Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ж. Аймауытұлы мұрасының зерттелуі

Автор:   •  Февраль 7, 2021  •  Реферат  •  317 Слов (2 Страниц)  •  688 Просмотры

Страница 1 из 2

                             Орындаған: Черчинбаева  Г

                        Ж. Аймауытұлы мұрасының зерттелуі

  Қирабаев, Серік. «Жүсіпбек Аймауытов» еңбегі. Еңбекте Жүсіпбек Аймауытовтың ӛмір белестері мен туындылары жӛнінде баяндалады. Романдары, әңгімелері, ӛлең жолдары, аудармалары талданады.

Тұрысбеков Р. С. «Жүсіпбек» еңбегі. Көрнекті қазақ жазушысы Жүсіпбек Аймауытұлы төл әдебиетіміздің әр алуан жанрында өнімді еңбек етіп, бірнеше роман, ондаған драмалық шығарма мен әдеби зерттеулер жазған, аударма өнеріне де белсене араласқан. Автор жазушының мол мұрасына жан-жақты талдау жасай отырып, қаламагердің өмірбаяны, отбасы, қызметі туралы баяндайды. Кітапта бұрын беймәлім архивтік дерек кӛздері, хаттар,естеліктер т.б кеңінен пайдаланылған.

Тұрысбек  Рақымжан. «Жүсіпбек Аймауытұлы және 20 жылдардағы қазақ прозасы». Зерттеу еңбекте қазақтың көрнекті қаламгері Жүсіпбектің шығармашылық ғұмырнамасы, прозалық мұра-мирастары кең көлемде қарастырылады. Автор Ж. Аймауытовтың шағын жанрдағы туындыларынан бастап, «Күнікейдің жазығы»,»Қартқожа», «Ақбілек» сынды көлемді повесть, романдарының 20 жылдардағы қазақ прозасымен өз ара байланыстыра сөз етеді. Сол арқылы Ж. Аймауытовтың қаламгерлік қабілет-қасиетін. Дарын талантын, өмірлік бағыт-бағдары мен көркемдік-эстетикалық көзқарастарын жан-жақты қарастырады.

Қ. Жарықбаев. « Жүсіпбек Аймауытұлының психологиялық көзқарастары». Еңбекте тоталитарлық жүйенің құрбаны болған аяулы азамат, қазақ халқының талантты ұлдарының бірі, психолог маман, ағартушы қайраткер Ж. Аймауытовтың психология ғылымына қатысты еңбектеріне ғылыми-әдістемелік, тәлімтәрбиелік тұрғыдан баға беріледі. Автор психология ғылымының ұғымдары мен терминдерін қалыптастыруға қайраткердің қосқан үлесін нақты мысалдармен келтіреді.

Тұрысбек Рақымжан. «Жүсіпбек Аймауытұлының әсемдік әлемі». Кітапта алаштың қайраткер-қаламгері Ж. Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы жаңа уақыт талаптары тұрғысынан танып-талданады.Танымал талант иесінің дүниетаным иірімдеріне, шығармашылық мұра-мирасының көркемдік қырларына, тақырыптық-жанрлық ерекшеліктеріне, тілдік-стильдік сипаттарына да кең орын бөлінеді.

...

Скачать:   txt (4.9 Kb)   pdf (89.2 Kb)   docx (8.1 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club