Қазақстанда XX ғасырдың басындағы аграрлық саладағы қайшылықтың шиеленісуі
Автор: eayana • Октябрь 19, 2020 • Курсовая работа • 2,415 Слов (10 Страниц) • 1,358 Просмотры
Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Әлеуметтік пәндер кафедрасы
№1 С Е М Е С Т Р Л І К Ж Ұ М Ы С
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні
Тақырып: Қазақстанда XX ғасырдың басындағы аграрлық саладағы қайшылықтың шиеленісуі.
Мамандығы: 5В073100- Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
Орындаған: Ерғали А. Ж. Тобы: БЖДк-20-1
Тексерген: Раджапов А. У. доц.
(Аты-жөні, атағы, қызметі)
«_ » 2020 ж.
(бағасы)(қолы)
Алматы, 2020
Жоспар:
- Кіріспе.
Аграрлық мәселенің қоныстандыру саясатына байланысы
- Петр Аркадьевич Столыпин кім және аграрлық мәселеге қандай қатысы бар?
- Столыпиннің аграрлық реформасы
3.1. Аграрлық реформасының себептері, әдістері және мақсаты
3.2. Столыпиннің аграрлық саясатының оң және теріс нәтижелері
3.3. Реформаның бірінші кезеңі
3.4. Реформаның негізгі нәтижелері
- Қорытынды.
- Қолданылған әдебиеттер тізімі
«Алдымен тыныштық, содан кейін реформалар»
П.А. Столыпин
- Аграрлық мәселенің қоныстандыру саясатына байланысы
XX ғасырдың басы Ресей империясында әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуімен, Қазақстанда отарлық саясаттың күшеюімен ерекшеленді. Отарлық саясат, әсіресе аграрлық салада пәрменді жүргізілді. Өйткені аграрлық мәселе қоныстандыру саясатына тығыз байланысты еді. Қазақ өлкесі бірнеше қоныстандыру аудандарына бөлінді: Торғай-Орал, Семей, Сырдария, Жетісу. Патша өкіметі «Қоныс аудару қорына» (Переселенческий фонд) құру үшін Қазақ өлкесіндегі «артық» жерлерді анықтайтын қоныстандыру басқармаларын құрды. Қоныстандыру басқармалары әрбір қазақ отбасы 15 десятина жер үлесін алуға құқылы деген ереже енгізіп, ал қалған жердің барлығы Мемлекеттік меншік министрлігі басқаратын қоғамдық жер қорына берілетін болды. Мұндай тәртіптер қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығының күйреуіне әкеп соқтырды. Агроном А. Кауфманның есебі бойынша, мал шаруашылығының қалыпты өмір сүруі үшін, әрбір көшпелі шаруашылыққа, мысалы, Сырдария ауданында 145 десятина жер, ал Жетісуда 110 десятина жер қажет еді.
«Қоныс аудару қорына» қазақтардың жайылым, суат, мал айдау жолдарын, қыстақтарын тартып ала бастады. Сонымен бірге, Қазақ өлкесінде Орынбор, Орал, Сібір, Жетісу казак әскерлері де орналасқан болатын. XX ғасыр-дың басына қарай казактардың саны 1 миллион он бір мың адамға жетті және олар 15,6 миллион гектар ең құнарлы деген жерлерге иелік етті
Ресейдегі аграрлық саладағы езгерістердің жаңа кезеңі «Столыпин реформаларымен» тығыз байланысты болды. 1906 жылы Ресейдің премьер-министрі болып тағайындалған П.Столыпин елде аграрлық реформа жүргізуді қолға алды. Столыпиннің аграрлық реформасының түпкі мәні селоларда аграрлық буржуазияны, яғни орта дәулетті кулактар тобын қалыптастыру арқылы Ресейдегі аграрлық мәселені шешу болатын. Реформа бойынша шаруаларға әзіне тиесілі жер үлесімен қауым құрамынан шығып, жеке хутор құруға рұқсат етілді. П. Столыпин Ресей империясының шеткі аймақтарына, соның ішінде астық өндіру үшін өте қолайлы Қазақ өлкесіне ерекше көңіл бөлді. Қазақ жеріне Ресейден келген шаруаларды қоныстандыру мен кулак шаруашылықтарын құру үшін оларға жеңілдіктер беру жүйесі енгізілді. Әрбір хуторға 45 десятина жарамды және 15 десятина егістік жер берілетін болды. Жер бөлуші мекемелерге жергілікті көшпелі қазақтардың жерін тартып алып, олардың орнына орыс шаруалары мен кулактарды орналастыруға рұқсат берілді.
...