Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мектеп жасына дейінгі балаларды монологтық және диалогтық сөйлеуге үйрету

Автор:   •  Сентябрь 19, 2021  •  Реферат  •  3,790 Слов (16 Страниц)  •  871 Просмотры

Страница 1 из 16

Мирас коледжі

 

Реферат

Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балаларды монологтық және диалогтық сөйлеуге үйрету».

                                                                                  Орындаған: 

                                                                                  Тексерген:Бақтиярова. Г

Шымкент 2021

Кіріспе бөлім.
1.Негізгі бөлім. 
1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстыра сөйлеуін дамытудың негізгі теориялық мәселелері.

1.2. Мектеп жасына дейінгі балалардың диалогты сөйлеуге үйрету әдісі.

1.3. Мектеп жасына дейінгі балалардың монологты сөйлеуге үйрету әдісі.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

               

Кіріспе

Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуін дамыту мәселесі бағдарламаға сай дидактикалық ұстанымдарды басшылыққа алып жүргізіледі. Әсіресе, баланы мектепке даярлауда олардың байланыстырып сөйлеуін, сөздік қорын байыту, өз ойларын басқару, түсіндіре білу жақтарына баса көңіл бөлінеді. Берілетін білім мен тәрбиелеу әр уақытта баланың өз ана тілі арқылы іске асады.

Б.Баймұратованың пікірінше, балалар жеке заттарды біліп қана қоймай, оларды жіктеп, топтап айта білуге, әр заттың қайдан, неден жасалатынын, қалай пайда болатынын түсінуге тырысатындығын айтады.

Бала айналадағы өмірмен танысу нәтижесінде әр түрлі құбылыстармен бетпе-бет кездеседі. Күнделікті тұрмыста, табиғат аясында ойын, еңбек, серуен, сабақ процесінде қоршаған орта туралы жаңа сөздер үйренеді. Үйренген  сөздерін күнделікті іс-әрекет үстінде қолданады. Бұл сөздерді сөйлем ішінде қолданып, жүйелі байланыстырып сөйлеуге үйрету туралы көптеген ғалымдар өздерінің анықтамаларын ұсынған. Мәселен, олардың бірі А.М.Бородич:  ”Байланыстырып сөйлеу – адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін мағыналы сөздердің сөйлемдегі жүйесі“ десе,  Ф.А.Сохина: “Байланыстырып сөйлеу дегеніміз – белгілі бір ойды жүйелі, анық, грамматикалық тұрғыдан алғанда дұрыс және бейнелі түрде жеткізу болып табылады” деп қарастырады. Сонымен байланыстырып сөйлеу – отбасында және балабақшада іске асатын бала тілінің дамуының тиімділігінің көрсеткіші.

      Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдынғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ. Ойын- дегеніміз не? Ойын дегеніз- халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын қүралдың бірі.  Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементерін пайдаланудың маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл- ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз, импульсивті болғанымен, қабылдау есте сақтау мүмкіндіктері жақсы дамыған.Баланың сөйлеу әрекетін дамыту, ең алдымен оқыту үрдісінде тілдің лексикалық, грамматикалық білім нормаларын игертуге байланысты болса, екіншіден, сөйлеу икемділігі пен дағдылары сөйлеу әрекетінің оқу, тыңдау, айту жазумен байланысты болады. Сондықтанда қатысымдық икемділік пен дағды сөйлеу қарым- қатынастың түрткісіне мақсат- міндеттеріне орай жүргізіліп, екінші жағынан әлеуметтік нормалар, яғн тіл мәдениетінің негізінде ұйымдастыру болып табылады. 

     Баланың тілін дамытуда мынадай жұмыс түрлерін жүргізуге болады. 
1. Айналадағы бар, күнделікті өмірде пайдаланып жүрген заттарды (киім - кешек, ыдыс - аяқ, тағам, үй жиһаздарын ) көрсетіп, атын сұрап айтқызу. 
2. Осы заттардың қайдан, неден (ағаштан, шыныдан, жүннен, темірден жасалғандығын)түсіндіру. 
3 Ойыншықтары жайында, жақсы көретін ертегісі туралы әңгімелесу. 
 Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасып, сақталып келе жатқан наным - сенімдерін, дәстүрін, жол - жоралғыларын, әдеп - ғұрыптарын өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына сіңіру мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамытуға баға жетпес нәтиже береді.

...

Скачать:   txt (52 Kb)   pdf (144.2 Kb)   docx (23.5 Kb)  
Продолжить читать еще 15 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club