Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ахмет Байтұрысынов Тіл құрал 1914 жыл

Автор:   •  Апрель 23, 2023  •  Реферат  •  3,004 Слов (13 Страниц)  •  266 Просмотры

Страница 1 из 13

Орындаған: Молдағали Нұршат

Тобы: ҚБ 3 жылдық

Ахмет Байтұрысынов Тіл құрал 1914 жыл

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 1914 жылы Орынборда қаласында басылып шыққан «Тіл - құрал» атты еңбек «Сөз басы» деген тараудан басталады. Аталған тарауда тілдің және дұрыс сөйлесе білудің адам өміріндегі рөлі мен маңызы туралы, «Тіл - құрал» кітапшасының жалпы мазмұны мен оның шығу себебі, еңбектің оқырмаған не үшін қажет екені, оның шығу жолдары, яғни үш жыл көлемінде шығатыны жайлы, ана тіліміз қазақ тілінің өзіндік ерекшелігі - жалғамалығы жайында сөз болады. Және де оған қоса осы еңбекті пайдалана отырып, қалай оқыту қажеттігі туралы ақпарат беріледі.

Ал «Сөз мүшелері» тарауы сөйлеу, сөз, сөйлем, буын, дыбыс, «харіф» сынды бөлімдерден тұрып, ережелер теориялық жағынан талданады. Және де әр теориядан кейін дағдыландыру және сынау тармақшалары бар. Ол жерде теорияны қайталай отырып, жаттығу тапсырмалар арқылы тәжірибе жүзінде бекітіледі. Сонымен қатар белгілі бір грамматикаға қатысты түрлі тақырыптағы мақал-мәтелдер, қанатты я болмаса нақыл сөздер арқылы мысалдар беріледі. Мысалы, Жарлы болсаң арлы болма. Бар болсаң таспа, жоқ болсаң саспа.

«Қазақ сөзіндегі дыбыстар һәм олардың харіфтері» бөлімінде қазақ тіліндегі 24 дыбыс көрсетіледі. Оларды талдай отырып,  дауыссыз дыбыстарды алдымен ұяң және қатаңға бөліп, оның ішінде ұяң харіфтерді ымыралы және ымырасыз деп екіге топтастырған. Мысалдар: басқа келген бәледен бастан құлақ садаға. Соқырдың қолына түспе, саңыраудың астына түспе.

Жазу қағидалары тарауында әр дыбыстың харфі қай кезде қалай  жазылатыны туралы сегіз ережелер тобы келтірілген. Одан кейін, «Қ және Ғ дыбыстары», «Сөз тұлғалары», «Сөз жазуының жалпы ережелері» мен жұрнақтарға қатысты ережелер қатары көрсетіліп, дағдыландыру деген тармақшасы арқылы бекітіледі.

«Атауыш сөз» атты үлкен тарауда зат есім, сын есім, сан есім, етістік, есімдік сынды сөз таптарына қатысты алдымен мысалдар беріліп, кейін сол мысалдар арқылы ереже түсіндіріледі. Сынау тармақшасы арқылы түсіндірілген ереже қорытындыланып, бекітіледі. Одан кейін «Шылау сөздер», «Қорыту», «Тасымал», «Мұғалімдер үшін баяндама» секілді тараулар бар. Мсыалдар, Арық атқа қамшы жүк. Мал басқа бітер, қына тасқа бітер.

Берілген еңбек – қазақ тілін грамматикалық тұрғыдан жетік меңгеруге қадам басқан тұлғалар үшін өзінің аты айтып тұрғандай таптырмас құрал. «Тіл-құралымен» таныса отырып, оқырман тек теориялық білімді ғана емес, сонымен қатар практикалық жағынан да ұшқыр болады. Бұл оқулықтан мұғалімдер, тіл мамандары, ЖОО студенттері, мектеп оқушылары да өз қажетіне байланысты ақпарат таба алады.

Қ.Кемеңгерұлы «Жат тіл оқыту әдісі» 1929 жыл

Қошке Кемеңгерұлының  қазақ тілінің грамматикасы, емле мен терминологиясы, әдістемеге қатысты 1926 жылы және де 1929 жылы «Жаңа мектеп» журналында жарық көрген «Қотыр сөздер» мен «Жат тілді оқыту әдісі» атты мақалалары 2002 жылы «Өлке» баспасынан шыққан «Таңдамалы» жинағына енген болатын. Жинақта автордың әңгімелері, мақалалары сонымен қатар, зерттеу жұмыстары кіріктірілген.

«Қотыр сөздер» мақаласында өзге тілден енген сөздерді қазақ тілінің  құрылысына, үндестік заңына үйлестіру мәселесі қозғалады. Кейбір сөздердің газетте, баспасөз беттерінде жазылуындағы қателері сыналады.  «Тіл-құралынан» дәлел келтіре отырып, емлелік ережелерге байланысты өрескел кемшіліктерге көңіл аударады. Қазақтың төл сөздерін баспа беттерінде орыс тіліне негіздеп, құрастырып жазылатыны жайлы да сөз болады. «Балдар», «жылқышылық» сынды сөздерді қолдануға байланысты қарсы пікірі айтылады. Үндестік заңына бағынбайтын ерте кезде еніп, сөздік қорымызға сіңіскен сөздер мен соңғы уақытта кірген жат сөздерге қатысты өзіндік талдау жасап, пікір білдіреді.

...

Скачать:   txt (44.8 Kb)   pdf (180.4 Kb)   docx (225.1 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club