Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

XVII ғасырда Осман мемлекетiнiн саяси жағдайы

Автор:   •  Октябрь 16, 2018  •  Лекция  •  29,215 Слов (117 Страниц)  •  1,274 Просмотры

Страница 1 из 117

А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ

ТАРИХ КАФЕДРАСЫ

ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ

ПӘН:   АТАТҮРІК ПРИНЦПТЕРІ

ТҮРКІСТАН-2017

Лекция №1  XVII ҒАСЫРДА ОСМАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ САЯСИ ЖАҒДАЙЫ. СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР

        Осман мелекеті XVII ғасырда аса үлкен территорияда үстемдік құрды. әлемдегі ең мықты мемлекеттердің бірі болып қала берді. Бірақ мемлекет ішінде кейбір ыдырау белгілері байқала бастады. Сол себепті бұл ғасырды кейбір зерттеушілер тоқырау кезеңі деп те атайды. Тоқырау кезеңі 1683 жылға дейін созылады.

        Тоқыраудың сыртқы себептері: Еуропа мемлекеттерінің жаңа сауда жолдарын ашуы және жаңа жерлерді жаулап отаршылдықпен байи түсуі Осман мемлекетін әлсіретті. Жерорта теңізі экономикалық орталық болудан қала бастады. Осман мемлекетінің экономикасы күйзеліске ұшырады. Бұрынғы керуен жолдары Осман мемлекетінің территориясынан өтіп, орасан зор табыс әкелетін. Бұл жолдар ендігі жерде өз күшін жойды. Отар елдерінен арзан шикізатпен өздерін қамтамасыз еткен Еуропа елдері Осман мемлекетінен тауар алудың орнына тауар сата бастады. Отаршылықпен айналыспайтын Осман мемлекеті бәсеке күшін жоғалтты. Осман қолөнері кері кете бастады. Капитал бірікпеген соң, өнеркәсіп дамымады. Ел кедейлене бастады.

        Ішкі себептер: Осман мемлекетін алғашқы кезеңдерде бірінен соң бірі келген ірі мемлекет қайраткерлері басқарды. Уақыт өте келе шахзадалар жергілікті басқару орындарына бармайтын болды. Бұл жағдай олардың өсіп жетілуіне кедергі болды. Сарайда әйелдердің мемлекеттік істерде жетекші рөл ойнауы оң нәтиже бере қоймады. Мемлекет жаңадан құрылған кезеңдерде мақсат тұтқан идеялардың ұмыт бола бастауы мен байлықтың берген мастығы қатерлі нәтиже берді. Әлемде болып жатқан өзгерістерден мемлекеттің шет қалуы мен білім берудің күрт төмендеуі келешекке болымсыз алғы шарттар әзірледі. Экономикалық әл-ауқаты нашарлаған топтар шығарған қарсылықтар мен көтерілістер мемлекетті құлдыратты. Ұзаққа созылған соғыстар мемлекеттің қаржылай қуатын сарқытты. Әскер мен флот бұрынғы қуатынан айырылды.

XVII ҒАСЫРДА ОСМАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ САЯСИ ЖАҒДАЙЫ

ОСМАН-ИРАН БАЙЛАНЫСТАРЫ

        Шығыс Анадолы, Кавказ және Ирак территориясында үстемдік құру үшін Иранмен жүргізілген соғыстар нәтижесінде Батыс Иран мен Кавказ (Грузия, Әзірбайжан мен Дағыстан) Осман мемлекетіне қаратылды. Батыс мемлекеттерімен келіскен Иран осы жерлердің бірқатарын кейінгі соғыстарда қайтарып алды.

        IV Мұрат Бағдат жорығына шығып, кейбір жерлерді қайтадан Османдарға қаратты. 1639 жылы Иранмен «Каср-ы Ширин» (Зухаб) бітімі жасалды. Қазіргі түрік-иран шекарасына жақын шекара сызылып, бітімге қол қойылды. Бағдат Осман мемлекетіне қосылды.

ОСМАН-ЛЕХИЯ (ПРУССИЯ) БАЙЛАНЫСТАРЫ

        Лехия (Пруссия) XVII ғасырда күшейіп, Осман мемлекетінің ішкі мәселелеріне қол сұға бастады. 1621 жылы ІІ Осман, 1671 жылы IV Мехмет Лехияға жорыққа аттанды. 1676 жылы соғыс тоқтады. Осман мемлекеті Украинаның бір бөлігін басып алып, Ресеймен көршілес болды. Подолье аймағы да Османдардың қол астына өтті. Осман мемлекеті Еуропада кең байтақ территорияға иелік етті. Лехия ІІ Вена қоршауында Австриялықтарға көмектескен соң, Осман мен Лехия арасында  қайтадан соғыс басталды.

ОСМАН-АВСТРИЯ БАЙЛАНЫСТАРЫ

        1593 жылы Эрдей мәселесіне байланысты Осман имериясы мен Авсртия арасында соғыс басталды. ІІІ Мехмет жағдай нашарлай түскен соң, жорыққа шықты да, 1596 жылы Австрия әскерін Хачова алаңындағы шайқаста тас-талқан етіп жеңді. Кейінірек Австриялықтар қайтадан соғыс ашты. Канижа қамалын қорғаған Тиряки Хасан Паша бес мың әскерімен Австриялықтардың елу мың әскерлік қолын тойтарып тастады. Австрия королі қашып кетті. 1606 жылы жасалған Житвоторок бітімі бойынша Османдардың алған жерлері бұрынғы иелеріне қайтарылып берілді. Бірақ бұрын басуәзір лауазымындағы Австрия императоры енді Осман императорымен теңесті. Бұл жағдай Осман мемлекетінің Австриядағы ықпалының әлсірегенін білдірді.  

...

Скачать:   txt (411.9 Kb)   pdf (732.9 Kb)   docx (136.3 Kb)  
Продолжить читать еще 116 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club