Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Интернетті ағылшын тілін оқытуда қолдану

Автор:   •  Январь 16, 2019  •  Курсовая работа  •  6,376 Слов (26 Страниц)  •  1,278 Просмотры

Страница 1 из 26

МАЗМҰНЫ

Кіріспе...........................................................................................................................3

1 Жаңа заман технологиялары: Интернет

1.1 «Халықаралық желі»немесе Интернет................................................................8

1.2 Интернет шет елмен байланыс құралы ретінде................................................12

2 Интернетті ағылшын тілін оқытуда қолдану

2.1 Ағылшын тілінің білім дәрежесін жетілдіретін сайттар..................................17        

2.2 Интернет көмегімен оқуға, жазуға, оңаша  кеңесуге үйрету...........................20

Қорытынды.................................................................................................................34

Пайдаланған әдебиеттер тізімі..................................................................................36


КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі кезде жаңа ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдар тек ғылыми зерттеулер мен əр түрлі əлеуметтік, экономикалық жəне саяси процестерді басқаруда ғана емес, білім жүйесінде де кең қолданыла бастады. Ақпараттық технологиялар мен компьютерлік желілерді пайдалану арқылы жүргізілетін оқытудың жаңа формаларының ауқымы кеңейіп келеді. Қоғамның жаңа деңгейге көтерілуі, оның қозғаушы күші болып отырған жастарға білім беру ісінде өткен тарихы мен тәжірибелерді ой елегінен өткізіп, жаңа заман талабына сай қолдану болып табылады. Сондай қажеттіліктердің бірі  - интернет көздері арқылы танымдық белсенділікті арттыру. Бұл мәселенің нәтижелі жүзеге асуы бойынша толық білім сапасынан және оны студенттердің жұмыс практикасында пайдалана білу іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруды талап етеді. Сонымен қатар, ақпараттық технологияларда әртүрлі дидактикалық әдістерді пайдаланудың өзіндік бай тарихы, терең мазмұны, сан қилы ерекшеліктері бар. Оқушыларға рухани, эстетикалық, эмоционалдық, интеллектуалдық тұрғыда әсер етіп, олардың тұлғалық және сапалық қасиеттерін дамытуда жаңа технологияны және белсенді әдістерді қолданудың заман талабы екені мәлім. Себебі, бұл олардың мектептегі жұмыс сапасының кепілі. Сондықтан да, оқушылардың танымдық белсенділігін  интернет көздері арқылы арттыру барысында жалпы орта білім беретін оқу орындарының оқу-тәрбие үрдісіне танымдық белсенділіктерді арттыруды ендіру аса қажет.

Ол тек қана жаңа ақпараттық құралдар емес, сонымен қатар сабақ оқытудың жаңа формалары мен әдістерді, оқыту процессіне жаңа көзқараспен қарауды талап етеді. Ағылшын тіліне үйретудің негізгі мақсаты - оқушылардың коммуникативтік мәдениетін қалыптастыру мен дамыту, ағылшын тілін меңгеруді практикалық үйрету.

Зерттеудің мақсаты: интернет көздерін мектептің оқыту үрдісінде пайдалану арқылы оқушыға ағылшын тілін практикалық үйренуіне жағдай жасау, әрбір оқушының белсенділігін арттыруға негіз болатын оқыту әдістемесін тура таңдау.

Зерттеу пәні: Ақпараттық технологиялар, оның ішінде интернет көздерін қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру.

Зерттеу нысаны: Орта мектептегі білім беру үдерісі.

Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселесіне байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді тақырып бойынша теориялық талдау жасау;

  • ақпараттық технологияларды мектептің оқу тәрбие үдерісіне енгізудің әдістемесіне сипаттама және сауалнама, бақылау жүргізу;
  • тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтиежесіне баға беру, қорыту;

Зерттеудің ғылыми болжамы: оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуға болар еді, егер де:

  • мектептерде интернет көздерін пайдалану жолдары қарастырылып, оқушылардың өздігімен жұмыс жасауына тиімді жолдар қарастырылса;
  • оларды оқу-тәрбие үрдісінде қолданудың ғылыми-әдістемелік нұсқауларын құрастырса, онда адамзаттық құндылықты бағалай білетін, іздену белсенділігі жоғары, ой өрісі кең жеке тұлғаны қалыптастыру мүмкіндігі туындайды.

Зерттеудің міндеттері:

  • интернет көздері негізінде оқушыларға ағылшын тілін үйретудің психологиялық, педагогикалық сипатын ашып көрсету;
  • интернет көздерінің негізінде оқушылардың ағылшын тілін оқытудың ерекшеліктерін айқындау;
  • интернет көздері негізінде ағылшын тіліне оқытудың тиімділігін тәжірибелік эксперимент жүзінде белгілеп, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар, нұсқаулар беру;

Зерттеудің жетекші идеясы: интернет көздерін орта білім беретін мектептердің оқыту үрдісінде жүйелі түрде, ғылыми-әдістемелік тұрғыда дәлелдеп енгізу барысында ағылшын тілін меңгеріп, дамытуға  жағдай туғызады.

...

Скачать:   txt (91.2 Kb)   pdf (680.3 Kb)   docx (1.2 Mb)  
Продолжить читать еще 25 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club