Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ата-аналар мен педагогтардың ынтымақтастық қарым-қатынасын дамыту жолдары

Автор:   •  Ноябрь 15, 2023  •  Реферат  •  2,014 Слов (9 Страниц)  •  151 Просмотры

Страница 1 из 9

[pic 1] ОҢТҮСТIК  ҚАЗАҚСТАН  МЕМЛЕКЕТТIК

           ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

                                   

                                       РЕФЕРАТ

Тақырыбы:Ата-аналар мен педагогтардың  ынтымақтастық қарым-қатынасын дамыту жолдары. 

                                                                   Орындаған:Қамытбек Аружан

                                                                   Тобы:1201-19

                                                                   Қабылдаған:Балажанова Жұпар.                                


Жоспары:

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

1. Ынтымақтастықта болудың бастамашысы-мектепке дейінгі ұйымның педагогтары;

2.Ата-аналар мен педагогтардың  ынтымақтастықта болудың формалары.

III.Қорытынды.


Ынтымақтастықта болудың бастамашысы кім болуы керек? Әрине, мектепке дейінгі ұйымның педагогтары, өйткені олар білім беру жұмысына кәсіби даярланған, бұлар оның нәтижелілігі балаларды тәрбиелеудегі келісілгендік, сабақтастықта екенін түсінеді.Қазіргі заманғы ата-аналарға осыны түсіндіру керек.Отбасымен өзара әрекет етуді орнату бастамасы мен осы өзара әрекет ету міндеттерін білікті жүзеге асыру мектепке дейінгі ұйымның отбасы тәрбиесіне қатысты бағыт-бағдар беретін рөлін анықтайды.Ынтымақтастықтың нәтижесі көптеген жағдайда отбасы мен балабақшаның өзара ұстанымдарына байланысты болады.Егер екі тарап балаға мақсатқа сай әсер ету қажеттілігін сезініп, бір-біріне сенсе, олар біршама оңтайлы қалыптасады.Ата-аналардың педагогтың балаға жақсы көзқарасына сенімді болуы; тәрбие беру мәселелерінде педагогтың құзыретті екенін сезінуі, ең бастысы – оның жеке қасиеттерін (қамқор болушылық, адамдарға деген ықылас, мейірімділік, сезімталдық) бағалай білуі маңызды.Осындай сенімділік өзінен-өзі пайда болмайды: тәрбиеші оны балаға мейірімді, бей-жайсыз қарауымен, онда жақсылықты тәрбиелеу іскерлігімен, кеңпейілдігі және шапағатымен баурап алады.Осыған қарым-қатынас жасау мәдениетін, тактикалық пен өзара түсінушілікті қосайық – енді сенімділік психологиясы картинасы біршама толыққанды болады.

Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиеленушілердің отбасыларымен ынтымақтастықта болудың ұйымдастырушысы мен үйлестірушісі меңгеруші болады.Ол отбасы мен балабақшада балаларды тәрбиелеудің бірыңғай жүйесін қалыптастыруға осы міндетті шешу үшін педагогикалық ұжым мен ата-аналарды біріктіре отырып ықпал етеді.Мектепке дейінгі ұйымның ата-аналармен ынтымақтастықта болудың негізгі міндеттері мен шамалас мазмұны жылдық жоспарда белгіленіп, меңгеруші мен аға педагогтың күнтізбелік жоспарында нақтыланады.Балаларды тәрбиелеуде оң нәтижелерге ынтымақтастықтың түрлі формаларын іскерлікпен үйлестіру, осы жұмысқа мектепке дейінгі ұжымның барлық мүшелері мен тәрбиеленушілер отбасыларының мүшелерін белсенді қосу арқылы жетеді.Қазіргі таңда өзекті міндеттер отбасымен жеке жұмыс жасау, әр үлгідегі отбасыларды даралап қарау, мамандардың назары мен әсерінен тек қана қиын емес, сонымен қатар, кейбір мәселелерде нашар отбасыларды тыс қалдырмау болып қалып жатыр.

Ынтымақтастықтың формалары қандай?Ұзақ жылдар бойы ынтымақтастықтың міндетті формаларының бірі педагогтың баланың отбасына бару саналды.Бұл (егер формальдыққа айналмаса) педагогке отбасыны зерттеу, баламен, оның ата-анасымен байланыс орнату, тәрбие беру жағдайларын анықтау үшін көп нәрсе береді деп есептелді.Алайда қазір отбасы өмірі ширек ғасыр бұрын уақытпен салыстырғанда, біршама жабық бола бастады.Ата-ана тәрбиешінің келу мақсатын келу уақыты келісілген болса да, көптеген жағдайда түсіне бермейді.

...

Скачать:   txt (28.7 Kb)   pdf (128.8 Kb)   docx (35.3 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club