Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының маңыздылығы және оны жүзеге асыру

Автор:   •  Апрель 21, 2020  •  Эссе  •  723 Слов (3 Страниц)  •  1,355 Просмотры

Страница 1 из 3

2-нұсқа.

Эссе

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының маңыздылығы және оны жүзеге асыру»

-Иа, 2018 жылдың 23 қарашасы күні «Ұлы даланың жеті қыры» атты, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын кеңінен түсіндіру барысында жазылып кеңінен жарияланған мақала болатын. Мақала, кіріспе бөлімінен бастап-ақ...

-«Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Бұл – жай ғана әдемі афоризм емес.  Бұл – тарихқа деген дұрыс ұстаным. Сол арқылы түп-тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін шешуге мүмкіндік туады.

Қазақстан  тарихы да жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуға тиіс. Оған қажетті дәйектеріміз де жеткілікті.

Біріншіден, қосқан үлестері кейінірек сөз болатын протомемлекеттік бірлестіктердің дені қазіргі Қазақстан аумағында құрылып, қазақ ұлты этногенезінің негізгі элементтерін құрап отыр.

Екіншіден, біз айтқалы отырған зор мәдени жетістіктер шоғыры даламызға сырттан келген жоқ, керісінше, көпшілігі осы кең-байтақ өлкеде пайда болып, содан кейін Батыс пен Шығысқа, Күнгей мен Теріскейге таралды.

Үшіншіден, кейінгі жылдары табылған тарихи жәдігерлер біздің бабаларымыздың өз заманындағы ең озық, ең үздік технологиялық жаңалықтарға тікелей қатысы бар екенін айғақтайды. Бұл жәдігерлер Ұлы даланың жаһандық тарихтағы орнына тың көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.»

... Қазақстан мемлекетінің негізгі жұрты қазақ халқының өткен тарихы баяндалады. Сол тарих арқылы өзіңнің кім екеніңді танып білуге, тың ақпараттар білуге, тарих арқылы қазақ жерінің байлықтары мен белгілі жерлерін таныуға, тіпті әсіресе тарихпен мақтауға да болатындығын Елбасы болып дәлелдеп берді.

Мақаланы қайталаудың маған қажеті жоқ. Бірақ оның маңызы жайлы:

Мақала құрылымы өте сауатты және түсінікті түрде құрылып жасалған. Мақала үлкен екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі: «ҰЛТ ТАРИХЫНДАҒЫ КЕҢІСТІК ПЕН УАҚЫТ»- деп аталады. Бұл бөлімде шынымен де қазақ даласының көптеген таңғажайып сырлары мен қырларының, қазақ халқына қасиетті болып келетін «7» санына сәйкес, жеті қырын халқына кеңінен насихаттаған.

  1. Атқа міну мәдениеті.
  2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия.
  3. Аң стилі.
  4. Алтын адам.
  5. Түркі әлемінің бесігі.
  6. Ұлы Жібек жолы.
  7. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны.

Елбасымыздың атынан жасалған бұл үлкен қадам, тарихқа деген үлкен құрмет болып табылады. Ел басымыздың сөзімен келісемін, өз тарихын білмеген адам, өз тамырының түпкі ұшы қай жерден басталатын білмеген адам, болашаққа сенімділікпен қадам баса алмайтыны анық. Сондықтан да осындай рухани мұраларымызды кеңінен таныстырғанымыз жөн. Бірақ та, сол бір құндылықтарымызды, тарихтан қалған жәдігерлер мен табиғаттан берілген сыйларымызды қазіргі және келер ұрпаққа мақтаныш үшін ғана емес, аманат қылып қастерлі әрі бағалы күйінде табыстай беруіміз керек!  Қазақ халқы үшін бұл жетеуінің бәрі құнды. Оны халыққа кеңінен насихаттғанын да дұрыс деп санаймын. Алайда мен Кәрім Айбол Оралұлы жеке ойым бұл аталған 7 мақтаныш брендтерімізді Ұлы даланың жеті қыры емес, Қазақ халқаның адам жанын жұмақтай етер рухани байлықтарының, ата-бабаларымыздың ұрпақтарына, яғни бізге қалдырған 7 ақша менен малға айырбасталмайтын бағалы қазынасы деп санаймын. Ал, «қыр» деген сөз «сыр»- деген сөзбен парапар. Ұлы даланың біз білетін және білмейтін де қыр-сыры жетерлік. Осынау көкжиегіне қарап өткен ғасырладың тарихын шертетін даламыз бар. Сол даламыздың қыры, яғни құпияларын тарихпен байланыстырар болсақ, нағыз өткен тарихын біліп, болашаққа нық қадаммен қадам басатын ұрпақ тәрбиелейтініміз хақ. Себебі, халқымызға да, осы даламызға байланысты: құпия да, қазба байлық та, құндылық та, кімнің дос, кімнің дұшпан екенін білдіретін ұғымдар да тарихта жатыр. Мен өз басым, «Ұлы даланың жеті қыры» атты осы мақаладын сол нәрсені күттім. Бірақ, мақаланың бірінші бөлімін тек, ата-бабамыздың жасаған ерлік істерінің нәтижелерімен мақтануға арнаған екен... Бұл менің көрген негізгі кемшілігім және таң қалушылығым. Таң қалдыратын тағы бір жәйт мен жарияланып және кеңінен талқыланып жатқан осы мақаланың шыққынына 2,5 жылғы жуық уақыт болса да, мен бүгін ғана толықтай оқып отырмын. Бұның да себебі бар.

...

Скачать:   txt (9.7 Kb)   pdf (145.1 Kb)   docx (11.1 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club