Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Музыкалық білім беру педагогикасының жалпы мәселелері

Автор:   •  Май 5, 2020  •  Курсовая работа  •  5,910 Слов (24 Страниц)  •  884 Просмотры

Страница 1 из 24

Жоспар

І.Кіріспе бөлім.............................................................................

ІІ.Негізгі бөлім..........................................................................

1. Музыкалық білім беру педагогикасының жалпы мәселелері.

2. «Музыкалық тәрбиенің теориясы мен әдістемесі» пәнінің рөлі, мектепке дейінгі ұйымдарда алатын орны.

2.1. Музыка сабағы арқылы мектеп жасына дейінгі балаларға берілетін эстетикалық тәрбие.

3. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қазақ музыка өнерінің ең алғашқы туындылары арқылы берілетін тәрбие.

ІІІ.Практикалық бөлім...........................................................

IV.Қортынды бөлім............................................

V.Пайдаланған әдебиеттер тізімі................................

І.Кіріспе бөлім

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Музыкалық тәрбиенің балабақшадағы маңызын бағалау қиынға түседі. Ол мектепке дейінгі жастағы балаларды эстетикалық тәрбиелеудің негізгі бөлшегі болып табылады.Ерте жастан бастап балаларға музыка өте ерекше сезіммен әсер етеді. Ол писхологиялық қолайлы жағдайдың  маңызды элементі болып табылады.Оған қоса, музыка сабағы балаларың шығармашылық қабілетін, артистік өнері мен қиялын дамытуға ықпал етеді. Музыкалық эелементерді жиынтықта (әуен, ырғақ, сүймелдеу және т.б) тыңдау, тани және әуенге қоса білу біліктілігі – өте қиын интеллектуалдық тапсырма. Музыкалық тәрбие бойынша сабақтар балабақшада ең кіші топтардан бастап дайындық тобына дейін жүргізіледі.Балабақшадағы музыкалық тәрбиенің негізгі жолы музыкаға қол жеткізудің балаларға арналған тиімді формасы ретінде ән айту арқылы жатыр. Әндер жиынтығын дұрыс таңдау музыкалық жетекшінің басты міндеттері болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Музыка сабағында балаларды музыка өнеріне баулу олардың әсем сезімдерінің тәрбиеленуіне, көзқарастары мен сенімдерінің қалыптасуына себебін тигізу. 

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • Қазақ халқының рухани құндылықтарын және дәстүрлі көркем мәдениетін игереді;
  • Айналадағы болмысты және қазақтың халықтық өнерін музыкалы эстетикалық және көркемдік бағалауды қалыптастырады;
  • Қазақ халқының дәстүрлі көркем тәжірибесін тақырыптық жағынан түйсініп, сезінеді;
  • Тұлғаның көркем шығармашылық белсенділіктері артады.

Курстық жұмыстың объектісі. Мектепке дейінгі жастағы балалар.

Зерттеу әдістері. Зерттеу барысында баяндау, сипаттау, салыстыру, талдау әдістері қолданылды.

Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім, практикалық бөлім мен қортындыдан тұрады. Соңында қолданылған әдебиеттер тізімі берілген.

1. Музыкалық білім беру педагогикасының жалпы мәселелері.

Музыка өнері – адамзат қауымының пайда болуымен бірге қалыптасып, қоғам дамуының барлық сатысында өмірлік мәні зор тәрбиелік қызмет атқарып, бүгінгі күнге жеткен сарқылмас рухани қазына. Қоғамдағы мәдениеттің деңгейіне, өндірістік қатынастардың, өндірістік күштердің дамуына сәйкес, оның мақсаты мен мазмұны, сипаты, әдіс-құралдары, тәрбие формалары белгілі бір өзгеріске ұшырап отырады. Музыка өнерінің дамып, қалыптасуына жасалған ретроспективтік талдау және археологиялық мәліметтер музыкалық тәлім-тәрбиенің қоғам дамуының деңгейіне тікелей байланысты болғандығын дәлелдейді.

Музыкалық тәлім-тәрбие адамзат қауымының түрлі іс-әрекеттерінде, ойын-сауықта, еңбек ету әрекеттерінде берік орын алып отырды. Ол қоғамның мәдениетін, әлеуметтік тәжірибесін жеткізудің құралы болуымен қатар, сол қоғамның дамуына, музыкалық білімнің жинақталуына, адамдардың өмір әрекеттерінің түрленуіне байланысты әлеуметтік категория ретінде өзі де үнемі дамып, қалыптасу үстінде болды.

Музыкалық білім беру педагогикасы – қоғам дамуымен біте қайнасқан өзіндік даму тарихы бар ғылым саласы. Аға ұрпақтың жинақтаған тәлім-тәрбие, тәжірибесі ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіле келе, қоғамның, мәдениеттің дамуына, әлеуметтік тәжірибенің бай қорының жасалуына ықпалын тигізді. Сөйтіп, өткендегі музыкалық білім беру тәжірибесі және кейінгілердің оның дамуына жасампаздықпен өз үлесін қосып, белсенділікпен меңгеруі барысында бірте-бірте дербес ғылым саласы ретінде қалыптаса бастады.

...

Скачать:   txt (89.6 Kb)   pdf (286.2 Kb)   docx (34.9 Kb)  
Продолжить читать еще 23 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club