Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ұлттық нақыштағы заманауи әшекейлер

Автор:   •  Октябрь 5, 2019  •  Творческая работа  •  769 Слов (4 Страниц)  •  813 Просмотры

Страница 1 из 4

Шығармашылық жұмыс

Тақырыбы: 

«Ұлттық нақыштағы заманауи әшекейлер»

Жоспары:

  1. Кіріспе:

Қазақтың қолөнері – қазақ ұлтының күретамыры.

  1. Негізгі бөлім:

1. Қолөнерге деген қызығушылық;

 2. Ұлттық нақыштағы әшекейлер;

3. Ою-өрнек – тарихы мол өнер;

4. Асыл тастардың қасиеті.

  1. Қорытынды:  

 Дайындаған туындыны таныстырып, көрсету.


         - Менің бүгінгі таңдап отырған тақырыбым «Ұлттық нақыштағы заманауи әшекейлер».

         

          Қолөнер – дәстүрлі тұтыну және сәндік бұйымдарын жасайтын ұсақ өндіріс. Қолөнершілер еңбекке қажетті кішігірім құралдарды пайдалана отырып, үлкен, әдемі туындыларды жарыққа әкеледі. Қазақтың қолөнері – қазақ ұлтының күретамыры. Сондықтан, қандай да болмасын туындыны ұлттық нақыштағы ою-өрнекпен безендірсек, қуанарлық жағдай болар еді.

     

         - Мен басқа қыздардан ерекшеленіп тұрғым келетін. Алғашында еңбек сабағында ұстазымның көмегімен қолыма ине-жіп ұстап, қуыршақтарыма киім тігіп үйрендім. Кейін келе, сабақтан тыс бос уақытымда моншақтардан, асыл тастардан білезік, ободок, сырға тәрізді әшекейлер жасауға қызығушылығым пайда болды. Қолөнерге деген икемімді байқаған анам әрқашан мені демеп, қолдап отырады. Осылайша, бос уақытымды тиімді пайдаланамын.

          Жалпы, әшекей бұйымдарды жасау үнемі ізденісті талап етеді. Өйткені, қолөнер бұйымдары қайталанбас үлгісімен  ерекшеленеді. Асыл тастарды түстері бойынша болсын, көлемі бойынша болсын үйлестіре білу – үлкен талғамды қажет етеді. Көбіне, ғаламтордан қарап, кітаптардан оқып, кейде арнайы жәрмеңкелерге барып, ізденістерімді толықтыра түсемін.

        «Әшекейі жоқ әйел жапырағы жоқ ағашпен тең» демекші, ертедегі қыз-келіншектер, әжелер ұлттық нақыштағы әшекей бұйымдарын шашбауларын сылдырлатып, қолдарына жүзіктерін тағып жүрген. Қазір де қыз-келіншектердің барлығы дерлік мойын-қолдарына әшекейлерін күнделікті тағып жүреді. Бірақ, бір әттеген-ай дейтін жеріміз өзіміздің ұлттық нақыштағы әшекейлерімізді емес, Еуропа стиліндегі бұйымдарды қолданады. Менің ойымша, біз өз ұлттық киімімізді, сәндік әшекей бұйымдарымызды күнделікті өмірде қолданып жүрсек, басқа ұлт өкілдері де қызығып, одан әрі қазақтың әшекей бұйымдарының таралуына, ұмыт болмауына оң әсерін тигізер еді.

       

           Ою-өрнек – өте ежелгі өнер. Тарихы мол өнер. Ою-өрнектің түрлері мен атаулары өте көп. Қазіргі таңда ғалымдар оюдың 230 түрін анықтап отыр. Олардың ішіндегі халықтың арасында көп тараған түрі «мүйіз» тектес өрнектер. Барлық дерлік бұйымдар, туындылар соның негізінде жасалып, тек атаулары ғана өзгеріп отырған. Мысалы «қошқар мүйіз», «арқар мүйіз», «қос мүйіз», «сынық мүйіз» және т.б.

          Ою-өрнекпен жұмыс жасағанда белгілі бір заңдылықтарды сақтау қажет. Ол симметрия заңдылығы және ритм. Ритм дегеніміз – ол ою-өрнектің бірнеше рет қайталануы.

...

Скачать:   txt (8.6 Kb)   pdf (111.6 Kb)   docx (11.8 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club