Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Терминология тарихы

Автор:   •  Апрель 3, 2020  •  Реферат  •  25,522 Слов (103 Страниц)  •  397 Просмотры

Страница 1 из 103

                                   А

   Абай - қазақ халқының ұлы ақыны Ибраһим Құнанбаевтың екінші аты. Абай есімінің мағынасы туралы әр түрлі пікір бар. М.Әуезов: “Абай-абайлағыш,байқағыш,ойшыл’’,-десе, Қазақ Совет энциклопедиясында: “Абай- дың шын аты Ибраһим, кейіннен шешесі еркелетіп:“Абай” деп кеткен",- дейді. Біздің пікірімізше, есімнің бастапқы түбірі аба сөзі болса керек. Ол тува, татар тілінде абыкай, алтай, хакас тілдерінде абака, якут тілінде абага түрлерінде айтылып, “аға", “үлкен аға", “ата”, “қария” мағыналарында жұмсалады. Демек, Абай “үлкен аға”, ел ағасы” деген мағына білдірері даусыз.

Бұл есім - “бала ұлы ақын Абайдай болсын”,- деген мақсатпен халық арасыңда жиі қолданылады.

    Аббас, ар. Ислам дінін қабылдаудан бұрынғы арабтардың төл есімі. Мағынасы - қатал, қатыгез, жаугер. Фонетикалық түрлері - Ғаббас, Қаппас, Қапбас.

Абдолла, ар. Абд. - құл, олла - алла, алда, құдай, яғни “Алланың, құдайдың құлы”. Фонетикалық түрлері: Әбділдә,Әбдилда,Әбілда,Әбдолла,Ғабдолла, Ғабділда, Қабдолда, Қабдол, Қабділда.

Абзал, ар. Афзәл - ардақты, аса қадірлі, ең құрметті.

Абиыр, ар. - абұйыр, абырой - ар, намыс.

Абыз, ар. - 1. Күшті, қорғаушы, сақтаушы. 2. Құранды жатқа айтушы, көп білетін, білімпаз, дана. 3.Жаңа мағынасы - ғалым, білімпаз, дана. Фонетикалық варианттары: Хафиз, Қапыз.

Абылай, тарихи есім, ар. - абыл/әбіл - ата, әке. Әбілмәмбет деген есімнің қысқарып, дыбыстық тұрғыдан өзгерген түрі.

Абылғазы, ар. - абыл+ғазы - жауынгер, әскер, яғни жауынгердің, әскердің басшысы, атасы.

Ағабек, қаз. - аға+бек. Жас жағынан немесе лауазым дәрежесі жағынан үлкен, жоғары+бек.

Ағанияз, қаз. аға+ир. нияз – өтініш,тілек,үміт, сый; ир. тарту.

     Ағзам, ар. -зор, ең ұлы.

Ағын, қаз. - қатты қарқын, екпін.

Адай, к.т.бұл есімнің нақтылы шығу төркіні, мағынасы белгісіз.Бірақ көне түркі тілінде: 1) балапан; 2) бала, сәби деген мағыналары бар. Алайда бұл кісі аты о баста қазақ халқының белгілі тайпасы Адай атынан қойылған.

Адам, к.евр. - қызыл, жирен түсті ер адам (балшықтан жасалған кісі, пенде). Оған бай,бек, көздерін қосу арқылы біріккен тұлғалы есімдер жасалады: Адамбек, Адамбай.

Адриан, лат. - Адриден шыққан адам (ежелгі Италиядағы қала).

Адырбай, қаз. - адыр - биік, дөң, қыр + бай.

Ажарбек, қаз. ажар - әдемі шырай, көрік, келісті келбет + бек, яғни аса көрікті, келбетті, өте әдемі.

Азамат, ар. - 1) ұлылық; 2) даңқтылық; 3) саналы адам.

Азанбек, ар. азан мұсылмандарды таң азанда намаз оқуға шақыру + бек. Таң азанда туылған балаға берілген есім.

Азат, ир. - еркін, ерікті. Біріккен тұлғалы есімдер: Азатбек, Азатбай.

Ай, ай сөзі ерте заманнан халық санасында көркемдік пен сұлулықтың, тазалық пен пәктіктің,бақыт пен құстың символы болған.Әсіресе біріккен тұлғалы есімдер құрамында көп қолданыс тапқан. Ер есімдері құрамында «бақыт, сәт” мағынасын берген. Көне түркі тілдеріндегі Айхан, Айбек, Айтуғды, Айтолды, Айтегін тәрізді есімдер осының дәлелі.

Айәділ, қаз. ай+ар. әділ. Ай сияқты таза, ақ, кіршіксіз адал болсын деген тілекпен қойылған есім.

Айбар, қаз. - айбат, айбын. Бұл есім сәбиге айбатты, айбыңды болсын деген мақсатпен қойылады. Сыйлап, құрметтеп айту түрі: Айаға, Айеке.

Айбас, қаз. 1)ай сияқты ашық, жарқын жүзді адам; 2)айдың бас кезінде туған балаға әдетте осындай есім қойылған.

Айбат, қаз. - айбар, қаһар, айбын. Бұл есім сәбиге әрі батыр, айбынды болсын деген мақсатпен қойылады.

Айбек, қаз. - ай+бек, айдай берік, мықты әрі ғұмырлы болсын деген тілекпен қойылған есім.

Айберді, ай+берді, яғни аспаннан құдай берді.

Айбол, ай+бол - айдай айқын, ашық, жарық бол, айым бол, бақытым бол деген мағыналы есім.

    Айболат, ай+болат// болады; яғни менің айым, бақытым болады.

    Айбын, қаз. 1)айбар,айбат,батыл; 2)ұлылық, батырлық, ерлік.

    Айғали, қаз. ай - ар. +ғали - биік, жоғары. Бала ай сияқты биікте, жоғарыда болсын, яғни әрдайым жоғары мұратқа ие болсын деген тілекпен қойылған болса керек.

Айдан, қаз. ай+дан-қосымша.Бұл есім бала айдан да жарық, көркем болсын деген тілекпен қойылған.

...

Скачать:   txt (287 Kb)   pdf (662.1 Kb)   docx (162.5 Kb)  
Продолжить читать еще 102 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club