Фольклор және фольклортану ғылымы туралы түсінік
Автор: ayaulym23 • Сентябрь 20, 2022 • Лекция • 3,800 Слов (16 Страниц) • 359 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛIГI
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСТЕТІ
Қазақ тілі мен әдебиеті әдебиеті кафедрасы
Халық ауыз әдебиеті пәнінен практикалық сабақтың әдістемелік нұсқауы
Шымкент -2022ж.
Практикалық сабақтың әдістемелік нұсқауын құрастырған:
Ф.ғ.к., доценет м.а. Мамыт А.
Магистр-оқытушы Әбдіғаппар А.
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы мәжілісінде талқыланды.
№ 1 хаттама « 26» тамыз 2022 ж.
Кафедра меңгерушісі: Байгутова Д.
№ 1 Тақырыбы: Фольклор және фольклортану ғылымы туралы түсінік
Сабақтың мақсаты:
1. «Қазақ халық поэзиясы», «Халық прозасы (қара сөз)», ауыз әдебиеті, «фольклор», «фольклортану» деген ұғымдардың бір-біріне жақындығынан мағұлмат беру.
Сабақтың мазмұны: Халық ауызша шығарған сөз өнері ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, үздіксіз жалғасуын ең алдымен халық шығармашылығынан танимыз. Сондықтан халық шығармашылығыұғымы ауызша жасалған әдебиетте халық поэзиясы, халықтың қара сөз өнері немесе халық прозасы, халық ауыз әдебиеті, фольклор деген атаулармен байланыста қараладыХалық шығармашылығы поэзия және проза түрінде көрініп, олар бірнеше жанрларға жіктеледі. Атап айтсақ, халық поэзиясының басты жанрлары: тұрмыс-салт өлеңдері, мақал-мәтел, жұмбақ, эпостық жырлар, айтыстар болса, халық прозасы басты жанрлары: ертегілер, мифтер, әпсанаттар, хикаялар, аңыз әңгімелер болып ерекшеленеді. Осындай халықтың мол мұрасын жан-жақты таныстыратын асыл сөз өнерін – халық ауыз әдебиеті деп атасақ, кейде оны халқыаралық термин атауымен «Фольклор» (ағылшынның «халық даналығы» деген сөзі) деп қараймыз. Фольклордың көп қырлылығы тек қана бір бұл емес, өзіндік орналуы мен айтылуы жағынан да синкретті екендігі ғылымда дәлелденген. Қазақ фольклорының ерте замандар да қалыптасып, дамығандығын көне тас жазба ескерткіштер, Қорқыт мұралары, Махмуд Қашқаридің «Түрік сөздігі» және т.б. көне дәуір естеліктері анықтай түседі.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
- Қазақ әдебиетінің тарихы. 1т., 1 кіт. – Алматы, 1960.
- Қазақ әдебиетінің тарихы. 1т., 1 кіт. – Алматы, 1964.
- Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті – Алматы, 1974
- Садырбаев С. Қазақ халық әдебиеті. Хрестоматия.-Алматы,1990.
- Садырбаев С. Фольклор және эстетика . Алматы,1976
- Ысмайлов Е. Ақындар. –Алматы,1956
- Тұрсынов Е. Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері. –Алматы,1976
- Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. -*Алматы,1985.
- Уәлиханов Ш. Қазақ фольклорының тарихы. –Алматы, 1991.
- Қазақ фольклорының тарихы. –Алматы, 1988.
11. Байтұрсынов А Шығармалар –Алматы,1989.
12. Досмұхамедұлы Х. Аламан. –Алматы, 1991.
13. Уахатов Б. Қазақтың халық өлеңдері. –Алматы, 1974.
14. Тал бесіктен жер бесікке дейін. –Алматы, 1996.
15. Қазақ бақсы – балгерлері. –Алматы,1993.
16.Сейдеханов К. Қазақтың Ұлы Отан соғысы кезіндегі халық поэзиясы. –Алматы,1974.
№2 Тақырыбы: Фольклордың тегіне мен жанрына қарай жіктелуі
Сабақтың мақсаты:
1. Фольклордың диалектология, этнография, тарих, философия, педагогика, психология және музыкамен байланысынан мағлұмат беру.
...