуді білім беру мекемелері міндет етіп қойып отыр.

Қоғамды жаңғырту және демократияландыру үрдісінде, еліміздің егемендікке ие болуы жағдайында, біздің қоғамымыздың тарихы, оның көптеген әлеуметтік институттарының қызметі қайта ой елегінен өткізіліп жатқан кезде халықтың рухани өмірінің өз кезінде ұмытылған немесе тыйым салынған құбылыстары қайтып оралуда, өткеннің мәдени-тарихи мұрасын қайта өркендету қазіргі заманның аса кӛкейкесті проблемаларының біріне айналып отыр. Оның компоненттерінің бірі өзінің аса бай прогресшіл дәстүрлері және өскелең ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесі бар этникалық педагогика болып табылады.

Халқымыз тән мен жан тәрбиесiн қатар жүргiзу арқылы жас ұрпақты елiн, жерiн сүйетiн, қорғай бiлетiн, үлкенді сыйлайтын, еңбексүйгіш, түрлі ұлыс өкілдерін құрметтейтін және олармен шын пейілді қарым-қатынас жасайтын, халқының келешегi үшiн бойындағы бар ақыл-қайратын аямай жұмсайтын намысқор, табиғатқа аялап қарайтын рухтағы саналы адам тәрбиелеудi мақсат еткен.

Осы зерттеудің мақсаты – Халықтық педагогикадағы имандылық-адамгершілік тәрбиесінің берілу жолдарын анықтау.

Мәселеге, мақсатқа және гипотезаға сәйкес келесі зерттеу міндеттері анықталды:

- Қазақ педагогикасындағы адамгершілік тәрбиесінің маңызы мен мәніне тоқталу;

- Халықтық педагогикадағы имандылық тәрбиесін зерттеу;

- Салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың ерекшеліктері, тәрбиелік мәнін зерттеу;

- Халық педагогикасы арқылы оқушылардың адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жасау.

Зерттеу нысаны: Халықтық педагогика.

Зерттеу пәні: ұлттық мәдениет арқылы оқушылардың имандылық пен адамгершілік тәрбиесін жандандырудың педагогикалық шарттары.

Мәселенің шешімін іздеуді ұйымдастыру гипотезаға сәйкес құрылды, оған сәйкес қазіргі орта мектеп оқушыларының руханилығын қалыптастыру сәтті болады, егер:

...

Скачать:   txt (89.5 Kb)   pdf (214.4 Kb)   docx (69.9 Kb)  
Продолжить читать еще 24 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club